Пиң-поң немесе қарызды кешіру..
Мектепті есіңе алсаң, «балалық шақ, қандай бақытты кезең» болды деп өкінеріңді немесе «әйтеуір мектептен құтылдым-ау» деп қуанарыңды білмейсің. Ол кезде жасалған да, жасалмаған да қателіктер көп болды… эх...ііі джарайд енді тақырыпқа көшейік. Жалпы үстел теннисі немесе пинг-понг ойнап көрдіңдер ме, керемет ойын солай емес пе?! Шамасы 6-7-нші сыныптарда оқып жүргенімде біздің мектепке үстел теннисіне арналған үш үстел әкелді, оны мектепке кірген кезде бірден көруге болатын еді. Иә-иә сабаққа бара жатқанда «уоо, үзілісте сосын сабақтан кейін кешке қалып ойнайтын болдық қо», деп көңілің көтеріліп қалады, естеріңізде болса ешқайсысымыз да мектепке үлкен «желание»-мен бармайтын едік, фобия деуге келмес, дегенмен… Спорттың осы түріне қызыққаным соншалық, арнайы ракетка сатып алдым, ааа джө-джө… өтірік айтам, маған әкем сыйлаған екен ғо «советский», қалыңын, ауырлауын, сосын біздің сыныптағы бір балада болд сапалы ракетка, оның да қағидасы «the best or nothing» болатын, алайда түк те ойнау білмеді, ал қалған балалар дүкендерден қытайдікін сатып алып жатты, кейбір балдар двп, фанерадан өздері жасайтын, шарикті ұрғандағы дыбысы жіңішке шығатын, ана дыбыс үстел теннисіндегі бүкіл кайфты бұзып жіберетін. Тіпті мектеп директоры да ракетка сатып алып ойнай бастады, әрі алгебра, геометрия пәндерінен сабақ берді. Ахан ағай осының барлығына қалай үлгеріп, қалай шаршамайды деп таң қалатынбыз. Осы ойынды біздің сыныпта тек 5-ақ бала жақсы ойнады, оның ішінде: мен (жаман мақтаншақпын иә?!)) және менің екі досым. Қатты соққылардан жарылып қалатын шариктерді 10-15 теңгеге кезекпен сатып алып жүрдік. Бір күні сабақтан кейін кешке қалып, басқа балдардың ақшаға ойнап жатқандарын көрдік, өйткені жай қызық үшін ойнау қызық болмады. Шыны керек ақшаға ойнауға қорықтым, ол кезде бізде қайдағы ақша, үйден 100-200 теңге беріп жібергенге мәзбіз. Бірақ қасымдағы екі досымның бірі маған қызыққа ақшаға ойнап көрейік деді. Білесіз бе, досың араңдағы бәсекелестік ең жаман сезім екен, ойын барысында оны кәдімгідей сездім. Кім мықты? ойын басталды, ол да, мен де беріспей келе жатырмыз: «бір де екі, бес те үш», одан кейін орыстілділерден үйренгендей: «по пяти, по шести, шесть семь» деген кетті, 10-нан асқаннан кейін шах және мат, ол жеңіп кетті, мен оған қарыз болып қалдым. Екінші ойынды бастадық, бұл жолғы соққыларым оның аумағына дәл түсіп жатты, қисық түскеннің өзінде үстелдің бұрышына тиіп, маған ұпай саналып жатты, торға тірелгендей болып, оның үстел бөлігіне қайта түсті мен жеңдім, теңестік, ешкім ешкімге қарыз емес. Әрине осы жерден менде жеңіске деген сенімділік пайда болып, оның үстіне қарыз болу «аңшылық емес», менің тарапымнан сериялық комбо шабуылдар жасалды, тіпті 3 ұпайдан асырмай шах және мат қойып жаттым, ойынға кіріп кеткенім соншалық, приколдар айтып үлгеріп жаттым. Досым ақшаға ойнауды өзі бастағасын «осы жерден доғарайық» деп айта алмаған шығар, мен болсам оған бірінші кезекте дос ретінде емес, бәсекелес ретінде қарадым, сөйтіп ол маған 3000 мың теңге қарыз болып қалды, ол кездегі 3 мың қазіргі 30 мың десем қателеспеспін. Мен шыны керек қуанар-қуанбасымды білмедім, өйткені тәуекелге достық қойылып тұр, оның көңіл-күйі жоқ, бірақ обалы не керек, «қарызды қайтарам» деді. Сөйтіп бір апта өтті, екі апта өтті мен де күте-күте жалыға бастадым, тіпті шыны керек, гангстерлік фильмдердегі «эээ, қарызымды қашан қайтарасың» деп қинайтындарды түсіне бастағандай болдым. Сосын ойланып-ойланып басым қатып кеткеннен кейін, қарызын кешіре салайын, бұрынғыша дос бола берейік, оның үстіне өзімнен де, одан да үлкен жүк түссін деп оның туған күнінде осылай сый жасадым. Сыныптағылардың ішінде жасаған менің сыйым ерекше болды-ау сірә, содан кейін ақшаға ойнау, бәстесу, жолдастардан қарызға ақша алу немесе әсіресе қарызға ақша беру дегенге сақ қарайтын болдым.
Аудионұсқасы: micknick.podfm.ru/my_podcasts/15/
Аудионұсқасы: micknick.podfm.ru/my_podcasts/15/
алде Абай Тоғжан ұмытып тұрм) барып ойнайтын туғынбыз. одан біздің мектепте уйірме ашылып, соған қатыстықбір ай). тіпті столдың бұрышына тигізудіде менгеріп алған сияқты едім…