Менің сынақтарым. Қорытынды
Төртінші курсымда пара беруден мәстір болып алғаным соншалық, старостаны ортаға салмай, қымсынбай өзім бара беретіндей жағдайға жеттім. Сессияға тіпті барғам жоқ. Зачетка толған бес (бірінші курста төрт үш, пен алты төрт, екіден бастап бесінші курсқа дейін тек бес ).
Сеесия бітіп қойған. Дәл қазір есімде жоқ, бірақ бір тірлікпен университетке баруға тура келді. Тірлігімді бітіріп, төмен түсіп бара жатқам… Группаласым шықты алдымнан. Әдеттегі амандық саулықтан соң неге жүргенін сұрадым. Сөйтсем бір мұғалімнен баға қойдыра алмай тұр екен. Екі пән тағы. Сәл ойланып тұрдым да «Теңгең бар ма?», деп сұрадым. Мың теңгеге жуық қана теңгесі бар екен (Бұл кезде ставка көтерілген. Альянс банк жаппай кредит беріп, ел ахуалы көтеріліп, бір жарым мыңға төрт алатын заман). «Кеттік», дедім. Бірнәрсені істеуге бара жатқанымды түсінді ау, қайда деген жоқ, соңымнан ерді группаласым. Жолда «Атаң бар ма?», деп сұрауды да ұмытқам жоқ (Қайтыс болып кеткен екен). Аудитория есігінен басымды қылтитып, ағайдың сыртқа шығуын өтіндім. Лезде шықты… Басталды сомен… Группаласымның балалық шағының қиыншылықпен өткенін, алты балаға нан алу үшін әкесінің таңғы сағат алтыдан түнгі үшке дейін жұмыс істейтінін, өзінің бес жасынан базарда анасының жанында сауда істеп келе жатқанын, ал кеше атасының қатты ауырып, өлім аузында жатқанын айттым да, ағайдың азаматтық, адамгершілік парызын орындайтын кезі келгенін тұспалдай отырып, алдын ала мың теңгесі салынған зачетканы қолына қыстыра қойдым. Ағайымыз зачетканы аша бастағаны сол ед… мың теңге сусып жерге түсті… Түсті деймін ау, үлгермеді Қағып алды ортан жолдан ағайым. Қағып алды да, бір риза дауыспен «опппаааааа», деді… «Оппаааа» деді де, қымсынған жоқ, мың теңгені қалтасына салып алды . Екі пәннен үш қойып берді де сабағын жалғастыруға аудиторияға кіріп кетті ағайымыз.
Екі пәнді де үшке болса да, ең бастысы арзанға «тапсырып» группаласым кетті қайта қайта рахметін жаудырып, өзімді бір жақсы тірлік бітіргендей болып мен кеттім.
Сонан бері де төрт бес жыл өтіп кетті… Оқуымызды парада емес, парамен бітірген сол дәуренді сағынып кеттім… Қызық екен ғой эхх шіркін…
Қорытынды
Пара беру де, алу да ең үлкен күнәләрдің біріне жатады әрине. Бірақ, қазіргі қоғамға дендеп кеткені соншалық, онсыз аяқ баса алмайсың. Кінәлі екі жақ та. Бірі бергеніне, бірі алғанына. Көп жағдайларда берушінің күнәсі көбірек. Алтын көрсе періште жолдан таяды. Сұраныс бар жерде ұсыныс та бар. Бірақ кей жағдайларда, онсыз шешілмейтін мәселелер бар екен… Соңғы берген парам жоғарыдағы еді… Осы жақын күндерде араға бес алты жыл салып, тағы бердім… Бермесіме қоймады.
Қалай болғанда да күнәләріміз үшін өзіміз жауап береміз…

4 пікір