Тетрис электронды ойыны
Тарихи анықтама. Тетрис Совет Социалистік Республикалар Одағының туындысы, ойлап тапқан Алексей Пажитнов, 1984 жылы 6 шілде күні халыққа таныстырыпты. Ойын атауы екі сөзден құралған «тетрамино»* және «тенис».
Компьютерлік ойын программасы ретінде ССРО-да тұрмыстық дербес компьютерлерде кездесті. 1990 жылдардың басында ең кең тараған консольдік ойынға айналды, шын мәнінде нағыз Тетристен сәл айырмашылықтары** болды.
Алғашқы рет Тетрис ойынын «КУВТ Корвет 86» *** компьютерінде 1987 жылы ойнап көрдім.
Ойын үрдісі. Іші тор көздерге бөлінген тік төртбұрыш ішінде ойын жүреді. Үстінгі жағынан төмен қарай тетрамино фигурасы өздігінен бір тор көзге төмен сырғып жылжиды. Ойыншы басқару тетігінің көмегімен төмен сырғыған тетраминоның горизонталь бағытта және кеңістіте бағытталуын өзгертеді. Тетрамино қозғалысы алаңның төменгі шетіне немесе одан бұрын орналасқан тетрамино блогтарына жеткенде тоқталады. Тетрамино ойын алаңында орналасқанан кейін екінші тетрамино алаңның үстінгі жағынан пайда болады да, ойын жалғаса береді.
Төмен сырғып түскен тетраминолардың тор көздерінен горизонталь бағытта ойын алаңын кесіп өтетін жол жиналғанда ойыншыға ұпай беріледі, одан кейін түзелген жол жойылады. Осылайша ойын алаңы кеңейтіліп ойын уақыты созылады, бірақта жолдар түзелмесе тетраминолар бір-бірінің үстіне орналаса берген соң ойын алаңы үстіне дейін толады, сол кезде ойында аяқталады.
Ойын тартымдылығы төрт фактормен анықталады:
1) Ойын барысына тетраминонаның жеті түрінің біреуі ойын алаңның үстінде кездейсоқ пайда болады, аз уақыт ішінде оны ұтымды орынға орналастыруды ойыншы ойластырады.
2) Уақыт өткен сайын тетраминоның қозғалу жылдамдығы арта түседі.
3) Кезекті тетраминоны орналастырған кезде бірден екі немесе үш жол түзеуге болады, осыған байланысты ұпай саны әлдеқайда артық беріледі. Мысалы бір жол түзелгенде 100 ұпай берілсе бірден үш жол түзелгенде 1500 ұпай беріледі.
4) Ұпай көрсеткіштерін жақсартуға болады.
Ойынға қатысты әзіл (сурет):
* көршілес орналасқан төрт тор көздер, тор коздер бір-біріне шахматтың жүріснің жолын құрап фигура түзейді
** тетрамино жатпайтын төрт тор көзден аз немесе көп болатын қосымша фигуралар болады.
*** КУВТ Комплект учебной вычислительной техники –оқыту мақсатында қолдануға арналған есептеуіш техника жиыны.
6 пікір