Қазақ философиясындағы физика

Бір жақын досым студент кезінде осындай тақырыпта ғылыми жұмыс қорғап еді. Орыс тілді, материалистер физикалық есептеулер жоқ деп күресінге тастады. Ойларын бағалап көріңіздер:
Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды — Сырттан күш әсер етпесе зат орнынан қозғалмайды(Ньютонның әйтеуір бір заңы)
Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды — Аттас зарядтар бір-бірін тебеді,
Бөріні қанша асырасаң да орманға қарап ұлиды — Тартылыс заңы.

Тағы осылай кете береді негізі. Есімде қалғандары осы. Ғылымда 1 парагроф бойы түсіндіре алмайтын ұғымды, 1 тіркеске сыйдырған мақалдарды ортаға сала отырыңыздар…
Бөлісу:

16 пікір

asaubota
былай пәлендей жаңалық болатындай ештеңе көріп тұрған жоқпын. онсыз да көп нәрсе іс-әрекетке байланысты емес пе?
torgai
Ғылымда ұзақ зерттеумен дәлелденген дүниені 1 ауыз мақалға сыйдырғанын айтамын.
nurjanbay
менімше ғылыми жұмыстың тақырыбын дұрыс таңдамаған. «физика заңдары мен мақалдардың арасындағы ұқсастық» деп алу керек еді. әйтпесе физиканың заңдарын ата-бабаларымыз атам заманнан ашып тастаған екен деген ой туындауы мүмкін.

бұрын мектепте оқып жүргенде бір ғалымдар судың 0 градуста қататынын дәлелдепті, антарктидаға барып үсіп өлген бір ғалымның шынымен үсіп өлгені дәлелденіпті дегендерді естіп таң қалғанбыз.
Marco
Өзге жерде сұлтан болғанша, өз жеріңде ұлтан бол — Әбіләзов, Рахат, Храпунов елге қайтып, түрмеге отырыңдар)))
qyzylordalyq_jigit
Ньютонның бірінші заңы — «Егер қозғалыстағы денеге ешқандай күш әсер етпесе, немесе әсер етуші күштер қосындысы нөлге тең болса, онда дене өзінің бастапқы тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтайды.»
==>
«Сен тимесең мен тимен бадырақ көз»
qyzylordalyq_jigit
Термодинамиканың нөлінші заңы — «Егер екі жүйенің екеуі де үшінші жүйемен жылулық тепе-теңдікте болса, онда олар бір-бірімен де жылулық тепе-теңдікте деген сөз»
==>
"Құда тиыш болса құдағай да тиыш"
qyzylordalyq_jigit
Энергияның сақталу заңы: «Табиғаттағы кез келген материялық тұйық жүйеде өтетін барлық процестер кезінде сол жүйедегі энергия не азаймайды, не көбеймейді, уақыт өткен сайын бірқалыпты болып қалады. Тек бір түрден екінші түрге өтеді»
==>
Дүние — үлкен көл, Заман — соққан жел,
Алдыңғы толқын — ағалар, Артқы толқын — інілер,
Кезекпенен өлінер, Баяғыдай көрінер. (Абайдың 37 сөзінен)
torgai
Өте жақсы. Рахмет!
qyzylordalyq_jigit
Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды — Сырттан күш әсер етпесе зат орнынан қозғалмайды(Ньютонның әйтеуір бір заңы)
3-ші заңы.
F1=-F2
sigma
Тлък c) Сатыбалды
ruben
Тарих боп кетті ғой. Таба алмай отырмын. Қайда көргенімді де еске түсіре алмай отырғаным. Керемет бір переписка бар еді. АДМИН ағай мен уникум бір КІСІнің платина прозасы.
Мынау жазба ойнай алмай жолда қалғанын түсінер еді
Соңғы түзету:
asaubota
тақырып не еді, қажы? еске түсіріп, іздеп көрейін.
sigma
Бір өтініш лібә осыларды КВНға шығармаңдарш, құрысывотырм.
Тақырап өте күшТ алынған тек, бұндай мысал келтірмеу керек. Мысал ретінде бір киіз үйдің өзін алсаңыз қанша физика заңдары бар. Мақалдар айтып құрыс пай ақ қоюға да болатын еді ғой, философия деген былай қараған біреудің ішіп отырып қыртып жівергені емес қо. Солай ма? Әңгіме жоқ қо.
satibaldi
Жоққа жүйрік жетпейді — Адронды коллайдердегі Хиггс бозондарының орнына үлкен еменнің бұтағы көрінетінін айтқан.