Қыс

Керектің бір қолданушысы жақын уақытта қандай фотоаппарат таңдасам екен деп бас қатырып жүр еді. Сонда суреттерім жүктелмей, мен оны кішірейтуді де білмеп едім. Бұл суреттер Никон Д5100 үлгісімен түсірілген. Тамашалай отырыңыздар. Суреттер өңделмеген, араңызда кәсіпқойлар болса, кемшіліктерін айтып, қалай түзеуге болатынын айта отырыңыздар.






Бөлісу:

18 пікір

Marco
Сиырды шынжырлап қойған ба?)
Barsa
Қазіргі сиырлардың жағдайы жақсы ғой. Әр қайсысының құжаттары бар, ИИНды бізден бұрын алып қойған.
Aldeken
бас жіп байлап қоятындай мүйізін көріп тұрсың ба, Марко?
Marco
Ноқта деген болады
Abilakim
қыста қорадағы сиырларды біз де осылай шынжырлаймыз. Бас жіпке қарағанда ыңғайлы.
Barsa
Суреттегі кім? Менің балам қарайлас екен, аман болсын.
Marco
Суреттегі Әнуарбек құданың немересі болса керек. Дәу жігіт болсын!
bizbike
бұзау ғой сиыр емес
VKM
тәп-тәтті өзі))))
тағы да фотосуреттер күтеміз
bake
жақсы фотосуреттер, келесі фотосуретпен бөлісейін
bizbike
өкінішке орай жұмыста ашылмай жатыр, осында жүктей аласыз ба, немесе жекеге жібере аласыз ба
kazkozha
Керемет шыққан. Фокуспен тусіре алсаң бұдан да керемет етуге болсады. Суретке түсірерде негізгі объектке емес фонға мән беретін болсаң сенен жақсы фотограф шығуы мүмкін!!!
bizbike
фокуспен? ғаламтордан іздермін оның не екенін, фонға онша мән берілмепті расында да
kazkozha
Nikon 5100- ның өзінде фокус деген функция барғой
bizbike
қолмен фокус жасау деген жерінде ме? Мәзірінде ме әлде бөлек пе?
kazkozha
Жағарғы оң жақ бұрашында ағылшынша «F» деген тұрғой. соған қойып түсірсеңіз болғаны, Бірақ оған бір фотогоафтан тәлім алған жқн, өздігінен фокус жасапты дегенді көрмегенмін