Өлкетанушы және ақырзаман
I бөлім
Ғалым, өлкетанушы А.Ф. Шаповаловтың күнделігінен үзінді
Мәскеу қаласының орталық мұрағатынан. Мұрағаттың ресми келісімі арқылы реставрацияланған түпнұсқаның көшірмесі тұңғыш рет баспа бетінде жарияланып отыр.
«12 ақпан, 1947 жыл, 10 сағат, 07 минут
Приморье Өлкесі, Сихотэ-Алин қыраты
Білмеймін, әлде айдалада жүріп зерттеу жұмыстарын жалғыз жүргізгендіктен, әлде айналадағы меңіреу тыныштықтың әсерінен, соңғы кезде осы тақырыпқа қалам тартқым келеді де тұрады. Бәлкім, ішкі рухани күйзелісті басымнан кешіріп отырғаным, бәлкім өнбей, алға баспай жатқан жұмысым себепкер бұған. Әйтеуір, кеше екі сағат отырып адамзат тарихындағы негізгі апокалипсистік болжамдар туралы жаздым. Қызық… Жә, бүгін ақырзаманның… (сөзді анықтау мүмкін болмады) орындалуына қатысты қағаздың бетін біраз қинайын.
… (шамамен 7-8 жол мәтінді анықтау мүмкін болмады, сиясы былғанған, кей жері күйген)
… расымен де адамды түрлі ойға жетелейді. Менің Ақырзаман бір күнде, бір сағатта аяқ асты келеді дегендерге таңым бар, себебі үлкен ауқымды, бір ғана планета аумағында емес, оның айналасындағы космостық кеңістікті де құшағына сыйдыратын процесс (адами фактордың кесірінен пайда болатын апаттардың алдын-алуға әбден болады деп ойлаймын) бір тәулікке тиесілі 24 сағатпен шектеліп қалмасы анық.
Эсхатология қорқытатындай адамзат тарихындағы күрделі діни-мифологиялық жүйелер болсын, соңғы жылдары қалыптасқан ғылыми-теориялық болжамдар болсын Жердің ақырғы күндерін (күнін емес!) белгілі бір адами-моральдік құндылықтардың жоғалуына (яки жоғалтуына) немесе арысы галактикалық, берісі Күн жүйесінің шеңберінде пайда болған табиғи не техногендік апаттарға байланыстырып, түсіндіреді.
Homo sapiens-тің жаппай қырылуы айларға, тіпті жылдарға ұласуы мүмкін деген болжам неге екені өзіме жақын. Жерді аздырып-тоздырып барып халық діңкелеп құриды дейтіндермен келісе қоймайтын шығармын, себебі оған ғасырлар, мыңжылдықтар қажет, сондықтан адамзаттың өзге, сырттан келген фактордың салдарынан құрып кетуі әбден мүмкін… (шамамен 3-4 жол мәтінді анықтау мүмкін болмады, мүлдем жанып кеткен) ...әйтеуір өзім Ақырзаман аяқ асты аспаннан түсе қалады дегенге сенбеймін, сенгім де келмейді. Мүмкін бұл көзқарас тым бейкүнә, дилетанттық болар, бірақ барым осы. Қалай дегенде де… (күнделіктің соңғы беттерін қайта қалпына келтіру мүмкін болмады).
II бөлім
«Вечерняя Москва», 17 ақпан 1947 ж.
"…Жители таёжного Красноармейского района 12 февраля — явились свидетелями весьма редкого явления. В 10 часов утра на небосводе был замечен гигантский пылающий метеорит, пронесшейся с огромной скоростью в направлении отрогов Сихотэ-Алинского хребта. Падение метеорита сопровождалось громовым шумом, вызвавшем сотрясение воздуха,.от которого в окнах многих зданий разбились стекла, разрушались трубы, как в сильную бурю качались бекона деревья. В ряде мест огромные дуби и кедры были вырваны с корнями. При падении метеорит оставил за собой густой дымный след коричнево-красного цвети, державшийся в воздухе длительное время. Были слышны взрыв. Установить место падения метеорита пока не удалось..."
III бөлім
MoU (Magazine of unbelievable), Гавайи, 12 ақпан 2007 ж.
«… Кеше сағат 11.00-лер шамасында Хило қаласынан 17 шақырым жерде денесін күйік шалған адам табылды. Кезекті рейдті орындау барысында орманшылар үстіне елден ерекше киім киген әлдекімнің үстінен шығады. Бөтен тілде әлдене айтып, ыңырсып жатқан адам қалалық емханаға жеткізілді. Жансақтау бөліміне орналастырылған белгісіз тұлғаның орыс тілінде сөйлегенін бүгін ғалымдар анықтап отыр. Олардың сөзіне сенсек «Хило адамы» емханаға келгенде үңгір туралы бірдеңе жеткізгісі келген. Естеріңізге сала кетсек, қаладан 20 шақырым жерде әлемдегі ең ұзын және ең терең Казумура лавалық үңгірі бар...».
талантты тани білетін сияқты болып көріну үшін пендеуи мәмбеттігімді құрбан қыла алмадым…
кешір, Димаш, меңгере алмадым, есьжы…