Сәттілік тілей салыңыздаршы...

Керекинфода «махаббат апталығы» дегенді оқып елең ете қалдым. Сірә, көптен бері ұмытқан махаббатым есіме түскен болуы керек. Содан пост жазуға бекінген бетімнің сиқы осы 

Әкемнің бала кездегі махаббатының есімі Ардагүл деген. Қазір әр қайсысының өз отбасы, ошақ қасы бар. Ара-тұра телефонмен сөйлесіп, қал-жағдайларын білісіп тұрады. Ондай кезде шешем жақтырмай, қызғанып жүретіні бар Әрине, негізгі айтайын дегенім бұл емес, осыған ұқсас өзімнің бала шақтағы махаббатым туралы. Біреулерге қызық болар, болмас, бірақ сөге көрмеңіздер. Бұл бала махаббатыма, сезіміме деген кішкентай құрметім. Айта отырайын, ендеше…

***
3 сынып. Түстен кейінгі ауысымда оқимын. Қыс болғандықтан соңғы бесінші сабақтарда кеш қарайып кетеді. Соңғы сабақ Жансая мұғалім беретін дүниетану сабағы. Бақылау сабағы. Кім дұрыс жазып бітсе, сол ерте қайтады. Әйтеуір бұрқыратып берілген сұрақтарға жауап жазып жатырмын. Арман түртеді, «көшіруге бере тұршы» деп. Бермедім. Ол математиканы жақсы оқитын. Мұғалім «жазуы әдемі» деп мақтайтын.
***
Арман үшінші қатардың бірінші партасында, оң жағында отыратын. Менің өшіргішім үнемі жоғалып қала беретін. Арманнан сұрауға жаман ұялатынмын ғой. Сосын ақ қағазды жыртып алып, қабырғадағы әкке үйке-үйкеп сүртуге мәжбүр болатынмын. Неге басқалардан сұрамайтынмын, ол есімде жоқ.
***
Қыста қар атысып ойнайтынбыз. Бір ретте мен уыстап қар алып Арманға лақтырмақшы болып, бар екпініммен жүгіріп келе жатқанмын. Арманға соғылып құлап қалдым. Ол сақылдап келіп күлді. Қосылып мен де күлдім.
***
Қыркүйек басталды, 5-ші сыныпқа да көштік. Арман келмеді сабаққа. Досы Еркебұланның айтуынша Астанаға көшіп кеткен екен. Қатты жабырқадым. Өзімше құлазып, баз кештім. Күнде сабақтан қайтарда Бақанас өзенінің жағасына барып ұзақ отыратынмын. Ара-тұра Арманға бағытталған «Мен сені жақсы көремін» деген мазмұндағы хаттар легін толассыз жазып тұрдым. Мекен-жайын білмегендіктен де ол хаттар өзімде сақталды…

Осындай үзік-үзік суреттер елесі ғана көз алдымда көлбеңдейді. Бұл елестерден Арманға деген менің сезімімді көрсететін жиынтық құрай қою екі талай. Тек мен Арманды жақсы көрдім дегенде, есімде қалғаны осы екен…

Қазір Астанада жүрмін. Кеше ФБ-те оған хат жазғанмын. Нөміріме хабарласшы дейді. Айтатын сөздерімді даярлап алып, мұрынымды тартқыштап, тамағымды қайта-қайта қырнап, толғанып, ойланып әйтеуір қоңырау шалдым-ау. Көтермейді. Бір минуттан соң өзі звондады. Дауысы, күлгені, сөйлегені әдемі. Үні әуезді қоңыр. Өзімді қалай ұстадым, білмеймін, әйтеуір))) Ертеңге кездесеміз деп уағдаластық.

...Қызық, күле беремін. Бойы ұзын ба екен, ертең кездескенде қалай болады деп ойым он жаққа жүгіріп, санам сан жаққа бөліне береді. Менің санамда ол қалқиған құлағы бар, қарақат көзді, жалпақ бас баяғы бала бейнесімен сақталған ғой.

Япырай, шынымен қалай болар екен..? Қобалжулымын… Қиын болмаса, сәттілік тілей салыңыздаршы…
Бөлісу:

16 пікір

madikon
кездескенде қатты толқып, бір жағынан қуанғандай, тіпті өзіңізді бақытты сезінуіңіз мүмкін. оның қасында өзіңізді тым жайлы сезінесіз. көп жылдар бойы көрмеген соң мінезі, сөзі, өзі дұрыс болып сізге ұнаса, қарым-қатынас жалғасады. эх, толқымаңыз, бәрі керемет болады.!
ademi_alem
Көріспегендеріңізге қанша уақыт болды? Қанша уақыт өтсе де есте қалар кездесу болатын сияқты. Сәттілік тілеймін! Саналы ғұмырымызда еске алар үзік-үзік ерекше сәттердің болғаны үшін рахмет! )))
Tyulpan
Айя, бәрі жақсы болсын!!!
Erkekyz
Әсерлііі. Сәттілік тіледім
Aldeken
Сәттілік Ая, сәттілік, әсіресе, кездесуден кейін Лесхозға қайтқанда сәттілік өте қажет болады… )))))))))
Aya
 Рахмет, Алдан аға. Бәрі сәтті өтті, үйдем)))))
konvict
Хихи, сосын не болғанын айтасың ғо
aza
ая, СААТтілік! Бағың ашылсын!
Marco
Ал не хабар?
Aya
Кездестік, тым жақсы болды, кідәй жүрек
Marco
Қызық))) Енді қашан кездесесіңдер?
Aya
Енді қоштасамыз)) мен Алматыға қайтамын ғой сенбі…
Marco
Ееее, біткен екен ғой тәжірибе)