Тағы бір Астана жаңалықтары

Тұтынушы кейпінде жезөкшелер және жеңгетайларын ұстауға кеткен тағы бір полиция қызметкері нәпсісіне жеңіліп қайтты.

***

Тағы бір қырсық көшеге гамажсыз шықты. Шыдауда.

***

Сайт редакторлары конференциясына қатысқан тағы бір редактор Mail.ru сайтынан басқа миллиардтаған сайт бар екенін естіп таңданысын әлі жасыра алмауда. Редакция да шокта.

***

Мына тұрған жерге тағы бір таксист 700 алды.

***

Тағы да біреу үшін Астанадан жақсы жұмыс қаралатын болды.

***

Тағы да бір университет студенттерге 2-ші семестрде барылуы міндетті концерттер және флешмобтар кестесін жариялады.
Бөлісу:

18 пікір

Aidakonya
Редакция да шокта.
мен де шокімде))
Hetrou
Астанада жер тайғақ.
Er89
Жалдамалы патерде тұратын жас от басы жаңа ғана кешкі серуеннен оралды. Астананың зәулімдеріне қарап қол жетпес армандарын есіне алып.
VKM
Сайт редакторлары конференциясына қатысқан тағы бір редактор Mail.ru сайтынан басқа миллиардтаған сайт бар екенін естіп таңданысын әлі жасыра алмауда. Редакция да шокта.
хихи)))))
Delhi
Рафи шығармайтынын жоқ екен
bake
ең соңғы абзацқа студенттермен бірге кураторларын қосып ұйқастырып жіберсе жаман болмас еді)) баста бар нәрсе ғой… ұнасада, ұнамасада депті ғой біреу…
asaubota
бірінші жаңалықты Егемен Қазақстан жазар болса қандай тақырып қояр еді?

а) Нәпсісіне найқалған ноян
б) Жезөкшеден жеңілген жас жүрек
в) Орындалмаған орасан операция
Marco
 Жаңалықтардан көрі мынау өтті
Janasil
Менен 1-жаңалық.
Бір жыл ішінде майл агенттегі блогына 1583 рет жазба жазған asema_super-girl@***.ru атты қолданушы БЛОГҚҰРЫЛТАЙ-2013 болатынын естіп мықты дайындыққа кірісіпті.
Daniar-Alan
asema_super-girl-ге жасырын жарнама  Осыны көріп дәл қазір Абайус Отариус сындылар Асеманы іздеп отырмағанына кім кепіл?
konvict
 сыболыш
Daniar-Alan
іздедің ғо на, мойындаш
torgai
«Бетің қисық болса айнаға өкпелеме» деген мақалды естіген бір қыз, сол мақалды шығарған адамға өкпелеп жүр екен.
serjan
Үшінші жаңалық шындыққа жанасады.
ken
үшінші жаңалықтағы жағдайды приколға айналдырудың тізесі шығыңқырап қалған сияқты.
былайша жақсы))