Келін
-Аға-шка, вы ұрыса бересіз, я поняла, -деп бір қабағын түйіп алып, бірден жайдарлы жүзімен:
-Вы не переживайте, все будет хорошо. На этом свете аташка, апашка, вы -аға для меня самые близкие люди, -деп көңілді алдап қоятын.
Бойжеткенге дейінгі тағдыры уайым-қайғысыз болған жоқ. Алты айлық бірге толмаған сәби кезінен жеті жасына дейін біздің қолымызда болды. Оған дейін апасын «мама» дейтін.
Жеті жасында «мама» деген апасы, туған анасының тірі, аман-сау екенін түсіндіріп, қасына апарып қосты.
Бәрін тізіп айтатын емес, құпия болып қала берсін. Осы уақытқа дейінгі өмірі жеңіл өтті десем өтірікші болғаным.
-Келін болдың. Өміріңдегі жаңа кезең басталды. Артыңа қарама, бізге алаңдама. Сүйікті жарыңмен орталарыңда өмір гүлі –бала сүйгізіп, жарыңа тірек, серік бол!
Жаңа өмірдегі алғашқы көктемінде жер беті гүлдегенде, саябақ тұрғыз көңіліңде, жарыңа мәңгілікке сыйға тартып, жұп аққу қонған мекен ет.
P.S. Интернеттен алынған анау-мынау сурет емес, жалғыз қарымдасымның суреті.
2 пікір