Пілдер “жаназасы”



Пілдер — қоғам боп өмір сүретін мақұлық болғандықтан, олар өздерінің отбасы мүшелеріне қатты бауырмал болады. Сондықтан да олар ауру және қиын жағдайға тап болған бауырларына қол ұшын созып жүреді ылғи. Сондай ақ, олар мерт болған бауырларына «Жаназа» оқып, тіпті оларға арнап еске алу рәсімдерін өткізіп тұратынын сіз білесіз бе?

Пілдердің өз типтестері өлгеннен кейін өткізетін айрықша жерлеу рәсімдері жөнінде ғалымдар жақында ғана білген. Өлген туыстарының сүйегін көргенде, тұмсықтарымен оны құшақтап, аяғынан тұрғызғысы келеді екен (тура бір жанына жақын серігін өлімеге қимайтын адамдар секілді). Кейін сол сүйектің өлік екенін білгеннен кейін, тұмсықтарымен керней тартып, у-шу көтеріп, жоқтау айтады. Кейінннен мейіттің үстіне жапырақтар лақтырып топырақпен көміп, солай жерлейді. Содан соң екі күн бойы «моланың» басына зиярат жасап, оның қасында ұзақ уақыт болады. Ол аз болғандай, пілдер тек қана өздерінің туыстарының ғана емес, жолдарында кездейсоқ кездестіріп қалған бөтен жануардың да өлігіне осылай «жаназа» рәсімін жасайды екен.

Пілдердің өлген туыстарының қасында соншалықты ұзақ уақыт бойы қамқор болуы қатты таң қалдырады. Тіпті адамға ең ұқсас жануар деп танылған маймылдардың өздерінде бұндай қамқорлық байқалмайды. Рас, ғалымдар бір шимпанзенің ұзақ уақыт бойы өлген туысының қасынан кетпегенін байқаған, алайда өлі дене шіри бастағанда, шимпанзе ала тонынын ала қашқан.

Дерек көзі: National Geographic

Аударған: Мұратбек Әл-Атырауи
Бөлісу:

7 пікір

patick
Ауылда сиырлар да жамырай мөңіреп, өліктің қасында «жоқтау» айтатын.
Erke
Сиыр сойылған жердегі қанға келедіғо олар, бірлет көргем!
Abilakim
ия, кішкене кезімде сондай сәттерде сиырларды әрірек айдауға жүрексінетінмін. Әсіресе, дәу бұқалар топырақ шашып, ышқына дауыс шығарғанда қорқынышты болатын.
007
Ұмытпасам 5 сыныпта оқитын кезім, жаңа сойылған қойдың терісін өгізге көрсетем деп тақай бергенімде өгіз тұра қуғаны бар қанша жер қашқанымды білмейм артыма қарасам өгіз жөніне кетіпті.
Gastarbaiter
Автор жануарлар қауымдастығына салғаныңыз дұрыс шығар жазбаңызды?