Көкжалдар жаңа белгі іздеуде!!!



Қызылорданың Қайсар футбол клубы жаңа белгі(логотип) ойлап табуға конкурс жариялады.

Әр автордан 3 белгі қабылданады.

Жеңімпазға 75000тг көлемінде сыйақы беріледі.

Конкурс 1 наурызға дейін жалғасады.

Белгі жасар алдындағы ескерту:
-Қызыл және ақ түстерді қолдану
-Міндетті түрде қасқырдың және доптың суреті болуы
-Белгіде(логотип) ағылшын тілінде клубтың аты — FC Kaysar,
қаланың аты болуы — Qyzylorda(Kyzylorda) немесе Orda
-Құрылған жылын белгілеу — 1968
-Белгінің ақырғы нұсқасы векторлық форматта болуы және де басып шығаруға ыңғайлы болуы керек

Дайын жұмыстар мына электронды жәшікте қвбылданады:alimzhan90@gmail.com

Кайсар ФК-ның сайты: fckaysar.kz
Фан-клуб: wolves.kz

Жаңа белгі, жаңа маусым, жаңа мақсат, жаңа жеңіс…
Фэйсбукте: facebook.com/fckaysar.kz
Бөлісу:

5 пікір

zhas_kazakh
Я баршаңызға мәлім Қайсар қаражат тапшылығы жағынан көш бастап келеді. Өзге клубтар секілді шет елдерде дайындалуға да қаржы жетпеді. Сол себепті болар бірінші лигаға түсіп қалдық. Бірақ бөрілер мойымайды. Біз күткен жеңіс әлі алда.
qyzylordalyq_jigit
Ех, 2008-де бәрін жыртушы ед Қайсар…
Сондағы бар керегі — миллиондаған бюджет емес. Орташа бюджет болса, орташа жалақысын уақытылы төлесе, әр жеңіс үшін сыйақы берсе, басшылар жылы сөздерімен көтермелесе, болды ғой.
Никитенко да кетуге ыңғай таныта қойған жоқ еді қаржылай қиындықтарға дейін.
Неге мұнайлы өңірде осындай қиындықтар болады, түсінбеймін.
zhas_kazakh
Құл-Мұхаммед әкім болған кезді айтамысын? Сол әкімнің басқа істерін қайдам, әйтеуір футболды мықты қамқорлыққа алып еді
ruben
 Мұратбаевтағы «огородта» профилер түгіл менің ойнағым келмейтін. Тап осы, «жыртушы еді» деп артық кетіп қалған жоқпысың? Әлде сенің түсінігіңде гол соғып алып, қақпа алдына қызыл автобус қою жырту деп атала ма, брат? Лидерлерді «огородта» шаршатып азу көрсеткенмен, Энергетик секілді болмайтын командаларға жол бергенін де көргенбіз. Қысқасы, «төртінші болғанбыз» дегің келген болар деп түсіндім
asaubota
логодан гөрі тиын іздегендері дұрыс па деймін