Осы сәт...
Өкінгенмен өткенге оралмаймыз,
«Бәрі жақсы болар!» деп жиі алдаймыз.
Біз қалаған жандарға калаған сат,
Бақыт құсы боп мәңгі қона алмаймыз.
Күн де батып, атады таңы жаңа,
Келу, кету- өмірдің заңы ғана.
Қуанайық еске алар қыска өмірде,
Үзік-үзік сәттердің барына да!
Уақыт жүзге әжім сап үлгеріпті,
Біреуге бақ, біреуге сын беріпті.
Дәл осы сәт сыйласып бағайықшы,
Жазылмайды көрісу күнделікті.
Уақыт тоқтап қалмайды қара да тұр,
Өткен күнді саусақпен санама құр!
Дәл осы сәт сырласып қалайықшы,
Тыңдар құлақ азайып бара жатыр.
Десек дағы «сөз бен сөз үндесуде»,
Уақыт бола бермейді тілдесуге.
Серуендеп қайтайық сергек оймен,
Кепілдік жоқ ертең де жүздесуге.
Адам жаны тым нәзік бір гүл еді,
Суғарылса жайқалып, үлбіреді.
Дәл осы сәт демейік жылы сөзбен,
Не боларын күні ертең кім біледі?!..
Үміт артып алда атар таңымызга,
Жақсы жандар жинайық жанымызға.
Өткен – елес, болашақ – бұлдыр сағым,
Дәл осы сәт – қолдағы барымыз да,
Тек білмеймін: бағымыз, сорымыз ба…
Әйтеуір шүкір қолда барымызға!
«Бәрі жақсы болар!» деп жиі алдаймыз.
Біз қалаған жандарға калаған сат,
Бақыт құсы боп мәңгі қона алмаймыз.
Күн де батып, атады таңы жаңа,
Келу, кету- өмірдің заңы ғана.
Қуанайық еске алар қыска өмірде,
Үзік-үзік сәттердің барына да!
Уақыт жүзге әжім сап үлгеріпті,
Біреуге бақ, біреуге сын беріпті.
Дәл осы сәт сыйласып бағайықшы,
Жазылмайды көрісу күнделікті.
Уақыт тоқтап қалмайды қара да тұр,
Өткен күнді саусақпен санама құр!
Дәл осы сәт сырласып қалайықшы,
Тыңдар құлақ азайып бара жатыр.
Десек дағы «сөз бен сөз үндесуде»,
Уақыт бола бермейді тілдесуге.
Серуендеп қайтайық сергек оймен,
Кепілдік жоқ ертең де жүздесуге.
Адам жаны тым нәзік бір гүл еді,
Суғарылса жайқалып, үлбіреді.
Дәл осы сәт демейік жылы сөзбен,
Не боларын күні ертең кім біледі?!..
Үміт артып алда атар таңымызга,
Жақсы жандар жинайық жанымызға.
Өткен – елес, болашақ – бұлдыр сағым,
Дәл осы сәт – қолдағы барымыз да,
Тек білмеймін: бағымыз, сорымыз ба…
Әйтеуір шүкір қолда барымызға!
2 пікір