Көктемнің қызығы көшетпен болсын!

Ассаламу алайкум, керекшілер!
Көктемнің алғашқы күндері сіздерге жақсылық болсын! Қазақ атамның айтуы бойынша «күзді күні бір тал кессең, көктемде он тал ек». Қыста екі ағаш қырқып тастаппын. енді соның орнына 20 болмаса да, соған шамалас ағаш ексем бе деп отырмын. Қандай кеңестеріңіз бар.
Алматы қаласы, Іле ауданы, Қара ой ауылына төзімді, сол жақта тез өнетін, жемісін тез беретін ағаштың қандай түрлерін білесіздер. Бөлісе отырсаңыздар. Негізінен алма, өрік, шие ағаштарын ексем бе деп едім, базарға барғанда айнып қалмасам, есігімнің алдын көгертіп, таң тамаша етіп отсам деген ниет қой.
көмектеріңізді күтемін.
Бөлісу:

2 пікір

Olzhass
игі бастама! алша дегендерге жоламағаның дұрыс)) тамырлап жайылып кетеді. кез келген талдың зияны жоқ, жеміс салмаса да ыстық күнде саясында отырып демалғанға не жетсін.
Соңғы түзету:
neoaskar
Біздің үйдің жан жағы кәдімгі қарағаш, кесіп жатырмын енді