Электронды ойындардың ағалары -механикалық ойыншықтар жиырма бірінші ғасырда
Механикалық ойыншықтар өзінің көрнектілігімен ерекшеленеді. Ойын баланы сергітіп жетілдіретін жаттығулардың бірі. Ойыншықпен ойнау баланың саралау жасау қабілетін, дүниетануын кеңейтеді. Бірнеше ойыншықты қарастырып өтейін.
Лабиринттің шешімін тап. Механикалық жұмбақ десе де болады. Ойыншық іші жазықтықпен бөлінеді. Жазықтық үстінде диаметрі 3 мм тең кішкене темір шарды дөңгелетуге болады. Шардың емін-еркін қозғалысы ойыншының жазық көлбеулігін өзгерту арқылы іске асады. Шар белгілі бір ойығына келіп түсіп орныққанда ойын аяқталады. Шардың қозғалысы лабиринттің қабырғаларымен шектеледі. Ойыншықтың басты кемшілігі шар жүретін лабиринттің дәліз жолдары өзгермейді.
Бірнеше жазықтыта қиылысқан лабиринтерден тұратын ойыншық
Шығыршықтарды жина. Ойыншықтың жұмыс істеу негізі сұйықтықтың қасиетіне, реактивті қозғалысқа негізделген. Алдыңғы ойыншықтан айырмашылығы түймедей басқару тетігі бар болуында. Ойыншы басқару түймесіне басу арқылы ойынды ойнайды. Мақсаты су ағымымен қозғалатын шығыршықтарды инеге жинау. Ойыншыдан төзімділікті, икемділікті қажет етеді.
Мультфильм кейіпкері Спанч Боб ойыншығы. Ойыншы көйлегінің екі түймесіне басып шығыршықтарды көзінің алдындағы инеге жинайды.
Қарастырылған ойындар жапон Namco компаниясының қызметкері Тору Иватаниді 1979 жылы өзінің ең танымал электронды аркада жанрындағы ойыны Пэкмэнді (Pac-Man) ойлап шығарғанға итермеледі деп болжауға болады.
Рубиктің кубы (Кубик Рубик). Меніңше ойыншықтардың ең танымалысы, Алғашқы атауы «магиялық кубик». 1974 жылы венгер мүсінші және сәулет өнерінің ұстазы Эрнё Рубик ойлап тапты.
1980 жылдардың ортасында жанұяларда жиі кездестін. Ерекшелігі. Бірнеше амал-тәсілден тұратын жүрісті еске сақтап қолдың қимылымен іске асыруды ойыншыдан талап етіледі. Өлшемі 3×3 кубты құрайтын 24 жеке бөлшектерден тұрады. Ортаңғы және төбелерінде орналасқан бөлшектерінен басқасының екі жағы екі түрлі түспен боялған. Ойын басталмай тұрғанда «куб» жиналып тұрады, яғни кубтың алты қабырғасы біркелкі түсті бөлшектерден құралған. Кубты бетін құрайтын тоғыз бөлшек өз секциясымен бірге ілесіп жылжи алады. Секцияларды әр жаққа 90 градусқа бұру арқылы кубты «бузады», яғни кубтың қабырғаларын құрайтын бөлшек түстері әр түрлі (суретті қара). Ойыншының мақсаты кубтың секцияларын қозғап кубты жинау.
Бала кезде ойнаған механикалық негізде жұмыс істеген ойыншықтарымның бірнешуін ғана сипаттап жазуға уақыт жетті.
4 пікір