2012 қалай есте қалды

Жалпы өткен жыл қандай жыл болды, немен есте қалды жаза отырыңдар.
Мен үшін төмендегідей болды.
Қаңтар — Жылдың басы жұмыс ауыстырумен басталды, Семейге іссапармен барып қайттым.
Ақпан — Керемет қырып жұмыс жасап жатырмын. Жаңа жұмысыма ризамын.
Наурыз — Алғаш рет Наурыз мерекесіне қатыспай қашып Форт Шевченкоға кеттім, (мекеме тіккен киіз үй, соны күзету, қазан ошақ тасу деген сияқтылар ғо). Қуырдақтың көкесі келгесін болды әрине, бірақ өкінбеймін.
Сәуір — Есімде нақты жоқ, бітпейтін жиналыстар айы болды.
Мамыр — 8 мамыр „Автокад оқиғасы 2„ лицензиясыз автокад орнату туралы ауызша бұйрықты орындамайтыным туралы жазбаша жауап бергенім үшін сөгіс алдым. Алғаш рет мекемемен жеңіс парадына шықтым. 10 куні жұмысқа зауқым болмай 3 күн ауырып қалдым. 14 күні жұмыстан кету туралы арыз жаздым.
Маусым — күтпеген жерден отпуск берді, ең аз отпускім 22 күн.
Шілде — Алғашқы ақысыз демалысым. Еркімнен тыс бессодержаниеге шықтым.
Тамыз — Ақыры жұмыстан шығып тындым. Жаңа жұмысқа кірдім.
Қыркүйек — Жаңа үйге көштік, енді ауылда тұрамыз.
Қазан — Ауылда сібет жоқ. 2 апта жүріп жалғаттық көптеп-көлемдеп.
қараша — Бітпейтін шабыспен өтті, нақты ештеңе болған жоқ айтарлықтай.
Желтоқсан — Алғашқы боран, қар, су жылтатын бойлерімді қатырып алдым, тесіліп тынды. 29 Желтоқсан балалар ойнайтын алаңға машинамды шығарып қойғаным үшін 6МРП штраф кидім.
Бөлісу:

27 пікір

asaubota
пәлендей есте қаларлықтай ештеңе болмаған сияқты. тек 25 маусымда Киевке Италия-Англия матчын 2012-дегі басты оқиғам ретінде айта аламын.
007
біраз қиындықтар болды бірақ өткен жылға өкпем жоқ,,, ең есте қалғаны 25 мамыр күні соңғы емтиханды тапсырып семестрді 4сіз аяқтап қуанғаным болды.
Ereimen
Қаңтарым ГосЗакуп парталының әлегімен, күн түні ұйықтай алмай жүрдім.
Ақпаным Жумыстан шығып қалдым, айдың күннің аманында сокрашение дейме сондай бірдеме.
Науырызым Бір ай күйзеліс
Сәуірім осы сайтқа тіркелумен ерекшелендім.
мамырда көктемде оралған жыл құсындай жұмыс іздеп Елордаға жол тарттым,
Маусымым білмеймін
Шілде Жоспар құра бастадым үйленсем бе деп,
Тамыз да тойға нағыз қызған дайындық бір жұмыстан ұсыныста келді
Қыркүйегім жұмысқа тұрумен басталады сосын ай ортасы болғанда өзімнің ақ отауыма рңаша кіріуіме мүмкіндік болды, қысқасы бойдақтықпен қоштастым
қазаным жаңа жұмысқа бейімделумен өтті
Қарашам бір жасқа есейдім
Желтоқсан Керекинфоға қайта оралдым
Бір жылым осы
Barsa
Осы жылы есімде қалып қойған, көп уақытымды (қаржымды) алған (салған) оқиғалар (атаулар):

EURO-2012, Арқанкерген, Бергей, Олимпиада, РБК ТВ, Пәтер, Grand Vitara, GuljanOrg, Galaxy SIII, Beeline 3G, гараж құрылысы, KolesaKZ, MegaTorrentsOrg, бассейн, сыра, бір күндік отпуск, жұмыссыздар армиясына қабылданған күн.
sigma
жұмыссыздар армиясына қабылданған күн.
Таза ауаның директоры болып па?
Barsa
Ия, шешесс. Бір түрлі екен жұмыссыз болған. Оппозициялық пікірлер шыға бастайды аузыңнан, билік халық үшін ештеме жасап жатпаған секілді көрінеді дегендей
mirasasem
Қаңтар – Керекинфоға тіркелдім
Ақпан – Ең алғашқы еңбек демалысымды алдым
Наурыз – Астанада өткен Блогқұрылтайға қатыстым
Сәуір – Шевронмен бірлескен жұмысымнан сыйақымды алдым
Мамыр – Жай күндер ғана өтті
Маусым — Күрделі өта жасаттым
Шілде – Жұмыстасымның Керектегі Бәленти екендігін білдім
Тамыз – Ең алғашқы, ең сүйікті жұмыс орным жабылып қалды
Қыркүйек – Көппен көрген ұлы көш
Қазан – Маусымда қолға алған құрылысымыз реттеліп, аз да болса көңілім жайланды
Қараша – Алматыда өткен семинарға қатыстым
Желтоқсан – Демалыс күндерінің көптігі мен Ақырзаманның паникасымен есте қалды
AKY
Қаңтар – Қыркүйекте берілген жобамыз қаржыландырылды деген хабар келді.
Ақпан – Белоруссияға сапар. Конференция.
Наурыз – Блогкемп.
Сәуір – Қаңтарда қаржыландырылған жобамыздың ақшасы түсіп, бір жырғап қалдық.
Мамыр – Ми ашу, тағы небір жобалар байқауына қатыстық.
Маусым — Өзіміз конференция ұйымдастырдық, содан соң Зерендіде демалдық.
Шілде – Ауылға барып, тікелей мағынада ең ыстық жазды басымнан өткердім.
Тамыз – Мамырдағы жобалар байқауы бойынша, біреуін жеңіп алдық. Соңғы күндері Моржық, Ақзерелермен Бурабайға бардық.
Қыркүйек – Мамамның зейнетке шығу тойына қатыстым. Сосын Болгарияға сапар, тағы да конференция. Алматыдағы Кинопати.
Қазан – Жұмыс, жұмыс, және жұмыс. Мемлекеттік сатып алу бөлімімен соғыс.
Қараша – Екі жобаның жылдық есебін жазу. Ай соңында Жапонияға сапар. Конференция.
Желтоқсан – Қалған қаржыны меңгеру, тағы да мемлекеттік сатып алу бөлімімен соғыс. Демалыс. Ауыл. Жаңа жыл.
Barsa
Мемлекеттік сатып алу бөлімімен соғыс
Жобаларыңа қаржы бөлмегені үшін бе?
AKY
құрал-жабдықтар сатып алу барысында. құр артық инстанция болып отырады, түк бітірмей.
omarbirat
Жоспардан тыс шығындармен есте қалыпты. 0-0 болып шыққандаймын бір шетінен. Бастысы — бас аман
a63a1
2012 соңғы күндері соткімнен документ жоғалттым. Омарбыраттың бас аман болсынына қосылам, басың мастықтан аман болса ештеңе жоғалтпайды екенсің
Abilakim
мен мас болмасам да жоғалтқанмын жеке куәлігімді. Мас болып отырып біреудікін алып кетпесе, өзінікін жоғалтпайтын қуалар бар
Aldeken
Қаңтар — Анамның мерейтойы, жұмыс істеп жүрген министрлік тарап, басқа министрлікке қосылу, басқа кабинетке көшу.
Ақпан — лауазымым бір сатыға көтерілді.
Наурыз — блогкемп, екі ұлымның және өзімнің туған күнім.
Сәуір — Эстонияға сапар. Қарындасымды ұзату.
Мамыр — 6 адам әзер үлгеретін жұмысты 3 адам болып атқару.
Маусым — Қызмет ауыстыру. Жаңа орынға бой үйрету.
Шілде — Ханшайымым дүниеге келді!!!
Тамыз, қыркүйек — Жұмыстың жұмысы…
Қазан — 1,5 жыл серігім болған көлікті сату. Жаяу жүргіншілер қатарына қосылу.
Қараша — Астанада тұрғалы 5 жылдың ішінде алғаш рет жалдамалы емес үйге көшу, алғаш рет пәтерақы төлеген жоқпын. Көлік алдым.
Желтоқсан — АЯЗ! Мемлекет тарапынан 3 бөлмелі пәтер беру туралы шешім шықты!
2012, Ренішім жоқ, рахмет саған!
Onlasyn
Пәтерді приказ шықпай тұрып алып қойдың ба сонда?
Aldeken
жоға, туысқанымның пәтерінде тұрамын қазір. бұйырса, енді мемлекет берген пәтерге көшем, жақында…
alisha
Бас аман — соның өзі олжа! Оңынан болсын бәрі!
2012 деймісің…
Қаңтар — Қаңтарда қақыратпадым ештеңе. "Қабырғамның" туылған күнін атап өткеніміз ғана есімде. Айтпақшы, ауылдан апам келіп, басына күзен бөрік кигізіп, қолына телефон ұстатып жібердім. Апамды білмеймін, өзім мәзбін… Алаған қолымды береген қыла бастаған Алламның несібесіне! Қаңтарды жақсы көремін, өйткені апам қаласын-қаламасын қалаға келеді осы айда… Жылдық есеп!
Ақпан — Бастығымның оң назарына ілігіп, кабинетім еурожөндеуден өтті
Наурыз — Мерекелеумен өтті ғой бұл айда… Отасқанымызға бес жыл толып, 10 наурызда ағаш тойымызды тойладық, 8 наурыз, 22 наурыз, одан қала берді 26 наурыз тағы бар
Сәуір — тайлы-тұяғымызбен Астраханьға барып қайттық… Анамыздың дертіне дауа іздеп…
Мамыр — Мамырда мардымды іс бітірмедік…
Маусым — Жүргізуші куәлігін алдым. Тиынсыз
Шілде — демалыс науқаны болғандықтан бұл ай қонақ күтумен кетті-ей осы…
Тамыз — ұжымішілік көркемөнерпаздар байқауында «Сөйлеу өнері» номинациясында бас жүлдені «байладық» қанжығаға!
Қыркүйек — жаңа кешеннің іргетасы қаланды осы айда… Шаптық біраз. Атамның 60 жасын тойладық ауылда.
Қазан — Жұмыс… сол баяғы…
Қараша — «Тұлпарлы» болдым… Алғаш рет өзім көлік жүргіздім… Көліктің артымен парковка жасауды меңгеру жолында өзім де, күйеуім де азды — көпті жүйке талшықтарын "құрбан" еттік.
Желтоқсан — Қарашада рульде бойымды қорықсам, желоқсанда «кайфты» сезіне бастадым. Далада қаңтар, мен әлі өз кайфімдемін!
alisha
Қарашада рульде бойымды қорқыныш билесе дегім келген…
Barsa
не болды енді?
alisha
ештеңе… жоғарыдағы қатені түзетіп жатқаным да…
Aidakonya
2012 жылы мен онымен таныстым  , алғашқы кәсіпқойлар деңгейіндегі ойын, жаңа құрамаға сіңісу барысында мінезімнің бар екенін өзіме дәлелдеуім, жалпы жемісті жыл болды!
VKM
2012 жылы Университет бітірдім, диплом алдым.Бірінші еңбек демалысына шықтым.Жұмысым да жаман болған жоқ,3 рет жалақым өсті, бірақ сол үшін мені ұнатпайтын адамдар саны геометриялық прогрессияда өсті. Бір адамды кездестірдім,қатты ұнайды.
Енді 2013 жылда бір арманым бар, жоқ 3 арманым бар. Солар орындалса деп Алладан тілеймін
Aldeken
Бір адамды кездестірдім,қатты ұнайды.
күдік-күдік… дідік-дідік…
omarbirat
— Өмірімде бірінші рет ұшаққа мініп көрдім! (күлмеңдер, е! )
— Ресейге барып қайттым.
— Астанаға қысқаша тур жасаудың сәті түсті.
— Ең көп оқиғалар машинаға қатысты болды. Ең ірісі:
Қыста сақтап қойған жаздық дөңгелектерімді бір ептібайымайдтар ұрлап кетіпті. Алуға барған кезде байқағандықтан, кім, қашан ұрлағаны белгісіз. Қарызданып жаңа дөңгелек алуға тура келді.
— Шымкентті көрдім. Әдемі қала. Ұнады. Қарасақал Садықпен кездесіп, біраз қоғам болып қауқылдасып қайттық
Әттеген-айлары:
* Шымкенттің шашлығының дәмін тата алмадым. Неге жемей кеткенімді өзім де білмеймін.
* Рульден қол босаған кезде, Шымкентте жүрсем де, сүзілмеген «Белый медведь» сырасын, әлде «Эфес» ішіп алыппын. Шымкентте жүріп «Шымкент» сырасының дәмін тату істеу керек деп жүрген нәрселерімнің бірі еді.
— Жылдың басында жұмсаған қомақты қаржым шығынға кетті. Нем бар еді десеңші
— Күзге қарай барлық қарыздардан құтылдым. Жаңа пайда болған жоспарсыз шығындарды жабуға қаржы табыла кетіп, бәрін 0-0 қылып тәмамдадым.
— Шуға соқпай, Меркіге тіке шығып кететін төте жол ашылыпты. Өз көлігімен жол жүрушілердің бірі ретінде кәдімгідей қуанып қалдым
qyzylordalyq_jigit
Бір басым екеу болды, жаңа пәтерлі болдық, айлығым 50%-ға өсті, лауазымым сәл-пәл көтерілді.
ПӘК-імді көтеруде бірталай прогресс жасадым. Өзіме ұнады бұл жыл, Аллаға шүкір.
Adiletshu
— 7 кг салмақ қостым.
— Өз еркіммен жұмыстан шықтым
— Жеке өз ісімді бастадым

басқа дым бітірген жоқпын
Akkoyan
мен калып койыппын гой менде жазайншыыыыы:
2012 жылы:
қаңтар: желтоқсаннан қалған қалың қарды күредім, арасында көрші-қолаң басқа біреулермен сөйлесіп тұрғанда тәтемнің балаларымен қар атысып ойнадым;
ақпан: 1ші рет конькиге барам деп аягымды шыгарып алдым, бирақ осыдан кейін жарнама ролигіне түсуге ұсыныс алдым;
наурыз: Керекинфога тіркелдім
сәуір: массаган осы ай мүлдем есімде жоқ… ужастик…
мамыр: сессиямды уздик жауып, диссертация жазуға мүмкіндік алдым;
маусым: Жүрек ауруы, дипрессия-------------------------------------------------
шілде: жаңа өмір бастадым…
тамыз: күніне 20 сағат жұмыста қамалдым…
қыркүйек: жұмыста жобамды қорғам кәдімгі адамша жұмысқа барып келіп істейтін мүмкіндік алдым)))
қазан: бұл ай әр жыл сайын керемет өтеді: менің туған күнім осы айда болғандықтан 1-нен 31 не дейін подаркаға тоям, сондай-ақ, осы айда жиенімнің жүрегіне жасалған операция сатті өтті!
қараша: көптен күткен ұлы той: үлкен үйде жылына 1 рет өткізілетін отбасымыздың саммиті, баріміз жиналып бір-бірімізді көріп мөөөөөөз болдық..
желтоқсан: керемет ай: жаңа жылдық скидкалардың басталуы!!!
Жалпы айтқанда 2012 мен үшін керемет жыл болды: көп нарсе үйрендім, қиындықтардан өттім, керемет адамдармен таныстым, мүшелден аман-есен аттап барам, жақсы жетістіктерге жеттім, ең бастысы-өзіме қымбат жандар және еліміз, аман-есен, жұртымыз тыңыштықта болды!