ОҚУ ХАҚЫНДА

Адам баласы мұқым өмірін оқумен, үйренумен өткізеді. Әр адам өзіне шама-шарқынша білім береді, тәрбиелейді. Өзін-өзі тану — тәрбиеге апарар тура жол. Өзіңді тәрбиелемесең, өзгенің берген тәрбиесінің сіңуі екіталай. Кешегі күндері бабабаларымыз мектепті өздерінен іздеген, ғылым-білімге құмартқан. Бүгін біз білетін ғұламалар «жаһанның соңғы сыйлықтарын» былай қоялық, қарапайым игіліктерге жүгіне алмады. Қазіргі білім беру үрдсіне қарай отырып, мұның барлығы керек пе деген ойда қаламын кейде. Оқу керек, ал оқыту көңіл көншіте қоймайды. Мектеп оқушыларының бүгінгінің күнінде он бір жылдық білімге үйреніп қалған кейпі бар. Ал қазір он екі жылдық білім сынақтан өткізілуде, алдағы уақытта ол оқу үрдісіне енуі керке деген талап бар елімізде. Одан қалды, былтырғы жылы бірінші сыныптан бастап міндетті ағылшын тілі пәні жаңашылдық болды. Біреу келісер, біреу келіспес, осы он бір жылдық оқуды керісінше кеңес заманындағыдай сегіз, он жылдық оқуға қысқартып тастаса қалай болар еді? Білім берудің қазіргі жолы қайтсе де тиімдірек болар ма еді? Бүгінде ақпараттық технологияның дамуы кезінде мұғалімдер компьютер көмегімен сабақ берудің жаңа амал-тәсілдерін қолданып, оны тереңіркек меңгере түссе, сабақты "қызықтының" қатарына қосатындар көбейер ме еді. Мектеп түлектерін тексерудің бүгінгі сынағы — Ұлттық Бірыңғай Тестілеу, қарапайым сөзбен ҰБТ-ға "ұлт болашағын тежеу" деген анықтама береді көпшілік халық. Онысы құп па деймін. Мектеп бітіруші оқушылар болашақ мамандықтарын тестілеу қорытындысымен таңдайтын болды, керек болса. Тегін оқу қайда болса, оқушы да сонда. Бұнысы түсінікті де. Бірақ, әу баста қаламаған мамандығыңды сүйіп кету көптің қолынан келмес, өгей мамандығыңды жетелеп, тәуекелге бел буасың. Инемен құдық қазғандй қиын да қызық оқудың басты құралы кітап екені тағы мәлім. Бізде оқулық өз уақытымен мерзімді түрде қайта басылып шығып тұрады, иә, ал ондағы тың мағлұмат, өзгерісті көзімізі шала бермейді. ИНТЕЛЛЕКТ, ИДЕЯ, ИННОВАЦИЯ — бүгінгі білімінің іргетасы осындай шикізаттармен қаланса жөн, қаланатынына да сенеміз.
Бөлісу:

1 пікір

bake
әу баста қаламаған мамандығыңды сүйіп кету көптің қолынан келмес
+1