Манипуляцияның 10 тәсілі (қазіргі қоғам қалай басқарылады)
Aмерикалық лингвист Ноам Хомский құрастырған «Манипуляцияның 10 тәсілі»
(Ноам Хомский – америкалық лингвист, пәлсапашы, қоғам қайраткері, көптеген кітаптар авторы және саяси сарапшы. Массачусет технологиялық институтында тіл білімі профессоры және ХХ ғасырдағы танымал ғылым қайраткерлерінің бірі)
1. Халық назарын аудару
Ақпарат кеңістігін маңызы аз, тіпті қажетсіз хабарламалармен толтыру арқылы саясат және экономика тізгініндегілер түйінін шешіп жатқан аса күрделі мәселелерден халықтың назарын аудару – қоғамды басқарудың негізгі элементі. Назар аудару әдісі азаматтарға ғылым, экономика, психология, нейробиология және кибернетика сияқты салалардан білім алуға мүмкіндік бермеу мақсатында жұмыс істейді. «Азаматтардың көңілін түкке тұрмайтын ұсақ-түйек тақырыптарға бөліп, шынайы әлеуметтік мәселелерден назарын аударып отыру; Азаматтарға ойлануға мұрша бермей, ылғи да бірдеңеге алаңдатып қою; басқа жануарлар сияқты жайылымнан — қораға» («Тихое оружие для спокойных войн» кітабынан келтірілген цитата)
2. Мәселе ойлап туып, оның шешілу жолдарын ұсыну
Бұл әдіс «мәселе-әрекет-шешім» деп те аталады, яғни билікке тиімді шешімді қабылдауды халықтың өзі талап ететіндей мәселені ойдан құрастыру. Мысалы: қалаларда зорлық-зомбылықтың жиілеуіне жол беру немесе қырғын лаңкестік әрекеттер ұйымдастыру арқылы азаматтық бостандықты шектейтін саясатты жүргізетін, қауіпсіздік шараларын күшейтетін заңдарды қабылдау туралы ойды халық аузына салып береді.
3. Біртіндеп сіңіру әдісі
Халық арасында қолдау таба қоймаған шараны мойындату үшін біртіндеп күн санап, жылдар санап сіңіре берсе жеткілікті. Дәл осылайша өткен ғасырдың 80-90 жылдары жаңа әлеуметтік-экономикалық шарттар (неолиберализм) сіңіп кеткен болатын. Мемлекет қызметін ине көзіндей деңгейге жеткізу, сенімсіздік, тұрақсыздық, жаппай жұмыссыздық, лайықты тірлікті қамтамасыз ете алмайтын жалақы – бәрі бірге келсе төңкеріс туу мүмкін.
4. Іске асыруды кейінге қалдыру
Қоғамда қолдау таба қоймаған шараны мойындатудың тағы бір әдісі – шараны «қиын да қажетті» қылып көрсетіп, сол сәтте осы шешімді болашақта қабылдауға азаматтардың келісімін алу. Адам қашан да осы шақта кейбір құрбандықтар жасаудан гөрі, не де болса келешектің еншісіне қалдыруды жеңіл санайды. Біріншіден, ол дәл сол сәтте болмайды. Екіншіден, халық «ертең бәрі жақсы болады және бізден талап етіп отырған құрбандықтан құтылып кетуіміз мүмкін» деп үміттенуге бейім. Бұл азаматтарға өзгеріс туралы ойлармен үйренісуге және мезгілі жеткенде мойынсұнуға уақыт береді.
5. Халыққа кішкентай бала деп қарау
Жалпы халыққа бағытталған үгіт-насихат жұмыстарының басым көпшілігінде дамуында кемістігі бар мектеп жасындағы балаларға немесе ақылы жетілмегендерге арналған дәлелдер, кейіпкерлер, сөздер мен интонациялар қолданылады.
Тыңдаушыны қаншалықты жаңылыстырғысы келсе, сөйлегенде соншалықты көп инфантильді тіркестерді қолдануға тырысады. Неге? Адамға 12 жастағы бала, тіпті жасы одан да кіші ретінде қарасаң, оның жауабы мен әрекетінде 12 жастағы балаға тән қасиет – мәселеге сыни көзқарастың болмауы – таңқалдырмайды.
6. Ойланудан гөрі, сезімге баса назар аудару
Адамдардың рационалды ойлану қабілетін, болып жатқанды сана сарабынан өткізу қабілетін жоюға бағытталған классикалық әдіс – сезімге әсер ету. Сонымен қатар сезім факторын қолдану адамның санасына есік ашып береді. Ол дегеніміз – санаға «қажетті» ойларды, тілектерді, үрей мен қауіпті, тұрақты әрекеттер моделін сіңіру…
7. Дарынсыздықты насихаттап, халықты надандықтан шығармау
Халықты өздерін басқару мен еркіне бағындыру үшін қолданылатын әдістер мен тәсілдерді түсінбейтін жағдайға жеткізу. «Қоғамның төмен сатыларына берілетін білім сапасы сол төмен сатыдан шығармайтын деңгейде болу керек»
8. Азаматтарға дарынсыздарды мақтан етуді үйрету
Қоғам ойына «ақымақ, әдепсіз, тәрбиесіз, пасық болу – сән» деп сіңіру.
9. Өз қателігін мойындауды қалыптастыру
«Ойлау мүмкіндігің, қабілетің мен әрекеттеріңнің жетіспеушілігінен болып жатқан бақытсыздығыңа өзің кінәлісің» деген ойды адамға сіңіру. Нәтижесінде ол адам экономикалық жүйеге қарсы тұрудың орнына барлығына өзін кінәлап, өзін-өзі жегідей жейді. Бұл аяғы әрекетсіздікке соғатын мүжілу. Әрекетсіздік – төңкеріс болмауының кепілі.
10. Адам туралы оның өзінен артық білу
Ғылым дамуындағы соңғы 50 жыл жетістігі қарапайым адамдар мен биліктің білімі арасындағы айырмашылықты ұлғайтып жіберді. Биология, нейробиология және психология арқасында «жүйенің» қолында адамның физиологиясы мен психикасы туралы айрықша білім күші бар. Жүйе адам туралы сол адамның өзінен артық біледі. Бұл дегеніміз – адамның билігі жүйенің қолында болуы.

мына тақырып шығынмен өте қызық. БАҚпен зомбиленген халық үшін керек инфо екен.
1. Декрет туралы заң
2. Әліпби ауыстыру
3. Кеден Одағына өту
4. 2020 жылы бәр қазақша сөйлейді
6. Челах ісі
7. Түрлі ән шоулары, ән конкурстары
ТНТ каналын көп қарасаң өзіңнің тупойланып бара жатқаныңды аңғармай қаласың.
— Назар аудару әдісі азаматтарға ғылым, экономика, психология, нейробиология және кибернетика сияқты салалардан білім алуға мүмкіндік бермеу мақсатында жұмыс істейді
— қарапайым адамдар мен биліктің білімі арасындағы айырмашылық ұлғая береді