Журфак бітірмеген журналистер

Жақында тәп-тәуір жазатын бір ағам: "Қазақтың үш жүзге бөлінгені өз алдына, енді журналистер журфак бітірген және бітірмеген болып бөлініп жатыр деп" — ренжіп отыр. Сіз білетін журфак бітірмеген қандай журналистер бар? Және олардың қандай айырмашылығы бар, сонда?
Бөлісу:

16 пікір

Marco
Мықты журналистер журфак бітірмегендерден шыға ма деймін)
Adiletshu
Сірә өзіңді меңзеп отырған боларсың
Marco
жоға, мен журфак бітірдім)))
meirzhan
Мүмкін өз мамандықтарын тастап, журналистикаға жүрек қалауымен келетіндіктерінен болар? Бірақ журфакқа да зорлап түсірмейді ғой.
beka95
журналисттердің мықты болуы журфактты оқыды, бітірді дегеніне байланысты емес, сірә. тіл байлығы мол, қазақи сөздері шебер байланыстырғаны мықтылықтың белгісі шығар.
Marco
тіл байлығы мен қазақи сөздерді шебер байланыстыру журналистка емес))) бұл, шындығында қазіргі қазақ журналистикасының ауруы шығар
NursultanSS
посттарыңды да оқу ыңғайлы екен, шағын қысқа-қысқа жазу үрдісіме?
bizbike
жақсы журналист болу үшін ойың ұшқыр болу керек қой, ол пәлсапашы болудан кем түспейді. Негізгі орган ми, тіл емес, ал тіл тек қосалқы бөлшек ретінде
Aikona
Журфак бітірмей журналист болғысы кеп жүргендерге қиын тиеді екен мына сөз  Ондай таныстарым бар, мықты деген журналистер тізімінен табылады екен
Armanjan
бір-екеуін атап жібермейсіз бе
Aikona
есіме тек Дархан Бесенбекұлы түсіп тұр қазір (Алаш Айнасы), қалғанын тағы жазармын
Zhanara2012
Қаламы жүйрік, жаза алатын адамға журфакты бітіру-бітірмеу шарт емес. Мектеп табалдырығында бастап жазғандар қайда қалады сонда? Туа біткен қасиеттердің бірі ғой.
mampasi
ондайлар көп қой. Филология бітіргендер журик болады көбіне. театральный бітіргендер диктор болып келеді де біраз жыл істеп корреспондент болып кетеді. Хабардағы Дана Нұржігіт консерватория бітірген, Данил Москаленко деген инженер, Арман Балтабай актер, Нұрбол Манап та актер, Максим Рожин енбек пәні мұғалімі, Ғалым Боқаш шығыстанушы, айтпақшы физкультурный оқындар тіпті мүлдем оқу оқымағандар да бар
негізі кейбір мемлекеттерде журфак деген мүлдем жоқ, өзінің білетін саласына байланысты бағдарламаларды жүргізіп журналист болады көбіне.
Marco
Қалай болғанда да диктордың да азды-көпті білімі, көрген-білгені болғаны абзал. Әйтпесе не оқып отырғанын өзі түсінбейтіндер де болады.
VKM
Журфакты сырттай оқуға болады ма?
aza
Мен журфакта оқымаған адаммын. Қазір қызметім журналистика саласында. Жандос Байділдә, Жарас Ниязбек деген мықты жігіттер бар, олар да мен секілді филфактан қанат қаққандар…