Менің "сынақтарым". 1-курс

1-курс. Көктем. Соңғы сынақтар. Тіпті мектеп кезінен «дене шынықтыруға» бармайтынмын. Дұрысы қашып кететінмін. Бірінші курста да мектеп кездегі апайлардың «Ертең университетке түскенде мектептегідей мұғалім сендердің емес, сендер мұғалімнің артынан жүгіресіңдер» деген, мамамның «Оқысаңшы, қаңғи бермей» деген сөздері де бұл әдетімді қойғыза алмады. Спорт — менікі емес-тін. Шын ұнатпайтынмын...

Сонымен, ДШ-дан беретін, тек сыртынан ғана көрген ағайыммен танысып тұрмын. «Неге келмедің?»,-деді. Көзінде, сөзінде "қатал жазалайтын" адамның әрекеті байқалмайды . Бірден түсіндім. Бір сылтауды айтқан сымақ болдым да бірден "іске" көштім. Әдеттегі: «Ағай, енді қалай қыламыз, былай, келісуге болмай ма?»,-деген сөздер кетті. Қателеспеппін. «Жүзі игіден түңілме» дегенді атам қазақ бекер айтпаған ғой . "Үш мың ғой, бауырым..",-деді. Осылай «ағайыма» бірден «бауыр» болып кеттім . Алайда үшмыңдық сома ол кездегі есеп бойынша студенттің қалтасына біршама ауырлық түсіретін… Оның үстіне үш мыңымды беріп қойсам, аузын арандай ашып отырған «түрік тілі» пәнінің мұғаліміне, «информатика» пәнінің апайына, онан да бөлек толып жатқан ағайлар мен апайларға, онан бөлек сессияның біткенін «жууға», онан бөлек жатақхананың түбіне барып үш рет ысқырсаң 7 минутта атып шығатын Айгүл, Әсия, Бағилалар бар толып жатқан… Бұлардың бәріне теңгемді қалай жеткізем?!.. Ақыры не керек, жартысағаттық саудаласудан соң "әке-шешесі ауылда, оқуының ақшасын теміржол вокзалында жүкші болып өзі табатын, артынан ерген 12 аға-қарындастары бар (негізі інім ғана ), жағдайы төмен" студентке 500 теңгеге «жауып» беретін болды .

Бұл менің берген алғашқы парам еді. Ия, бұдан соң да көптеген параалушылық пен параберушіліктер болды. Бірақ, мынау пара беру алғашқы сүйіс секілді есімде мықтап сақталып қалды…
(жалғасы бар)…
Бөлісу:

14 пікір

Daniar-Alan
жалғасы кейінірек…
007
ешқай мұғалімнің алдына олай барып көрмеппін бәрін өзім жауып жүрм… денешынықтырудан автомат алып жүрм
beka95
х)) менің де ең алғам пара беруім дш мұғалімі. 500)
edige
3000 көп екен… Біздің кезімізде топ болып бергенде 200-300 тенгеден түсетін…
Бірақ ДШ ға емес… Бақандай тарих пәні зав кафы еді… Қазірде бір мектепке директор болып кетіпті
Daniar-Alan
Сіздер ауданда оқыдыңыздар ғой… а біз қалада
edige
аааа әрине әрине…
a63a1
Студент болғанда пара бермегендігіммен мақтана аламын, бір рет қана 500 теңге бердім оның өзі электротехникадан 5 ді 4 ке түсірем деп қинап жіберді, аш пәледен қаш пәле, зачеткамның ішіне 500 беріп құтылдым
madikon
өзім күшімді уақытымды салып жүріп тапқан ақшамды біреуге просто так бергім келмейді. қанша қиын болсада өзім орындап баға алғанды жөн көрем. бірақ маған ешқандай сабақ қиын болған емес.
temir1986
Математикадан бердім универде. Жоғары математикаға миым жетпеді. (Негізі кішкентайымнан әдебиетпен тарихты жақсы көріп, мат, хим, физға көңіл бөлмегем ғо) 3500 тг. Одан басқа сабақтың бәрін өзім жаптым. ДШ ға мектепте мүлдем қатысқам жоқ. қашып кететінмін. Бірақ класта ешкімнен жеңілмейтінмін. хе хе. Универде Жамал деген мұғалім берді. Рекетир филмнде бір эпизодта көрінеді. Бәрімізді боксер қылып шығарды. жамал мұғалімге рахмет, 10 шақты адам досым екеумізге жабылғанда шашып шыққанбыз
Daniar-Alan
10 шақты адам досым екеумізге жабылғанда шашып шыққанбыз
қойнақ 10 емес шығар енД…
temir1986
Енді сізге қайдан куә тауып берейін?
Daniar-Alan
куә жоқ болған соң ұржердің ғой, мойындаш ең болмаса 9-шығар?
temir1986
Қараңғы болатын деп құтылайын ә
temir1986
Ішінде біреуі 30 дардағы жігіт тте қалғаны 9-10 оқитын балдар сияқты. Қараңғыда штакетникпен бас салды, ішіп алып. Ана малды дұрыстап ұрдым. Лицейде күреспен темірмен айналысқам.