Ainol Novo 7 Crystal. Планшетке Фото-шолу.

Ainol Novo 7 Crystal. Планшетке Фото-шолу.

Сәлем оқырмандар!

Бүгінгі тақырыбымда операциялық жүйесі Android 4.1 Jelly Bean, Ainol Novo 7 Crystal планшетіне шолуым туралы жазамын.



Бірінші рет қолыма алған кезде біртүрлі сезім болды. Себебі Ipad-тан кейін бірден үйреніп кетуім қиын болды. Бір күннен кейін барлық минустары жойыла бастады. Бір аптаның ішінде планшет өзінің жақсы жақтарына толы екенін дәлелдеді.


Жақынырақ танысайық. Ең бірінші айтатыным, техникалық сипаттамалары:

Модель Ainol Novo 7 Crystal
Процессор Amlogic 8726-M6, 1.5GHz, Cortex-A9 dual core
Видео процессор GPU Mali 400 MP2 Dual Core
Операциялық жүйесі Android 4.1
Оперативтік зерде 1GB (DDR 3)
Ішкі жады 8GB Nand Flash
Корпус материалы пластик
Экран өлшемі 7 Inch
Типі Capacitive Screen, MVA
Дисплей LED
Экран өлшемі 1024 x 600px
Көз салу бұрышы 170°
MicroSD 32GB-қа дейін
Камера Алдыңғы 2.0 мрх
Gravity Sensor Бар
Multi-Touch Бар, 5 нукте
Bluetooth Жоқ
WIFI Бар, 802.11 b/g/n
3G Орнатылмаған, Басқа 3G модемдерді қоссаңыз болады: E1916, ZTE AC2736, HUAWEI E1750, HUAWEI EC122, HUAWEI EM770W және т.б…
Құлаққап ұяшығы 3.5mm
Батарея 3700 MAh
Жұмыс істеу уақыты ~ 5 сағат
Интерфейс тілі: Мультитілді (Қазақ тілін таба алмадым)

Қондырғының өлшемдері 189 x 120 x 10.5mm

Салмағы (массасы) 338g

Сырт қондырғыларын қосатын порттар:

1 x MicroSD слот

1 x Mini USB\OTG порт (USB арқылы заряд алу мүмкіндігі)

1 x Mini HDMI

1 x 3.5мм құлаққап қосуға арналған ұяшық

1 х Зарядтаушы қондырғы қосуға арналған порт

Өндіруші: Қытай

Әрі қарай кескіндердің көмегімен толығырақ қарастырамын.

Сыртқы келбеті және құрамы:



Сыртқы келбеді өздіріңіз көріп тұрғандай.

Құрамы:

Mini USB кабель

Mini USB OTG кабель

Зарядтаушы Қондырғы (комплекттен бөлек тегін беріледі)

Документтері және техникалық сипаттамалары.

Құлаққап



Құлаққап орта сапалы, әуендерді жақсы сапапмен тыңдауға еш кедергі болмады. Дауысы, ыңғайлылығы барлығы жоғарғы деңгейде жасалған

Планшеттің корпусы ұстағанға ыңғайлы пластик. Қаттырақ басқан кезде кішкене сықырлайды. Ал экран бетінде арнайы әйнек тұрған секілді, оның үстінен қабықша жабыстырылған.

Алдыңғы көрініс:

Алдында бетінде экраннан бөлек камера орналасқан



Артқы келбеті:

Артында дауыс шығатын динамик және аты мен сериялық номерін байқауға болады



Сол жағында:

— Зарядтаушы қондырғы қосуға арналған порт
— mini HDMI
— USB\OTG порт
— Микрофон
— MicroSD картасына арналған слот
— 3.5 мм құлаққап қосуға арналған ұяшық



Үстінгі бөлік:

— Басты бетке өтуге арналған батырма (кнопка)
— Дауысын реттеуге арналған батырмалар
— Қосу\өшіру\блокқа қою батырмалары



Қосып қолдану:

Енді қолға алып, қосып тексеріп көрейік. Бірден айтамын, қолға ұстағанға өте ыңғайлы. Бірінші сәл дөрекі секілді болып еді, бірақ жап жақсы, өзіне ылайық жасалынған екен.



Дисплейі өте сапалы MVA технологиясымен жасалынған және матрица өлшемі 1024x600. Экран кез келген жарықта анық және кез келген бұрыштан көрсетеді.





Сенсоры сәл әлсізеу, бағасын ескеретін болсақ кешіруге болады. Сол себепті кішігірім ыңғайсыздықтар пайда болады. Мультитач 5 саусаққа дейін қабылдай алады.

Ішкі көрініс:

Басты мәзір



Қосымша бағдарламалар мәзірі



Оқу және серф жасау:

Өзім кітап оқуды жақсы көретін болғандықтан бірден Ireader орнатып алдым. Айнолмен кітап оқу өте ыңғайлы екен. Көзді немесе басты ауыртып жібереді деп ойлап едім, қателестім. Оқу еш қиынлық туғызған жоқ. Бәрі жақсы, сапалы және ең бастысы қазақ тілдің шрифтін оқиды екен!





Өнімділігі:

Өзім қызығып ойнайтын ойындармен тексеріп көрдім. Жеңіл ойындарды ойланбай ойнатып тұр, ал өте ауыр ойындар сәл қатып қалып жатты. Бұл нюанс әрине қайтадан бағасына келіп тіреледі. Сапаы жақсы, өнімділігі сәл төмендеу. Егер ойнау үшін алғыңыз келсе, басқа планшет алуға кеңес берер едім.



Процессор және де басқа қосымшаларын Antutu Benchmark бағдарламасымен тексеріп көрдім. Нәтижені суреттен көріп баға беріңіздер. Меніңше жаман емес нәтиже





Видео және әуен ойнату жағынан жап жақсы көрсеткішке ие болды. Ол жағынан берер бағам 8/10. Бір кемшілігі бар, жоғарғы сапалы видео ойнатуға күші жетпеді.

Батарея және жұмыс істеу уақыты:

Батарея заряды шамамен 5 сағатқа жетеді. Үлкен көрсеткіш болмаса да, бұл типке жарамды. Бағасы және басқа артықшылығы жайлы қайталамаяқ қояйын.



Басқа да қосымшалары:

Айтылмай кеткен бір қызық қосымшасы: Mini USB OTG кабелі арқылы тышқан (мышка) немесе пернетақта тіпті 3G модем (Acttiv, Beeline, Tele2) қосуға болады. Бұл қосымша 3G слотының жоқтылығын жауып тұр.



Қорытынды:

Әзірге айтарым осы. Қорытатын болсақ, Ainol Novo 7 Crystal толығымен көңілден шықты. Әр қондырғы секілді бұның артықшылығы да және кемшілігі де бар.

Плюстері:

+Android 4.1
+Жақсы экран.
+Екі ядролы процессор.
+Баға

Минустері:

-Қатты басқан кездегі корпустың сықырлауы
-Кішкене сенсорының әлсіздігі

Қалғанының барлығы стандарттарға сәйкес жасалынған.

Бағасы Қазақстанда шамамен: 25000 — 36000 тг.

© Alisher Toiguliyev SmartShow үшін,
SmartShow редакциясы ұсынылған девайс үшін SmartShop.kz интернет-дүкеніне алғысын білдіреді.
Бөлісу:

12 пікір

asaubota
бағасы әдемі екен

редакторында қазақша әріптер бар ма?
Alisher
Менің ойымша орналасқан ОЖ Қзақстанға арналмаған. Сол үшін қазақша тілді таба алмадым
Marco
Кеше бір техника сататын дүккеннен бағасы осы шамадағы планшеттер көрдім. Сыйлыққа планшет іздеп едім, сырын білмегесін алуға қорықтым. Мынаның сыртқы камерасы жоқ екен.
Айтпақшы, технодомда гелакси таб 2,0 50 мың теңгеден сатылып жатыр. Керек болса алып қалыңдар.
Alisher
Сыртқы камера менің ойымща планшеттерге аса қажетті емес. Ол үшін смартфон алған жөн
zholantai
шолу үшін рахмет, бағасы ұнап тұр. осы қазір алсерде сатылып жатқан 16000-18000 теңгелік престижиолар туралы білерің бар ма? 3G-дің жоқтығын wi-fi -дың точка доступын жасай алатын смартфондар арқылы елемеуге де болады. Өзім солай етемін.
Alisher
Ол планшеттерге сенімім төмен. Өзім қолданып көрмеген соң айта алмаймын. Ал Айнолда 3г жоқ болса да, ОТГ порт арқылы кез-келген модемді қосуға болады
Adiletshu
Бұнымен сөйлесуге бола ма?
Alisher
Сири өкінішке орай жоқ екен)) Бірақ сөйлесіңіз түсінеді, жауап қайтара алмайды)
asaubota
Alisher, кеңесің керек. веб-редактор үшін қандай планшет ыңғайлы? маған жұмысыма планшет алынайын деп жатыр, менімен ақылдаспай Айпад жазып қойыпты. ол керек емес дедім, қазақша әріптері жоқ деп. енді өзім айтуым керек. соған көмектесші. маған керегі ыңғайлы браузері болуы керек, редакторында қазақша әріптер болуы керек және жалпы оңай текст теру, контент орналастыру дегендей. бұрын планшет ұстап көрген адам емеспін.
Alisher
Galaxy Note 10.1 дәл келер. Немесе Galaxy tab 10.1 (екіншісі). Осы екеуінде қазақша да бәр әрі жылдам.
asaubota
рахмет. бағалары қалай, айпадтардан қымбат па?
Alisher
100000 нан бастап. Айпадпен бірдей-ақ болады