Дайрабайдың дауы
Қазақтың сиырды малға санап, кәдімгідей баға бастағаны бертін келе шығар. Ешқандай дәлелім жоқ, өзімнің ойым ғана. Бұл мал көшпелі халыққа қол емес. Күтімі көп, суыққа шыдамсыз, алыс жолға жарамайды. Одан жылқы мен қой әлдеқайда тиімді.
Соңғы күндердің басты тақырыбы Зеңгі бабаның тұқымы. Зеңгі баба деймін-ау, мүмкін австриялық сиырдың атасы басқа шығар. Аты Симментал екен әйтеуір.
Құрдым болған қайран ақша. Әр сиырдың бағасы 3200 евро!!! 722*3200=2310400 евро!!! Үш сиырды сатып жіберіп, бір Toyota Camry-30 мініп алуға болады. Жылқының түсіне де кірмеген бақыт.
Мұны қоя тұралық. Енді келіп біздің шөпкетышарлар (атқамінер деуге аузым бармай отыр) кінәліні Австрия мен Венгриядан іздеуге көшті. Олар сиырлардың ауру екенін әдейі жасырып қалыпты-мыс. Алдаса алдаған да шығар. Сауданың көркі сол емес пе?! Жау кеткен соң қылышыңды боққа шап. Басында ай бағып жүрдіңдер ме? Құрығанда бір ветеринар бармапты. Мал дәрігерінің орнына біреудің «біреуі» барып қайтса да таңқалмаймын. Заман сондай болды ғой қазір…
«Лох» десем патриоттар «Қазақша ұрыспадың» деп ренжитін шығар, бірақ бұдан басқа теңеу таппай тұрмын. Бір сиырды 3200 евроға сатып алып, оны бағатын қора-қопсы салған фермерлер лох, көзбен көрмесек те «мықты сиыр келді» дегенге мәз болған біз де лох, министрліктегілер де лох. Жоқ, министрліктегілердің лохтығын әлі дәлелдеу керек. Олардың мұрты майға шыланбағанына ешкім кепілдік бере алмайды. Міне, тексеретін мәселе қайда жатыр. Өз басым осының бәрі аңқаулықтан болды дегенге сенбеймін. Ох, шіркін, бір шикілік табылып, бастарына таяқ тиер заман болса, әлгілердің бәрі лохтығын дәлелдеп өлермен болатын шығар. «Мен лохпын! Ең басты лох мен!», — деп тұрған мықтыларды көрсек қой. Қандай комедия болар еді!
Ал австриялықтар мен венгриялықтардан ақша өндіреміз деген қашпаған қашардың уызын ішкенмен бірдей. Қандай ирония, иә!

15 пікір