Құрылтай - 2013: Таң қылған Шымкент

Сөйтіп…
Қазақы нетті бір сілкіндірген, дүр сілкіндірген блогкемп өтті…
Құрылтай жылнамасына, қазақы нет тарихына «Шымкент құрылтайы» деген атпен енген құрылтай таңырқау, таңғалу мен сүйсіну сәттеріне толы болды…
… Менде құрылтайдың қызық суреттері жоқ. Фотоаппаратым болмаған соң, планшетпен түсіріп, одан сапасы үшін кешірім сұрап немесе СААТ тың қарғысын тыңдап отырғым келмеді. (Жігер Сапаров түсірген жиырма шақты фото бар, ол жаппай көрсетілімге арналмаған)))
Мәтіннен мән ұғып көріңіздер:
Таңырқау 1. Ауа-райы: Шымқалаға джинсы курткамен түскенде тоңазыған едік… Түске тармаса күн ысып, ұзын жең жейденің өзін ауырсындық. Астанадан кеткенде қар жатыр еді… Бүгін тағы қар жауып тұр(
Таңырқау 2. Құрылтайға билік тарапынан мықты көңіл бөлінгені. Бұл енді астып сызып тұрып айтардай әңгіме. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов галстуксыз кеп блоггерлермен емен-жарқын сұхбат құрды. Ал, облыс әкімінің баспасөз хатшысы Берік Уәли блоггерлермен бірге доп қуалады, барлық шараға белсене араласты. Кез-келген жерден осындай көзқарас таба аламыз деп ойламаймын. Шауып шыққанда пресс орталықтың бір-екі қызметкері еріп жүрер, ал әкімнің өзі кеп кофе брейктен дәм татып, әзілдесіп жүруі сүйсінерлік жәйт.
Таңырқау 3. Тау. Жалпы, Шымкент құрылтайы біраз пікірлерімді қайта қарауға мәжбүр етті. Біраз нәрселер биіктеп, сәйкесінше, аласарды… Тау деп біздің елде де тауларды айтатын еді… Шымкентте мен тағы бір тауды көрдім) Басын бұл ораған, заңғар… Қар жатыр екен оооуу басында… Ммм дедім…
Таңырқау 4. Данияр Алан. Бұл жігіт те біраз биіктеді. Мен Донды бұрын да бағалаушы едім, кешегі құрылтай тіпті аспандатып жіберді. Ұйымдастыру жұмысының итшілеген тірлік екенін жақсы білем. Дон, респект саған!
Таңырқау 5. Сұлулық. Ол да биіктеді…
Ойлансам тағы да қосар ем… Тек, қазіргі ыстық күйде баян етерге осылар ғана ойға келді. Жалғай түсіңіздер, құрылтай көрген кісілер!
Бөлісу:

17 пікір

aza
тағы не қосар едіңдер?
Nurgisa
Әдемі байқау.
Біркөліктен бөлек Машат деген шатқал бар, ол да сүйсінтпей қоймайтын жайлы жер. Тоят табасың. Негізі, бұдан кейіндері, реті келердей боп жатса, осылай барған өңірлердің табиғатын тамашалауды үрдіске айналдырсақ игі-ді…
asaubota
өзің жариялаған Байқау туралы да бөлек пост жаза кецең.
aza
Лібәә, оны мұт кетіппін ғо, на… Қазір…
Abil-Mansur_KAZAK
Мұрат ага мен Берік ага 7 қатардың ортасында тур, асіресе Кызылорданын қыздары ау дим бетті жауып турган…
AKA
Білмей сөйлеген жөн емес болар, сірә?!
RaiAkimbaeva
Тьфу, фейсбукпен кіріп едім, дауыс бере алмайд екем ғой.
Абырой болғанда қаладан қонақтар кеткеннен соң жаңбыр жауды))) Жалпы мұндай уақытта ыстық болып жатушы еді, қайта күн райы салқын биыл.
aza
Тьфу, фейсбукпен кіріп едім, дауыс бере алмайд екем ғой.
Бұл әдминге!
nurziya
Расында таңырқадық, тамсандық!
Aidakonya
Данияр Алан — АЗАМАТ, доп куалагандарыныз жарапты, но Сіздердін «казак ушін өл» болмай, мына жакта 3-0 боп калды((((((((((
Tyulpan
қазақтаааааар. қандай сәәәән. барлығыңыз тарихта қаласыздар — оған күмәнім жоқ. сіздермен мақтанамын!
AKA
Данияр бырат таңертең ертесімен тұрып алыпты, бәрі юхтаватқанда. Шаршаңқы көрінді, сонда да сабырлы ғой, сәлемдесіп, жағдай сұрасып жүрді. Ризамын!
Altin
Осы Данияр Алан деген кім? жұрттың бәрі айтад… бойдақ па?
Anar70
Алтын мен білем Даниярды))))))))))))))) сырттай, бірақ тошно бойдақ емес.
Altin
оооййй… бізде жақсы жігіттер либо гей, либо бойдақ емес (((