Бұрынғы полицейлер бала ұрлады

13 наурыз Петропавлда адам ұрлады деген хабар тарап елді дүрліктіргенін білеміз. Мұндайда жалғыз өзі барып жаудың ойран-топанын шығаратын «крепкии орешок» Брюс Уиллис табылмас. Дегенмен СҚО ІІД мен Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының жеке құрамы жұмылдырылып, үш күн, үш түн тынымсыз еңбек етіп Сергей Семенченяны дін аман ата-анасының қолына жеткізді.



Қысқаша оқиға қалай болғанын баяндайтын болсақ, Сергейдің әкесі Виктордың екі ұлы бар. Ол күн сайын «кішкентай ғой машненің астына түсіп қалар немесе басқа жағдай болуы мүмкін деген күдікпен»балаларын мектептен алып кетіп жүреді. Оқиға орын алған күні ол кіші ұлын мектептен алып кетеді. Ал «Дарын» мектеп-лицейінде 7 сынып оқитын Сергей сынып сағатында бөгеледі. Сөйтіп үйіне жаяу қайтып келе жатқанда Сергейді гараждардың арасында, ешкім жоқ жерде белгісіз біреулер машнеге күштеп мінгізіп, аяқ-қолын байлап, көзін таңып алып кетеді. Осы істерін бұрыннан ойластырып жүрген қылмыскерлер балаға әкесіне қоғырау шалуға мүкіндік береді. Сондағы Сергейдің айтып үлгергені: «Мені үші жігіт күтеп ұстап отыр, папа құтқар!». Алайда Виктор алғашында бұны әзіл деп қабылдап, әйеліне үйін тексертеді. Баласы үйінде болмай шыққан соң Виктор полицияға хабарлайды. Қылмыскерлер Сергейдің ата-анасымен бір ғана байланысқа шығады. Олар бар-жоғы «ақшаңды дайында» деген мәтінде смс жолдайды. Алайда қанша сомма талап ететіндерін айтпайды.

Жедел іздестіру тобына қарапайым азаматтар да көп көмек көрстекен. Бір қызылжарлық тұрғын қылмыскерлер лақтырып тастаған Сергейдің «iPhone» маркалы қалтафонын тауып алып тапсырады. Осы телефон және полицейлер анықтаған автокөліктің нөмірінің арқасында қылмыскерлердің ізі кесіледі.

Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Мұрат Ұрымхановтың айтуы бойынша іздеу шараларының екінші күні 37 жасар қала тұрғынының қылмысқа қатысы барлығы анықталып, ол қамауға алынған. Артынша ұрланған оқушы да табылды. Қылмыскерлер баланы Көкшетаудағы жалдамалы пәтерде тығып ұстап отырған екен. Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Думан Таев бастаған топ көрші қалаға барып, баланы босатып алған. Оны құтқару барысында ешқандай күш қолданылмай, барлығы қылмыскерлермен келіссөз жүргізу арқылы шешілген. Тәртіп сақшылары наурыздың 17-і күні таңертең Сергей Семенченяны әке-шешесінің қолына әкеліп тапсырған екен.

Сергейдің ұрланғаны туралы ақпарат жылдам тарап, елдің жағасын ұстатты. Облыс тарихында бірінші осындай оқиға тіркелген. Ал енді ұстаған жағаларыңды жырта берсеңдер де болат, ұрлықшылардың ішінде екі бірдей бұрынғы полицей қызметкерлері бар. Оның біреуі капитан болса, екіншісі — аға лейтенант. Былтыр атестациядан өте алмағасын жұмыстан шығып қалған екен. Қылмыс жасаған уақытта да қол қусырып, криминалный детективтерді көп көріп қойған ғой нәлеттер.
Бөлісу:

7 пікір

ruben
А.С.А.В. дегеннен басқа ештеңе келмей тұр ойыма. Полицайлардың бұрынғы-қазіргі деген айдарларын ажырата алмайм. Қызмет бабымен де, демалыста да, тіпті Африкада* да бірдей бейнелері.
asaubota
оңай ақша табудың ең сәтсіз әдістерінің бірі. өзгенің де өздерінің де жүйкесін құртып, соңында ұсталумен аяқталатын істердің бірі.
nurjanbay
мені таңқалдырып тұрғаны өздері бұрынғы полицей болса, полицияның қалай жұмыс істейтінін жақсы біліп тұрса қалай тез ұсталып қалған?
temir1986
Олар шамасы полициядада дұрыс қызмет атқармаған болар. Ештеңені дұрыстап ойланада алмаған сияқты.
007
енді олардың лагерьдегі куні не болады екен(егер сотталса)
FaraOn1
15 жылға сотталат