Туған апама «күн көрсетпей»...
Көктем қандай рахат!!! Таңның атқанын, күннің батқанын көруден артық ләззат бар ма екен? Жоқ шығар сірә. Ертемен жұмысқа келіп, күн қарая үйіне оралатын жандар қыс мезгілінде турасын айтқанда «күнді» сирек көретіні рас.
Менің үйдегі туған тәтем (әпке), солардың қатарында. Қыс түскенде еңсесі түсіп, жабырқаулы жүреді. Көше тазалаушылармен жағаласып жұмысқа кетіп, түрік сериалдары біткен уақытта үйге келсе өйтпегенде қайтсін. Демалысы үйдегі күйбеңмен өтіп кетеді оның үстіне. Әйтеуір бітпейтін бір тірлік.
Көктем басталды – бәрі өзгерді. Жадыраған күнмен – апам да жайдарылана түсті. Көңілі көтеріңкі. Үйдегі еккен гүлдеріне де жиі көңіл бөлетін болды. Сүйікті ермегіне қызығушылығы оянғанын көріп мен де мәзбін. Соның бәрі «күнді көргенінің» арқасы ма деймін. Міне, осынысы үшін көктемді жақсы көремін.
Адамдарға шаттық сыйлап жалғаса берсінші.
1 пікір