Атеист имам Серік Эдуардұлы: "Жұмысымнан кетпеймін!"
Өткен жұма құтпасында өзінің атеист екенін айтқан Жангелді мешітінің имамы Серік Эдуардұлы облыстағы жаңа дін жанжалының басталуына негіз болған еді. Өз бетімен жұмыстан кетпей отырған имам кеше баспасөз мәслихатын өткізіп, мәселенің мән-жайын түсіндірді.
Серік Эдуардұлы:
Осы сөздермен мәслихатын аяқтаған Серік имам екінді уақытының келіп қалғанын айтып, асығыс мешітке кетіп қалды. Атеист имам туралы Жангелді аулының жергілікті тұрғындарының пікірлерін білген едік:
Жұмағали (41 жас, кәсіпкер):
— Серік баурымызға еш өкпеміз жоқ. Бүгінге дейін еш оғаш қылығын байқамадық. Діни сауатты жігіт. Жамағат риза. Нағыз жұмысына берілген жігіт.
Нұрберген (15 жас, оқушы):
— Серік ағай тек имам ғана емес, ол жақсы ұстаз. Араб тілін және жалпы дінді ол кісідей түсіндіретін ешкім жоқ. Бұрынғы имам дін туралы айтқан кезде қорқытып айтатын, тыңдағымыз келмей қашатынбыз. Ал, қазір Серік ағайдың арқасында мешітке келетін балалар көбейді.
Серік Эдуардұлы:
— Мен профессионал адаммын. Өз жұмысымды адал атқарудамын. Мен атеистпін бе, емеспін бе ешкімнің басы ауырмауы керек. Бұл да мемлекеттік қызметтің бірі. Мен бірнеше жыл бұл істің білімін алған адаммын. Шетелден білім алып келдім, түрлі курстардан өттім. Бұл мешітке сайланар алдында да сынақтардан өттім. Менің жеке өміріме және көзқарастарыма ешкімнің шаруасы болмау керек деген пікірдемін. Кітаптарда қалай жазылса мен дәл солай жамағатқа намаздарын оқытып келемін, уағыздарым да тек рұқсат етілген әдебиеттерден алынған. Мұны бір жұмыс ретінде қабылдаймын, жұмысымды да профессионалша істеп келемін.
Қарап тұрсаңыз қоғамда көптеген салада келеңсіздіктер бой алуда. Неге солармен айналыспайды, маған тиіскенше? Аттестациялардан пара беріп өтіп жатқандар қаншама? Әскерге бармай-ақ әскери қызметте жүргендер қаншама? Қазақ тілін жақсы меңгермесе де тіл комитетінде отырғандар қаншама? Ойбай-ау, кейбіреулер Ұлттық Құрамада футбол ойнап жүр ғой! Ң әріпін айта алмайтын қаншама жүргізуші бар ТВ, радиоларда? Тіпті журналист атанып жүрген қаншама сауатсыз адам бар елімізде? Міне осылармен айналыссын.
Жұмысымнан өз еркіммен кетпеймін!
Осы сөздермен мәслихатын аяқтаған Серік имам екінді уақытының келіп қалғанын айтып, асығыс мешітке кетіп қалды. Атеист имам туралы Жангелді аулының жергілікті тұрғындарының пікірлерін білген едік:
Жұмағали (41 жас, кәсіпкер):
— Серік баурымызға еш өкпеміз жоқ. Бүгінге дейін еш оғаш қылығын байқамадық. Діни сауатты жігіт. Жамағат риза. Нағыз жұмысына берілген жігіт.
Нұрберген (15 жас, оқушы):
— Серік ағай тек имам ғана емес, ол жақсы ұстаз. Араб тілін және жалпы дінді ол кісідей түсіндіретін ешкім жоқ. Бұрынғы имам дін туралы айтқан кезде қорқытып айтатын, тыңдағымыз келмей қашатынбыз. Ал, қазір Серік ағайдың арқасында мешітке келетін балалар көбейді.
Сосын мен сақалы жоқ шалды көргем.
Оу ата ақсақал дейін десем сақалыңыз жоқ қой — деген едім
-Балам, сақалым болмасада ұрпаққа берер өнегем көп — деді де сақалын сипап, тостағандағы қымызын бір ұрттап қолына қара домбырасын алып, құлақ күйін келтіруге кірісті
Бiздiң aуылдың aлғaш имaмы кезiнде пәле iздеген, сотқaр оқушы, кейiннен aлқaш, нaшaқор, әрқaшaн төбелес aрaсындa тaбылaтын, бiр әйел шығaрғaн пенде едi. Aрaбия-Түркиядaн жынын қaққaн бaқсыдaй боп келдi.
Кейiннен Құрaнның бiр әрпiн дұрыс оқымaсaқ aлaқaнымызды көк шыбықпен осып жiберетiн.
Не ше, Памукта ма еді, оңтүстік-шығыс Анадолыда, әйтеуір, 40 жыл имам болған армян туралы бар еді ғой. Мұсылман емес екенін сүйекке түскендер ғана білетін соңында содан тәуір енді имамымыз
жеткізіп бере алмай отм) бар екеніне сенеді. (стақандас атеисттің сөзі)Ашуыңды бас, өтірік әңгіме.
құдайға сенбейтін адамның уағыз айту қисынсыз!
басқа жерден нанын тауып жеу керек шығар,
жаратушының барына сенбесе кету керек!