Сүрінгенге қол созу ұят па немесе көшеде құлап жатқанның бәрі маскүнем бе?

Your text to link...

Бүгін мына жазбаны оқып, 2 жыл бұрынғы өз басымнан өткен жағдай еске түсті. Оқып көріңіздер. Бәрімізге келетін жағдай сынды.

Көше бойымен келе жатып, жолдың арғы бетінде ұзыннан сұлап жатқан жігітке көзім түсті. Басыма ең бірінші келгені – «мас шығар» деген сұқсыр ой болды. Кейін ұялдым.

Байыбына кеш барғаныма қысылдым да, өкіндім. Бәлкім оның жүрегі қысылып, не болмаса басқа бір жері ауырып қалған болса ше?.. Осы ой жанымды жегі құрттай жеп тоқтамай қойды. Тек мен ғана солай деген пікірде болсам бұлай қынжылмас едім-ау. Біраз ұзап артыма бұрылғанда жер жастанып жатқан жігітті орнынан тұрғызған бір адам көзге түспеді.

Иа, оның сырт келбеті ішімдікке салынған адамға ұқсайтыны анық. Міне, осы құртады бізді. Бар адамды тек киімі мен әлеуметтік жағдайымен бағамдайтынымыз заңдылыққа айналғандай. Ол кісінің жан дүниесінде не бар, ол бізді қызықтыра бермейді. Жол жиегінде сұлап жатқан апталдай азамат біреудің ардақты әкесі, енді біреудің жан жары, өзгенің сүйікті баласы екендігі де сөзсіз. Ал соны неге естен шығарамыз? Тіпті маскүнемнің өзіне көмек қолын созсақ, ол да жан иесі ғой. Бәз біреулердің төрдегі диванында шалқайып жатқан мысық құрлы болмағаны да біз үшін. Бұл – безбүйректік пе, әлде астамшылдық па? Не болса да қателік жасап, осы тізімге ілінгендердің бірі екенім рас. Егер өзім үйдегі киіміммен солай ауырып көшеде құлап қалсам деген суық ой мұздатты жанымды. Мұздатпағанда ше, мені де қаңғыбас деп ешкім мойын бұрмауы ғажап емес қой.
Бөлісу:

16 пікір

ruben
Бірінші курс кезінде сердечная недостаточності бар бір сыныптасым аялдамада инфарктіден жүріп кеткен-ді. Аурухананың аялдамасы болса да, бір тірі жан маңайына жоламаған. Тек он минут өткесін бір дәрігер шал кездейсоқ көріп қалған. Барса, уже кеш болған. Куәгерлер шегіп алған біреу деп ойлап, қарап тұра беріпті. Жалғыз жүргізбеуге тырысушы едік, негізі, достарым әлі күнге дейін кінәлі сезінеміз. Операция жасатуына екі аптадай қалған еді. Үйінің жалғызы ет. Әлі күне шейін анасын көрсем, мазам қашады кәдімгідей.
nurjanbay
мас болып ұйықтап жатқандарды көрсем алыстан айналып өтем. басыма бәле бола ма деп қорқам, сосын иісінен жиіркенем. басыма көмектесу туралы ой ешқашан келген емес. үсті таза, жақсы киінген, бірақ жерде құлап жатқан адам кездестірмеппін. тек бір жағдай есімде. Алматыда оқып жүрген кезім, проспект Мираның жоғарғы жағы. жолдың ортасында шашы сары түсті бір қыз жатты. үстінде ақшыл көк футболка, джинси шалбары бар. бас жағынан асфальтқа қан жайылып жатыр екен. бір джип тоқтап, шопыры ұялы телефонмен звандап жатты. қағып кеткен машина көрінбейді. қашып кеткен болу керек. бірақ бұл басқаша жағдай.
torgai
Менің досымның үлкен тәтесі Алматыға барғанда күннің ыстығынан басы айналып, жүрегі қысылып отырып қалыпты көше бойында. Аузы икемге келмей өткендерге қолын созса, бір әйел «меньше надо пить» деп өте шығыпты. Өзі адуынды кісі болатын. Сол жағдайдан кейін қатты өзгерді. Қазір өте жұмсақ кісі болмаса да, адам баласына мейіріммен қарайды. Басқа түссе ғана түсінеміз ғой.
Hetrou
Қол созу — бiр нәрсеге талаптану, ұмтылу. Дұрысы қол ұшын беру.
Adiletshu
Көшеде келе жатып жерде құлап жатқан біреуді көрдім. 5-10 метрдей өтіп барып, мүмкін ауырып жатқан шығар деп қасына барып түрттім. Ыңырсыған дауыс шығарып, біртүрлі оғаш қимылдады. Аузынан сілекей ағып жатыр. Киімінен тартып тұрғызайын деп едім, арақтың қолаңса иісі мүңк ете қалды. Алқаш амигоны орнына жайғастырып жөніме кете бердім
torgai
Демек, көзіңді жеткіздің ауырып жатпағанына. Өкінішің де жоқ. Бұл — адамгершілік.
neoaskar
Автобуста өзімге ұйықтап отырғам, жұмыстан үйге дейін 1 жарым сағат уақыт болғандықтан, ең болмаса отырып барайын деп. Бір әйел дүрсе қоя берді, «көрмейсіңдер ме, адам ауырып жатыр, ал сендер болсаңдар ұйықтап жатырсыңдар», — деп, қой деп ұятып оянып орын бердім, сөйтсем, ішіп алыпты, ішіп алған адам, ыстық автобустың ішінде жүрегі айныған ғой, соған теңселіп, ыңырсып жатыр екен. отырып алды да, ауырып тұрған адам деген соң ба, аһылап, үһілеп, иістің біразын шығарып тастады. міне, кейде байқамай қаласың, кім ауырып жатыр, кім ішіп жатыр.
torgai
Негізі көмектескен дұрыс шығар. Әлі күнге қайрылмай кетіп жатқан кездер болып тұрады. Мүмкіндігінше хәлін сұрауға тырысамын. 2 жағдай да кездеседі.
Hetrou
Жалпы қыста бомждар көп өлед. Биыл да Астананың қырық градус аязында қатып қалғандар көп. Бірақ кім керек қылып жатыр.
temir1986
Арақ ішіп көшеде құлап жатқан адамға еш көмектескім келмейді. Өзге жағдайлар болды. 2011 жылы Ақтөбеден Ойылға келе жатқам. Астымызда 12 орындық УАЗ. Шофері Қуандық Төлеуов деген. Қобданың Калиновкасынан 5-6 км ұзағанда жол жиегінде шашылып жатқан жеңіл көлікті көрдік. 2 бала, 2 әйел, 1 ер адам. Қуандық тұра қалды. Дереу Қуандық, бір медбике келіншек, мен және бір жігіт жүгіріп бардық. Артынан тағы бі-екі жолаушы келіншек келіп көмектесті. Балалар аман екен, бірақ ересек адамдар қатты жарақат алыпты. сол жерде 4-5 сағат ана адамдарға көмектесіп, қанын тоқтатып, өзге таксилерге балаларды салып жібердік. Барлық 12-13 адам еш реніш білдірмей қашан жедел жәрдем, МАЙ келгенше тосты. МАЙ 4 сағаттан кейін, Жедел жәрдем 5 сағаттан кейін келді. Қобда с-ы 30 км, Калиновка 5-6 км. Сол жерден сонша уақытта шаққа жетті, обалы не керек. Ана ер адам тойдан шығып, рулді әйелге берген екен. Қарсы келе жатқан машинаның оқыс қимылынан қашам деп жолдан ұшып кетіпті бейбақтар. Ер адам көмектің тез келмегінен қаны ушығып өлген. Әйтпесе жарақты онша қатты емес еді. (Оң қолы қар сүйегінен сынған. Ашық сынық) Р/С. Өзіміз 2008 жылы апатқа түскенде қасымыздан ондаған машина өтті, біреуі тоқтаған жоқ. Бәрі ауылдың адамдары. Бір айдаладағы орыс келіп тоқтады.
Hetrou
Енді осы жерде риторикалық сұрақ туындайды: сонда 4-5 сағат күткенше 5 әлде 30 шақырым жердегі елдімекенге өздерің де неғып тастамадыңдар ма?
temir1986
Басы жарылған әйелді Қобдаға жібердік, бір таксиге сиыстырып. Ер адамды медбике әйел қозғауға тиым салды. Себебі ішкі құрлысы ма, басқа сүйектері ме сынған болу керек қозғаған сайын есінен танып қала жаздаумен болды. Оны көтеріп астына көрпеше салдық сондада, себебі күн жауын болды. Үстіна қолдағы бар кілем, маталардан қалқан жасадық. Тағы бір әйел машинаның ішінде бел омыртқасы сынған және машина жапырылғанда қысылып қалған, дәріер келгесін милициялар мен біздер еркектер жабылып машинаның қысып тұрған жерлерін бұзып шаққа алдық. Көмектесеміз деп одан әрі мертіктіріп алудан қорықтық. Барлық қолдан келген шараны жасадық ол жерде.
ken
көшеде құлап жатқан немесе тағы бірдеңе болған кісіге қасынан өтіп жатқандардың ешқайсысы көмектеспегенін көргенін басын шайқап айтып отырғандарды көп көрдім. бір қызығы, «сосын сен көмектестің бе?» деп сұрасаң, олардың өздері де көмектеспеген болып шығады.
torgai
Мен де солардың бірімін ғой. Енді түсініп, мүмкіндігінше көмектесуге тырысып жүрмін.