Құмырсқаның адамға ұқсас, беймәлім тұстары
Бүгінгі қоғамдағы адамзаттың күйбең тірлігі, тынымсыз еңбек етуі секілді қасиеттердің барлығы кішкентай болса да, әлі зерттіліп бітпеген құмырсқалардың бойынан табылатыны ешкімге таңсық емес. Алайда, жыл өткен сайын ғалымдар құмырсқалардың бізге беймәлім, адамзаттың тұрмыс тіршілігіне ұқсас тұстарын ашуда. Мен сізге солардың ішіндегі таңдаулы үш жаңалықты ұсынамын.
ҚҰМЫРСҚАЛАР НАРАЗЫЛЫҒЫ
Бүгінгі қоғамда түрлі әлеуметтік жағдайға байланысты наразылықтар, шерулер, көтерілістер жиі орын алып жатады. Дәл сондай наразылықтар құмырсқалар арасында да орын алатынын білуші ме едіңіз?
АҚШ-ның Солтүстік-Шығысында Protomognathus americanus атты құлиелнуші құмырсқалдардың бір типі мекендейді. Һәм олар Temnothorax longispinosus атты басқа бір типке үнемі шабуылдар жасап тұрады. Ол үшін олар ересек құмырсқаларын өлтіріп, жұмыртқаларын алып кетеді. Кейін сол алып кеткен жұмыртқалар өсіп шығып, олардың құлдарына айналады. Сол құл-құмырсқалар қожайындарының жұмыртқаларын бағып қағып, асырап, оларды қауіптен қорғап жүретін көрінеді. Бұндай құл-құмырсқалар Protomognathus americanus типінің бір калониясында 30-дан 60-есеге дейін жетуі мүмкін.
Сондай-ақ Protomognathus americanus құмырсқалары байырғыдан құлиеленушілікпен айнлаысқанымен, кейде олардың құлдары «наразылықтар, көтерілістер» жасап тұрады. Құлиеленуші құмырсқалардың балапандары өздеріне ғана тән, айрықша феномендер бөле бастаған кезде, Temnothorax longispinosus құмырсқалары өздерінің емес, бөтен біреудің ұрпағын асырап жатқанын бірден түсінеді екен. Сол кезде құл-құмырсқалар олардың жұмыртқаларын асыраудан бас тартып, тіпті оларды өлтіруге дейін барады екен.
Бір қызығы құлдардың бұндай наразылықтары өздеріне еш қандай пайда да, бостандық та әкелмейді. Алайда, қожайындарың саны азаяды. Бұл өз кезегінде, наразылықтардың көп орын алмауына әкеледі.
САНАСЫЗ ҚҰМЫРСҚАЛАР САНАЙ АЛАДЫ
Құмырсқалардың бір-бірімен байланысып, тілдесетіні ғылымға жаңалық емес. Алайда Сібір ғалымдары құмырсқалардың тек сөйлесіп қана қоймай, олардың тіпті санай алатын қабілеттері бар екенін анықтаған. Олар қосуды, алуды, тіпті қарайпайым есептерді шығаруды да біледі екен.
Зерттеу нәтижесі қарапайым. Бір үлкен тығыздыққа шытырман (лабиринт) орналастырып, оның ішіне дымқылданған мақталар орнатады. Ал оның біреуін тәтті сиропқа малып қояды. Содан соң, сол шытырманға барлаушы-құмырсқа келіп, қай жерде қандай азық бар екенің анықтайды. Құмырсқа илеуіне қайтып келіп, мұртшаларын тигізу арқылы, азықтың қай жерде тұрғанын басқа құмырсқаға хабарлайды.
«Осы жолмен тіке жүресің, сегізінші бұрылыстан кейін оңға бұрыласың, содан соң қайта солға екі рет бұрыласың». Шамамен осылай хабарлайды олар бір біріне. Содан соң құмырсқалар сол азыққа ұмтылып, еш қәтесіз азығын табады екен.
ҚҰМЫРСҚАЛАР ИНТЕРНЕТІ
Жалпы интернет деген ғажап кеңістіктің адам қолынан жасалған, сондықтан ол тек адамдар арасында ғана қолданылатын дүние һәм оның жан-жануарлар арасында болуы мүмкін емес екеніне сенімдісіз бе? Ендеше, қәзірден бастап ол сеніміңізден арыла беріңіз.
Стэнфорд университетінің ресми сайтында жарияланған мәлімдемеге сүйенсек, аталмыш университеттің биологтары мен есептеуіш жүйелерінің мамандары орақшы-құмырсқалардың әрекеттері интернет трафигін басқаратын протоколдарға ұқсастығын анықтаған
Құмырсқа мен интернетті салыстыратындай ортақ еш нәрсе жоқ ғой деп таңданарсыз. Алайда Стэнфорд университетінің зерттеушілері орақшы-құмырсқалардың азық іздеуге жіберілетін жұмысшылардың көлемін анықтауы, интернет протоколдарының деректерді табыстаған кездегі (Transmission Control Protocol ) каналдың көлемін анықтауынан айнымайтынын дәлелдеген.
Ғалымдардың пікірінше құмырсқаларды тереңірек зерттеу байланыс технологияларының одан әрі дамуына ықпалын тигізбек.
Биолог Дэбора Гордонның айтуынша, әлемнің түкпір-түкпірінде құмырсқалардың 11 000 түрі бар, олар не бір түрлі экологиялық проблемаларға душар болып жатырса керек.
Мұратбек Әл-Атырауи
9 пікір