Мені көрген блогкэмп. ИМХО

Бұл жазбаны ешқандай конкурсқа ұсынбаймын. Блогкэмптегі әсерім ғой. Алда-жалда жүлдеге лайықты деп жатсаңдар, үшінші орынды бере салыңдар
Кіріс*
Басында Шымкентке бармаймын деп ойлаған едім. Ауылға барып наурыз өткізу, көмектесу тәрізді жұмыстар блогкэмпке баратын жолымды жапқандай көрінген. Наурыз мерекесі күні таңертең қым-қуыт басталды да, ештеңе ойлауға мұрша болмады. Бір қарасам ұялы телефоныма хабарлама келіп түсіпті. «Наурыз құтты болсын!» Кобус Блок. Әлі ешкімге хабарласпағаным, оның үстіне алғаш болып шетелдік мені құттықтағанына ұялып кеттім. Бірден телефонға жармасып, «А» әріпінен басталатын контактілерге қоңырау шала бастадым. Аты «А»-дан басталатын блогшылар көп екен менде. Олардың дауыстарынан-ақ блогкэмптің аурасы, құрылтайдың қызықты өтетіні бірден сезілді. Соған дейін «барайын ба, бармаймын ба?» деген сұрақ ойландырып келсе, блогшылармен сөйлескеннен кейін нақты шешімге келдім. Барамын! Аман-есен наурызды өткізгесін, 23 күні таңертең «Шымкент қайдасың» деп тартып кеттім.
Әупірімдеп жүріп құрылтай өтетін жерге үш жарымда әрең жеттім. (Шымкентке кіре берісте тұйыққа(пробка) тірелгеніміз бар. Бір дөкей той жасап жатыр екен, сол үшін жолды жауып тастапты. Әрең өттік. «Қап, Шымкенті-ай!» деп ойланғанмын. Алайда, таныстарды көргесін негатив ойдың бәрінен ада болдым). Университет ғимаратына жете бере Мадленді көрдім (Салют, Садық). Одан әрі «Я просто приехал, и тут понеслось»** болды. Келгесін жарытып стартап тыңдағаным шамалы. Жүзі таныс блогшыларды көріп марқайып, біразына(мысалы, Қисық) бітіріп алдым. Екінші күн мен ойлаған деңгейден жоғары болды. Жалпы тауға шығу жақсы идея екен. Кіріспе сөзді ұзартпай, блогкэмптің ұнаған және ұнамаған жақтарын жазайын.

Ұнады

– Күннің жылы болуы. Астанада күн суық. Күннің көзін аңсап жүр едім. Шымкент ондай бақытты бұйыртты.
– «Біреудің» болуы. Ноу коммент!
– Шымкент. Бұрын қалада бірнеше рет болғаным бар. Бұл жолы байқағаным қала әжептеуір көркейіпті. Әсіресе, «Темірлан» көшесі бойындағы коттедждер көздің жауын алады. Лагерьден қайтарда да бұл анық байқалды. Шамдары самаладай жарқырап, көздің жауын алады екен.
– Тау. Табиғат деген керемет қой. Тауда өткен бір күн – бір аптаға татиды.
– Екі күндік құрылтай. Блогкэмптің бірінші күні ресми, екінші күні бейресми болғаны көңілден шықты. Бұдан кейін де осы үрдісті жалғастыру керек. Тек ресми күнді «сатр»(camp) форматында өткізу керек тәрізді. Яғни, әр аудиторияға бөлініп, мастер-класстарға қатыссақ деген ой.
– Әдемі қыздар. Бұған да ноу коммент!

– Ақжүрек. Лагерьде спортшылардың блогшылармен танысқаны ұнады. Жалпы болашақта спортшыларымыз блогосфераға келсе, жақсы бастама болары анық. Тақырыптық блогтардың көбеюі мен колумнистікке бет бұру – қазақ блогосферасының өзекті мәселесі деп ойлаймын.
– Алан По. Биылғы блогкэмптің жақсы өтуіне Даниярдың сіңірген еңбегі ерекше.
– Wi-Fi-дың жоқ болғаны. Лагерьде уай-фай болғанда біраз адам әлеуметтік желіге үңілер ме еді, кім білсін?! Көбіміз онлайн өмірмен тығыз байланыстамыз ғой. Осындай шарада екі күн болса, виртуал өмірден алшақтағанымызға қуандым. (Жалпы мен үшін соңғы бір ай виртуалсыз өмір болды)

Ұнамады

– Ербол Серікбай. Өзі біледі.
– Қызылордалық кісі. Сәл болмағанда камерасын таудан лақтырып жіберетін едім. Әдеп сақтауға тура келді.
– Блогкэмптің тез бітіп қалғаны.
– Стартаптар. Толық тыңдай алмасам да, көбісі көңілден шықпады. Жаңа жоба ұсынған жақсы ғой, бірақ оның келешек тағдыры қалай болмақ? Меніңше, ұсынылған стартаптың көбінің болашағы бұлыңғыр. (Ал ТАмбылдату тәрізді жобаларға шапкімді шешіп, бас иемін).
– Волейбол добы. Екінші күн қызықты болғаны сөзсіз. Бірақ, нақты жоспар жасалмапты. Мәселен, футбол ойнап жатқанда басқа жақта волейболды ұйымдастырып жіберсе. Әр ойынға жауапты бір адамның болғаны дұрыс еді. Мысалы, таудан келгенде волейбол добын таба алмай қалдық. Бұл жерде мен ұйымдастырушыларды айыптағым келіп отырған жоқ. Керісінше, келесі блогкэмпте осыны ескерсек деген ой. Бар жауапкершілікті Даниярдың мойнына жүктеп қойғанымыз дұрыс болмады.

Қорытынды. Маған бұл блогкэмп өте қатты ұнады. Ешкімге өкпем жоқ. Аватары таныс нұрлы жүздерді тағы бір мәрте көру бақытына ие болғаныма қуаныштымын!

*Қазақшада «кіріспе» деп атайды. Енді оқиын десең, кіріспе деп тұрады. Дұрысы, бірден «кіріс» деп, оқуға үндеп тұрған жөн шығар.
** интернет мем
Бөлісу:

18 пікір

konvict
П.С. Тауда өткен блогкэмптің неге бір аптадай болғанын ойланып көрдім. Күнделікті өмір бірқалыпты өтеді ғой. Ал тауда бірнеше күнде орындайтын іс-әрекетті орындадық, күнделікті күйбең тіршіліктен өзге болды. Сірә, Шымкентте өткен екі күннің аптаға бергісіз болғаны осының әсері секілді!..
AKY
волейбол ойнағың келсе, добыңды ала баруың керек ед, о несі-әй, түге.
konvict
ішіңіз күйсе, тұз жалаңыз. Келмей қалған өзіңізден көріңіз
AKY
қой, күймейд ішім, дым қызық емес өтіпті ғой
Marco
ық-ық))) Қайран докторым ай) Иттің госэкзамені болмағанда, басқаша сөйлер ме едің)))
nurziya
эхх, қызыққа толы құрылтай
asaubota
кеше айтқанымдай келмесең өкінер едің. сенің келгеніңді қаладым (жақсы көретін інімсің), 22-сі күні құттықтағаныңда да айттым. келмей қалғаныңда ана бірінші құрылтайдан кейінгідей тағы жылар едің

айтпақшы жиі ғашық боласың ау деймін  тұрақтан.
konvict
 рахмет, сіздер қызықтырмағанда бармай қалар едім. Барғаным дұрыс болды. Өкінетінім сөзсіз еді)

Тұрақты болатын жаста емеспіз ғой
sigma
Алда-жалда жүлдеге лайықты деп жатсаңдар, үшінші орынды бере салыңдар
Көп керек емес деп түсініп, бірінші орын бере салса болады ма?
konvict
Алға түспейін дегенім ғой
Sashok
Қызылордалық кісі.
Gastarbaiter ?
ruben
шағыстыру ғой — мынау. + Конви Гастанынын кім екенін таниды. қаласа, тікелей жаза сала алар еді, негізі.
Adiletshu
Гастарбайтердің камерасын тартып алып, таудан лақтырып жіберу
konvict
Одан да таудан өзің секіріп кеткен дұрыс қой
Gastarbaiter
Мені бір санадан жұрдай қит етсе білегіне сүйенетін түсініксіз құбыжық ретінде стереотип жасауға талпыныстарыңа сырт көзге қатты байқалады. Айтпақшы, мен камера алып барғаныммен бір-екі сурет ғана түсірдім, әйелім Альмира мен қыздарымды. Әкіреңдегенім емес, жай ситуацияға жарық құяйын дегем.
ПС. Анау русалканың қасында да бір сурет бар айтпақшы
Соңғы түзету:
konvict
Стереотип жасауға талпынбаймыз. Қалыптасып қойған ондай пікір, уже
Gastarbaiter
Онда бір кездескенде пікіріңді ақтармын, сцука))) Айтпады деме