Жанталас



Ия ия… қуанып отырмын. Есерсоқ дерсіздер мүмкін. Бірақ шын қуанып отырмын.
Неге??
Осы жаңа ғана, осы қазір мына бір постсымақты көрдім, оқыдым пікірлеріне дейін.

Постта әлгіжердегі шалақазақ қыз Әлия Есенованың (атынан садақа кеткір) журфакта оқып ол жердегі қазақ студенттердің шалақазақ һәм қазақ емес студенттермен тіпті (қайталап айтамын тіпті) уақыт өте келе амандаспай қойғаны жайлы жазылады. Оны қойшы, оны мына бір " которую я называю «казакша сойле» закладываются с детства и даже не родителями, а учителями в школе. Жалкими, закомплексованными училками, которые пошли учиться в пед не от большого ума и призвания, а потому что баллов или баранов не хватило поступить на нормальную специальность" (кешіріңіздер, сол жерден алынған пікірлерді тура мағынасында көрсету үшін осылай аудармасыз беріп отырамын),-деген пікірі арқылы ақымақтығы мен топастығын мұғалімдерге жабуында. Әдеттегі «оған біз емес, саясат кінәлі… бла-бла-бла» пікірлері айтылып, соңы жылауық истерикамен біткен. Соңғы сөйлем: «ПС: Пост не касается нормальных людей, владеющих казахским языком и не навязывающим остальным политики превосходства казакшасойлесных» деп аяқталыпты. Пікірлер саны да әжептәуір. Қарама-қайшы көбісі. Мәселеңки, Тарлан атты блогшының мына бір пікірі бар.
Қазір, неге олардың қазақша сөйлеулері шарт екендігінің өзі жаза берсең том-том кітап болады, онсыз да барлығы білетін нәрсені қайталап жазып шығуды жөн санамадым.
Қуантқаны — шалақазақтардың секіріп жатқаны, қорқып отырғаны, осындай посттар арқылы "қарсылығын" білдіріп отырғаны (ал жеңіс қашанда көпшілік жағында екендігі айдан анық). Түбінде қазақтар шалақазақтардан басым болады.
Өкінткені — «Вот что я хочу сказать – РОДНОЙ язык тот, на котором ты думаешь, язык, на котором с тобой говорила твоя мама, язык, на котором тебе пела песни твоя бабушка. Это твой РОДНОЙ язык! Зачем нам учить казахский язык, если нам и на русском комфортно. Только потому, что так сказал Большой Брат?», балаларымды орысша балабақшаға беремін деген пікірлері. Текетірес ұзаққа созылады…

САРЫ ОРЫСТАН ҚАРА ОРЫСТЫҢ ҚАУІПТІРЕК ЕКЕНДІГІНІҢ © ТАҒЫ БІР КӨРІНІСІ ОСЫ...
Бөлісу:

18 пікір

Daniar-Alan
ал, Гаста жібер аттікінің басын
ken
Зачем нам учить казахский язык, если нам и на русском комфортно. Только потому, что так сказал Большой Брат?
большой браты кім?
Daniar-Alan
орысы шығар деп жобалап отырм шешесс
aza
Лібә, жанталас қо мынау, жаны алқымға тірелгенде байғұс құрбандық осылай тыпырлар еді… Гаста не істесін, қасқа?! Көбейіп кеттік қо, дымкөрмеген, жабайы нағыз қазақтар… Шалақазақтарды аяймын, бірақ мемлекет біздікі ғой… Жанталас… Жақсы…
Daniar-Alan
айтар ойымды дұрыс түсінбей ма деп ем. Мына сөз «ЖАНТАЛАС» дәл келеді екен… Посттың атын осылай ауыстырсам, қарсы болмайсың деген ойдамын…
aza
Жалпы, білмегенді сұрап, үйреніп отырған дұрыс, Дон… Қарсы емеспін!
VKM
Менің апам осындай тіл білмейтін, білгісі де келмейтіндерді «дүлейлер » дейді. Қазақтың жаманы орыс бола алмайды деуші ме еді… Мен орыстармен оқыдым, дос болдым, бірақ білетінім, ақылды орыстар қазақша білгілері келеді, сөздер жаттайды, көбірек салт, дәстүрлерді білгілері келеді. Менімен егіз Аня мен Лена деген қыздар оқыды, Наурыз, Тәуелсіздік күндерін жүргізетін қазақша,қазір Новосибирскіде тұрады. Ал мына қызды атывстау керек «отрезанная ломоть», түзелмейді(((
aza
«Атывстау керек...» Жаңаөзеншатыс… Жүрегіңнен сенің…
Adiletshu
ВКМ, Ювижнға өтіп әлгі қыздың жының қағып келші)
VKM
ок,қазір инет жылдамдығы нашар болып, барлық жазғаным жойылып кетті…
Zhanara2012
Ал мына қызды атывстау керек... НӘН «тағы айтам қазақша сөйлеңдер» деп айтқан ссоң шала бүлінген түрі ғой… Есенованың. Сасқан үйрек артымен осылай да сүңгиді…
Қай Вуздың студенті, точносын калай білуге болады?
Karaetik
13 күн өткеннен кейін сен неге жанталастың?
Janasil
Бұндайдың әлі талайын көресіңдер. Жақсылықтың белгісі бұл.
zholantai
таңды-таңға ұрып дауласа беретін тақырыпқа жазған екен, өзі де
Tyulpan
осындай нигилистер бар ғой иә, жыныма тиіп бітті. "іштен шыққан жау жаман". осындайлар жоғарыда отырып алып, бәрін бұзып отырған. барлық пәле қазақтардың өзінен, әйтпесе басқалардың бізде несі бар?.. ((
VKM
Толық қосыламын!Өз тілін білмей,ұялғанның орнына жылап, белгісіз біреулерге базына(осы сайтта үйренген сөзім) айтып жүрген…
MickThatsMyNick
бұл фейк болуы мүмкін, кезекті провокация
temir1986
Білгенін боғын құссын. Не бар соларға Қазақстанда. Егер комфортно болатын болса Ресейге кетсін. Қуып шығу керек шетінен сатқындарды. Мен Революция жағындамын. Маған өзіміздікілермен жеңіл. Білеміз орыстар мен орыссымақтардың қаншалықты "әділдігімен" «шындықшылдығын» Қайда проблема жоқ, олар сол жерде. Өз шеңберлеріне екіжүзділермен сатылғандарды қосып алып «халықтар достығын» жырлап жүрген шовинистер.