Г.Головкиннің қанды моншасы немесе алпауыт жұдырықтары

Алдымен Геннадий Головкиннің бокстағы қысқа тарихы, атап айтқанда өмірбаяны жайлы баяндағым келіп тұр.
1982 жылы, еліміздің көмірлі, кеңді астанасы – Қарағанды қаласында дүниеге келген. Жалпы бұл қаланың бокс мектебі сонау советттер кезеңінен бастап, мықты болып саналады. Елімізге талай мықты боксшыларды тәрбиелеп, қазақ батырларын әлемге паш етті. Соның бірі – Геннадий Головкин.
2003 жыл Әлем Чемпионы, 2004 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, Қазақстанның еңбек сіңірген бокс шебері, 7-дүркін ел Чемпионы. Сонымен қатар, өзге де халықаралық сайыстардың жеңімпазы мен чемпионы. Атап айтқанда, жастар арасындағы 2000 жылы Әлем Чемпионы, Қ.Р-ғы алғашқы І Спартакиаданың чемпионы, 2001 жылы мұңайлы мемлекеттер арасындағы Әлем Кубогының иегері, ІІІ Шығыс-Азиялық ойындардың чемпионы. Сонымен қатар, тізімдеп жетістіктерін жаза берсем, өте көп. Бұл менің ойымша ең негізгілері деп санаймын. 2006 жылдан бастап кәсіпқой боксқа өтеді.

Кәсіпқой бокстағы тарихын 2006 жылы орташа (72 кг) салмақтағы деңгейде бастайды. Алғашқы 8 жекпе-жекті алдын-ала аяқтап, әлемге мықты, әрі техникалық жағынан жақсы жетілген боксшы ретінде ой қалыптастырады. Кейінгі кездесулері есеппен аяқталса да, айқын басымдылығы айдан аңық болып тұр. 2007 жылдың қыркүйек айында француз Мехди Боудламен кездесіп (11-1), 2008 жылы сәуір айында Иан Гарднераны (20-3), сол жылдың қараша айында беларус Малик Дзиарраны (29-3) есептерімен ұтып шығады. 2009 жылдың 11 шілдеде алғашқы 12 раундтық шайқаста жаңа жұлдызы жанып, WBO сериясы бойынша бразильдік Джон Андерсон Карвальоны нокаутпен 2 раунда тізе бүктіреді. Кейінгі шайқаста, кезекті қанды моншаға ұқсап, ұтылмайтын Михаил Макаровты тәтті ұйқыға жібереді. 2010 жылдың желтоқсан айында WBA серияға сәйкес уақытылы Әлем Чемпионы атағы үшін колумбиялық Милтон Намезаны алғашқы раундтың өзінде ринг төсеміне қаты және мықты соққылар нәтижжесінде құлатып, атақа ие болады. Кейін WBA сериясы бойынша чемпион атанып, өзінің чемпиондық атағын 3 рет үлкен намыспен қорғап шығады.






Ендігі кезекте 2013 жылы АҚШ ең үлкен қалаларының бірі – Нью-Йоркте 19 желтоқсан жұлдызында Генаның бағы жанып, рингтің төсемін, өзінің үсті-басын, қарсыласының бетін быт-шыт қылып, үлкен бір қанды тартысты шайқаста тура бір қанды моншаға түскендей жеңіп шығады. Соққан жұдырықтары ойлаған жерге дәл тиіп, ұстанған тактикасы қарсыласын үлкен күйзеліске ұшыратып, әдемі бір бокс шайқасын әлемге паш етті. Осы кездесу арқасында ол өзіне маңдай алды термен, қызыл қанды жұдырықтармен, қиын әрі тартысты бокспен 350мың. $ өз қалтасына, ерең еңбегімен тапты.
Келесі кездесуі осы жылдың жылы, шуақты көктем күндері өтпекші. Генаға осы жолдан таймай, еліміздің көк байрағын жоғары желбіретіп, абырой, намыспен қорғап жүруіне тілектеспін. Әлемге Қазақстанның батырлары, намысшыл жігіттерінің қара күшін, әдемі әрі жоғары білікті тактикасын көрсете беріп, өзінің деңгейін өсіре берсін. Осы бокс сериясында өткізген 25 кездесуінің барлығысын, оның ішінде 22 нокаутпен жеңіп шыққаны, WBA сериясына сәйкес Әлем Чемпионы, IBO белбеуінің иегері үлкен белестерден көрінетінің дәлелі. Біз отандастары ретінде әрқашан қолдау көрсетіп, қуанып, мақтан тұтып жүре берейік!!!
Бөлісу:

16 пікір

Gulistan
Қанды көргенде, денем тітіркеніп кетті. Сонда кәсіпқой бокста бұған рұқсат бар ма?
Wolf
Рұқсат бар болғанда… негізінен егер қан қатты белгілі бір дене мүшесінен ағып (ұрып тұрса) онда әрине жекпе-жек тоқтатылып, жеңіліс жарияланады. Демек, төрешінің немесе бапкердің шешімімен анықталады.
kazkozha
Жарайсың Гена! Қарсыластарының бәрін де жеңіп Қазақстанның атын әлемге паш ете бер!!! Моншаң клиенттен босмасын!
Wolf
амин! моншасы әрдайым клиентке лық толы болып, барлығына Қазақстанның мықты күшін дәлелдей берсін!
bazuka
Мықты!
Wolf
 осындай жігіттерміз тек биік жеңістерден көріне берсін!
aizhan
боксты жақсы көрмеуші едім, бірақ мына видеодан кейін, Головкинге ғашық болдым) ана жердегі басындағы дайындықтың өзі, қарсыласымен кездесу, қаншама камера, журналистер, айқайлап жатқан жанкүйерлер… қандай қысым, не деген жүйкесі темір адамдар. Ал кейінгі жеңісі әсте Головкинді нағыз чемпион атағына лайық қылып қойды, спортсмендер деген тәні де рухы да мықты адамдар ғой
Wolf
дұрыс айтасыз! спортшылардың тәні мен рухы мықты болса ғана, белгілі бір жетістіктерге жетуге мүмкіншіліктері болады.
FaraOn1
Ендігі кезекте 2013 жылы АҚШ ең үлкен қалаларының бірі – Нью-Йоркте 19 желтоқсан
алға көп озып кеттің ғой брат)
Wolf
ойбай, қателестім екен. 2012 жылдың — 19 желтоқсан ))
Aidakonya
Осы жолгын шайкас ен кызыкты болды, шынайы рахат алатын женiс, осыган дейiн лайыкты карсылас кездеспеген едi, бул боксшы Украина клубында болгасын елде танымал, мухитты асып озге ел клубтарында тамаша онер корсетiп журген кандастарымыз аз емес
Wolf
иә, мұхиттың арғы жағында жақсы нәтиже көрсетіп жүрген қандастарымыз, жерлестеріміз жетер… лайықты қарсылас көптен кездеспегенімен бірнеше, атап айтқанда WBA және IBO сериялары бойынша әлем чемпионы атағына жетті ғой…
Armanjan
бір жерден оқығаным бар еді, сонда боксшылардың жетістіктерін пайызға шағып есептеп отырады екен, 100 пайыздық көрсеткішпен келе жатыр екен Гена. Сосын Әбеке мына жазбаны практиканттарға тергізіп қойғанбысың, «н», "ң" әріптеріне "қанды монша" жасап жіберіпті
asaubota
Пирог, Лебедев сияқтылармен шығуы керек. ал былай бұрынғы қарсыластарын ешкім танымайды ғой.
Abilakim
Пирог омыртқасының сыр беруіне байланысты жұдырықтасуды қабылдамады ау деймін
Wolf
Генаның қазіргі спорттық және денсаулық жағдайы нағыз болып тұр ғой! Осы жолдан таймас…