Сымсыз модем MiFi Altel 4G. Wi-Fi барлық жерде!

Сәлем оқырмандар! Жақында Altel 4G компаниясының USB модемінің жылдамдығын тексерген болатынмын, ол тақырыпты мына жерден оқысаңыз болады: USB модем жылдамдығы. Жылдамдық ол жолы мен болған жерлердің барлығында жақсы көрсеткішке ие болды. Енді MiFi модем жылдамдығы қалай екен? Міне, осы сұраққа бүгінгі мақалада жауап ала аласыз. Ал модемнің өзі қандай екені жайлы мына және мына мақалаларда жазған болатын.



Төменде, жылдамдықты салыстыру үшін 11 жерде тексеріп шықтық. Ал маршрут мынадай:


Маршрут:

1. Достық және Оспанов көшелерінің қиылысы

2. Абай және Достық көшелерінің қиылысы

3. Қазыбек Би және Ш.Уәлиханов көшелерінің қиылысы

4. ЦУМ, Арбат

5. Алматы — 2 Қазақстан Темір Жолы вокзалы

6. Төлеби және Байтұрсынов көшелеірнің қиылысы

7. «Сайран» Авто Вокзалы, «City +» Сауда Орталығы

8. Жандосов және Алтынсарин көшелерінің қиылысы

9. «ХАТУ» (IITU). Жандосов және Манас көшелерінің қиылысы

10. ҚазҰТУ, Тимирязев көшесі мен Хамит Ерғали жағалауының қиылысы

11. Байжанов және Омаров көшелерінің қиылысы

Өлшемдер (Критерий):

1. Speetdets.net сервисі арқылы тексерілген жылдамдықтын суреті

2. Ішкі ресурстардағы жылдамдық (files.neolabs.kz)

3. Сыртқы ресурстағы жылдамдық (rghost.ru)

4. Жүктеу жылдамдығы (upload)

5. Torrent жылдамдығы

6. Планшеттегі интернет жылдамдығының көрсеткіші

7. Файл салмағы: 70 Мбайт (интернетте тегін таралады)

8. Тест сағат 11:00 мен 14:00 аралағында жасалынды

9. Жылдамдық екі қондырғымен тексерілді. Біріншісі Windows 7 ОЖ орнатылған ноутбук, екіншісі Android 4.0 ОЖ негізіндегі планшет.

// files.neolabs.kz және rghost.ru файл алмастыру сервистерін таңдаған себебім, екеуі де, менің білуімше, шексіз жылдамдық бере алады.

// торрент жылдамдығы бізге нақты жылдамдықты көрсететін болғандықтан, бұл өлшемді де тізімге қосып қойдық.

Әдеттегідей, маршрутымызды бастайық.

1. Достық және Оспанов көшелерінің қиылысы

Speedtest.net сервисінің көрсеткіші:

by @toiguliyev for smartshow

Speedtest.net сервисінің Планшеттегі көрсеткіші:





2. Абай және Достық көшелерінің қиылысы

Speedtest.net сервисінің көрсеткіші:



Speedtest.net сервисінің Планшеттегі көрсеткіші:





3. Қазыбек Би және Ш.Уәлиханов көшелерінің қиылысы

Speedtest.net сервисінің көрсеткіші:



Speedtest.net сервисінің Планшеттегі көрсеткіші:





4. ЦУМ, Арбат

Speedtest.net сервисінің көрсеткіші:



Speedtest.net сервисінің Планшеттегі көрсеткіші:





5. Алматы - 2 Қазақстан Темір Жолы вокзалы

Speedtest.net сервисінің көрсеткіші:



Speedtest.net сервисінің Планшеттегі көрсеткіші:





6. Төлеби және Байтұрсынов көшелеірнің қиылысы

Speedtest.net сервисінің көрсеткіші:



Speedtest.net сервисінің Планшеттегі көрсеткіші:





7. «Сайран» Авто Вокзалы, «City +» Сауда Орталығы

Speedtest.net сервисінің көрсеткіші:



Speedtest.net сервисінің Планшеттегі көрсеткіші:





8.Жандосов және Алтынсарин көшелерінің қиылысы

Speedtest.net сервисінің көрсеткіші:



Speedtest.net сервисінің Планшеттегі көрсеткіші:





9.«ХАТУ» (IITU)Жандосов және  Манас көшелерінің қиылысы

Speedtest.net сервисінің көрсеткіші:



Speedtest.net сервисінің Планшеттегі көрсеткіші:





10. ҚазҰУ, Тимирязев көшесі мен Хамит Ерғали жағалауының қиылысы

Speedtest.net сервисінің көрсеткіші:



Speedtest.net сервисінің Планшеттегі көрсеткіші:





11. Байжанов және Омаров көшелерінің қиылысы

Speedtest.net сервисінің көрсеткіші:



Speedtest.net сервисінің Планшеттегі көрсеткіші:





Торрент жылдамдығы, картада:



Жылдамдық әр жерде әр қалай. Оның себептері өте көп. Мысалы, үлкен үйлер, сервердегі жүктеме және тағы да басқа. Файл алмасу серверлері де нақты көрсеткіш бере алмайды. Сол себепті бұл көрсеткіштерге қарап қай жерде жылдамдық жақсы, ал қай жерде жаман екенін айту өте қиын. Бірақ барлығымызға мәлім Torrent жылдамдығы барлық жерде жақсы көрсеткішке ие болды.

Жылдамдық әр жерде әр қалай. Оның себептері өте көп. Мысалы, үлкен үйлер, сервердегі жүктеме және тағы да басқа. Файл алмасу серверлері де нақты көрсеткіш бере алмайды. Сол себепті бұл көрсеткіштерге қарап қай жерде жылдамдық жақсы, ал қай жерде жаман екенін айту өте қиын. Бірақ барлығымызға мәлім Torrent жылдамдығы барлық жерде жақсы көрсеткішке ие болды.

Өзімнің жеке пікірімді айтатын болсам, модем өте жақсы. Барлық талапқа жауап береді деп ойлаймын (менің талаптарыма). Ал видео немесе аудиоларды онлайн ойнату жағынан ойланбасаңыз болады. Бір сәт те тоқтамай ойната береді екен. Егер сіз қалада әрі-бері көп жүретін болсаңыз және сізде смартфон, планшет немесе ноутбук болса, міндетті түрде алыңыз. Қалтаңызға салып қойып, қиналмай жоғарғы жылдамдықты интернетке Wi-Fi арқылы қосылып жүре бересіз.

Ал бұл модемнің басты артықшылықтарының бірі, 10 қондырғыны бір уақытта қамтамасыз етуі. Кішігірім офиста немесе пәтерде бұл таптырмайтын артықшылық.

Қорытынды

Жылдамдық әр қондырғыда, әр уақытта, әр жерде әртүрлі. Себептері жайлы жоғарыда айтып кеттім. Салыстырмалы түрде, планшет немесе смартфондарда, ноутбукқа қарағанда, жылдамдық көрсеткіші төмен. Бұл жағдайда, менің ойымша, қондырғының өзінің Wi-Fi жылдамдығына байланысты секілді. Алайда, басқа операторлармен салыстырғанда, әлдеқайда жоғары.

Ең басты кемшіліктерінің бірі — қамту аймағы. Мен секілді қаланың сыртында тұратын қолданушыларға бұл жаңалық әлі қол жетімсіз жерде тұр. Өкінішке орай тек қаланың көлемінде ғана жұмыс жасайды. Ал қаланың сыртында сымды интернеті қосылмаған үйлерге керемет мүмкіндік болар еді. Күтеміз, сенеміз, үміттенеміз…

Үкім

— Алу керек пе?

— Егер қала тұрғыны болсаңыз, алыңыз!

© Alisher Toiguliyev SmartShow үшін,

SmartShow редакциясы ұсынылған девайс үшін «АЛТЕЛ» АҚ-на алғысын білдіреді.

P.S. MiFi және USB Модем жайлы басқа да мақалалар:

Распаковка беспроводного модема MiFi Altel 4G стандарта LTE

Распаковка и установка нового модема Altel 4G

Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

Быть или не быть «Алтел» четвертым GSM оператором Казахстана

В АО «Алтел» рассказали о планах развертывания новой мобильной сети 4G

LTE или 3G — какой вид мобильного интернета выбрать?
Бөлісу:

3 пікір

bake
1) Өзімнің жеке пікірімді айтатын болсам, модем өте жақсы. Барлық талапқа жауап береді деп ойлаймын (менің талаптарыма)…
Ал бұл модемнің басты артықшылықтарының бірі, 10 қондырғыны бір уақытта қамтамасыз етуі. Кішігірім офиста немесе пәтерде бұл таптырмайтын артықшылық…
2) Өзімнің жеке пікірімді айтатын болсам, модем өте жақсы. Барлық талапқа жауап береді деп ойлаймын (менің талаптарыма)...
бір абзацтан кейін оның алдында жазған абзацты қайталап жазыпсың)))
Alisher
Соңғы абзац қате болып кетіпті) ХТМЛ мен копи пасте жасап жатқан кезде байқамай қалғам ғой)
omarbirat
Жақсы талдау . Біздегі мобильді Интернет қызметін ұсынушылардың басты қателіктерінің бірі — қамту аймағын қаланың орталығынан бастаулары, менің ойымша. Қашан да солай болып келген, сол әдеттерінен әлі арыла алмай отыр. Мұндай сымсыз интернетке зәру болып жүргендер қаланың жатын аудандары (спальный райондар) мен маңайдағы ауылдарда тұратынын ескеруді білмейтін снобтар ма деп қалам, елки

Бір рет офисте отырсам, Дукаттың 4G модемін жарнамалап келіпті. Офисімде Интернет бар, сондықтан орталықта маған қажеті шамалы. Ақсай жақта сигнал ұстай ма десем, ол жаққа әлі жеткен жоқпыз дейді. Керек емес екенін айтып, қайтарып жібердім.