Музыканың адамның мінезі және ақылына әсері
Өзімнің өмірімді Linkin Park, Nsync, Backstreet Boys, Андрей Губин, Жігіттер квартеті, МузАрт секілді топтар және әншілерсіз елестете алмаймын. Рок, альтернативті рок, джаз, классика, блюз және домбыраның қоңыр дауысын естісем толғанып аспанға ұшып кеткендей боламын.
Бір байқағаным, музыкадағы таңдауы ұқсас адамдардың мінезі және өмірдегі қызығушылықтары ұқсас болып келеді. Киетін киімі мен сөйлеу мәнері де жақын келеді десем қателеспеспін.
Гуглдан бұл жайында ізденіс кезінде музыканың шыныменде адамға әсері өте қатты екенін көрдім. Ақпараттардың арасынан «Моцарт Эффекті» деген терминге тап болдым
Алғашында бұл терминді зерттеу тышқандардан басталған екен
Тышқандарға екі ай бойы, күніне 12 сағат Моцарттың соната до-мажорын тыңдатқан. Сосын тышқандардан "ұнады ма?" — деп сұраған. Сөйтсе олар "Ұнады" — деген xD Жәй қалжыңдаймын, күнде тыңдата бергеннен тышқандарға ақыл-ес кіргендей лабиринтті 27%-ға тезірек өтіп, және өту кезінде 37%-ға кем қателіктер жасаған.
Бұл терминге ең жарқын мысал, ол әлемге аты әйгілі француз актері Жерар Депардьеның жағдайы. Ол сойлегенде тұтығып(«заикание» — қазақ тіліне басқа аудармасы болса, айтуыңызды сұраймын) және еске сақтау қабілеті өте нашар болатын. Құдайға шүкір ол өмірінде жақсы дәрігерге тап болған. Дәрігер оған күніне кемінде 2 сағат Моцарт шығармаларын тыңдауды шипа ретінде жазып береді. Ол шипаның әсері оның өмірін өте қатты өзгертті, оның киноларын көрген болсаңдар көрген шығарсыздар.
Жерар тұтығып сөйлеуден толығымен арылып, еске сақтау қабілетін күшейткен. Соның арқасында әлемдегі аты әйгілі актер болып есімізде калды. Кейін ол бұл жайт туралы былай деген:
Томатисті кездестірер алдында бір сөйлемді де басынан аяғына дейін дұрыс бітіре алмайтын едім. Ол маған ойды түйнектеу мен мидың процестеріндегі түсіну синтезін толығын сезінуге көмектесті
Қорытындылай келе әр адам тыңдар музыкасын дұрыс таңдап алуы керек деп есептеймін. Мүмкін жас ата-аналар өзінің балаларын жас кезінен жақсы әуендер тыңдатып тәрбиелеуі керек.
Мүмкін айтылғаннын бәрі біреудің қиялынан шыққан ертегілер де шығар, дегенімен шет ел дәрігерлерімен бұл кеңінен қолданынылып келеді. Және интернетте бұл термин айналасында әңгіме өте көп.
Достарыңыздың қандай өлең тыңдайтынына қарап, мінезінің бейнесін жасап көріңіз, мүмкін бұл кейбір сұрақтарыңызға жауап берер.
Оқығаныңызға рахмет, және жақсы музыка тыңдаңыз ағайын! ^_^
Егер де кім Моцарттың до-мажор сонатасын тыңдағысы келсе міне
Материалды жазудағы көмек болған сілтемелер
en.wikipedia.org/wiki/Mozart_effect
ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D1%83%D0%B7%D1%8B%D0%BA%D0%BE%D1%82%D0%B5%D1%80%D0%B0%D0%BF%D0%B8%D1%8F
siellon.com/effekt-motsarta-muzyika-povyishayushhaya-intellekt
Менін туиттердегі балапаным
Вконтактедегі бетім
Фейсбуктада бетім бар екен
әйел адам аяқ ауыр кезде саз тыңдаудың пайдасы бар дейді...))
айтпақшы, шығыс стиліндегі түрік музыкасына қалай көзқарасыңыз? мен эмираттарда болғанда, жергіліктілер шығыс әндерін қоя берді, қоя берді. менің шын айтсам басым шаршады. үйренбеген екенмін. бір қаламсаппен қағазды оңды-солды шимайлап жатқандай әсер берді. немесе көлік айдағанда кенет бұрыла беретін, жұлқына жүргізетіндерді елестетті...))
Біреудің кісісі өлсе, қаралы — ол,
Қаза көрген жүрегі жаралы — ол,
Көзініңжасын тыймай жылап жүріп,
Зарланып неге әнге салады ол?
Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл,
Қыз танытыр, қызыққа жұрт ыржаңшыл.
Қынаменде, жар-жар мен бет-ашар бар,
Өлеңсіз солар қызық бола ма гүл?
Бала туса, күзетер шылдақана,
Олар да өлең айтар шулап жана.
Бұрынғы жақсылардан өрнек қалған,
Биде тақпақ, мақал бар, байқап қара.
Туғаңда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың, бәрі өлеңмен,
Ойлансаңшы бос қақпай елең-селең.
Өлеңді айтпақ түгіл ұға алмайсың,
Айтсаң, да, үддасынан шыға алмайсың.
Сен білмейді екен деп айтпасын ба,
Неге мұнша сіресіп құп алмайсын?
Өлең деген — әр сөздің ұнасымы,
Сөз қосарлық, орайлы жарасымы.
Сөзі тәтті, мағынасы түзу келсе,
Оған кімнің ұнасар таласуы?
Қарны тоқ қаса надан ұқпас сөзді
Сөзді ұғар, көкірегі болса көзді
Қадірін жақсы сөздің білер жанға,
Таппай айтпа оған да айтар кезді.
Сый дәметпе, берсе алма еш адамнан,
Нең кетеді жақсы өлең сөз айтқаннан.
Сүйінерлік адамды құрмет қыл,
Аулақ бол әнін сатып нәрсе алғаннан.
Көп топта сөз танырлық кісі де аз-ақ,
Ондай жерде сөз айтып болма мазақ.
Біреуі олай, біреуі бұлай қарап,
Түгел сөзді тыңдауға жоқ қой қазақ.
Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау,
Өлеңі бәрі жамау, бәрі құрау.
Әттең дүние-ай, сөз таныр кісі болса,
Кемшілігі әр жерде-ақ көрінеу тұр-ау!
Мақсатым — тіл ұстартып, өнер шашпақ,
Наданның көзін қойып, көңiлін ашпақ.
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,
Думан-сауық ойда жоқ әуел баст
Nsync,Backstreet Boys,Андрей Губин,Жігіттер квартеті,МузАрт(50/50) ,,,Мен музыканы таңдап және талдап тыңдаймын. Кейбіреуін екі тыңдап лақтырып тастаймын. Кейбіреуін анда сында бір тыңдап тұрам, жалықпау үшін.
Мен үшін тыңдау дегеннің үш түрі болады.
1) Тыңдау үшін тыңдау. Яғни жатып алып, әуеннің өзінен рухани ләззат алу. Оған классика, опералық өлеңдер, жалпы инструменталка және эстрадалық өлеңдерден тек 1 ғана пайыз кіретін шығар. Бұған сонымен қатар, қазақтың үздік күйлері де жатады.
2) Әлдене істеп жатып, соған арнайы көңіл күй тудыратын өлеңдер, былайша айтқанда фондық музыка.
Оған мысалы, жаттығу залында ауыр салмақпен жаттыққанда металл, индастриал метал, жеңіл салмақпен жаттыққанда гангста рэп, техно, РНБ, және велотренажерда немесе жүгіргенге кардио-жаттығуларға кислота, клубняк. Сондай-ақ, бұл топқа мен жұрттың медитация кезінде көмектесетін әуендерін, әр алуан би түрлеріне саундрек ретінде қолданатын әуендерін жатқызамын.
Той билері, Шәмші әндері, ұлттық билер, регги, лаундж әуендері, клуб биі, тек тоник, брейк-данс т.б, қатар бұған бальный билерге саундтрек болатын әуендер де жатады (Фокстрот, Румба, Танго т.б)
3) Оқитын әндер.
Бұған орындауына емес, ақындығына, немесе мәтіндік салмағына орай тыңдайтын әндер жатады. Әдетте рок жанры, рэп жанры, американ кантри, терме және т.б. мәтінді алға қоятын әндер.
4) Таным үшін тыңдау. Әртүрлі ұлт әуендері. Ежелгі мәдениеттердің инструменталды әуендері. Готика,
5) Менің еркімнен тыс тыңдайтын өлеңдерім.
Машинадан да, есіктен де, терезеден де, тойдан да, көшедегілердің аузынан да, әлгі жерінен де аңырап сала беретін поп-жанрындағы ішөтіктерді еріксіз естисің. Еріксіз жатталып та қалады. Бірақ соны жатып ап тыңдап, немесе интернеттен іздеп тыңдамаймын. Жалпы жамағат не тыңдап жатса, соны тыңдайтындарды түсінбеймін. Адамда талғам болуы керек сияқты.