Эстафета: Керек маған, мен керекке не бердім

Данияр бауырымыз бастаған эстафета жалғасусыз қалмасын.
Ойланған адамға әлдебір виртуал сайт саған о бастан борышкер емес, сенің оған да берешегің мөрленіп, заңдастырылмаған. Бірақ алынып та, беріліп те жатыр.
2004-2005 жж. бастадым-ау деймін бұл саяхатты. Керек маған өмірлік достарды берді. Сертіне берік, досына адал, позициясына мығым. Мен, өкініштісі, дәл сондай ғып қайтарып бергеніме күмәнім көп. Ол матрица сияқты, қисапсыз элементтерді шыр айналдырып жіберетін. Ұрыстырып табыстыратын, табыстырып қайта қырқыстыратын.
Керек керегінен артық бере алады. Негізі.
Он жыл деген қазақ сайты үшін аз емес. Кәдімгідей меже. Көбірек жасалғаны игі емес пе, жоқ па, оны кейінірек білерміз. Несібесі аз болмағаны шындық, бірақ.
Керекинфоның қазақы форманы әсерілемей, тым қарауытып қоюлатпай, колоритіне шаң жуықтырмағанын қалаймын. Көбіне оқыған, тоқыған жастар көптеп келеді. Берімі аздау жеңіл-желпі әңгіме емес, салмағы мен үйретері көп жазбалар азаймауы керек. Оңласын бауырымыз осы үрдісті жап-жақсы бастап еді бір.
Керек — мектеп. Мектепте тәртіпті боласың ба, жоқ, әлде, қиқар боласың ба — толық өз ықтиярыңда. Еркіңді әзәзілге жыққызып-жыққызбау да. Өз қолыңда.
Лайым, керекинфоның ортасы толып, бақытымыз баянды болсын.
Эстафета таяқшасын VKM қарындасыма берсем деймін.
Бөлісу:

30 пікір

Aikona
Сіздер керектің алғашқы қарлығаштарысыздар ғой!
Marco
Иә, біз де оны Қарлығаш деп атаймыз!
Nurgisa
 Оның рас, оның рас, Таңшолпан Мұхитдинова
Marco
Өтті, өтті қарындас, ой Қарлығаш
AKY
Таңшолпан Мұхитдинова
таныс есім
Nurgisa
«Керекинфо» платформасынан, менің есептеуішме, қазір екінші ұрпақ толқыны тәлім алып келеді. Ескісіне кей ретте ұқсай қоймайтын жаңа заманның лебі есетіні де содан шығар.
Aikona
үшінші деген дұрыс шығар
Gastarbaiter
Ал мен толқындарға бөлмес едім, кезеңдер шартты ғой, қолданушылар да, мазмұн да, леп те үнемі өзгеріс үстінде болады. Тұрып қалу жоқ, құлау не ілгерілеу Күнде. Сөз сайын. Пост сайын
Zhanara2012
Ендеше, осы "Қарлығаш" туралы өз ойымды айта кетсем…
1. «Керек» маған не берді? «Керек» маған ойдың еркіндігін, қиялдың ұшқырлығын көрсете білді. Осыған қуандым. Бар уақытым студент жастардың ортасында өтіп жатқандықтан, бүгінгі жастарға Мағжанның (Жұмабаевты айтам) көзімен емес, күмәнмен қарауым басымдау еді. Өз ойын айту былай тұрсын, көзқарасы жоқ жастарды көріп, таң қалам. Мұнда ашық пікір алаңын көріп, бұл пікірім түбегейлі өзгерді. Абай айтатын дүние атты үлкен көлде, заман жел болып соққан уақытта талабына сай жастарымыз бар екен. Эрудициясы мол, ойын ашық айтатын, пікірі қалыптасқан жастар ертеңгі ел болашағы ғой…
2. Халқымыз ибадан аттап кетпей, жабық тақырыптарға тосқауыл қойып қойған. «Мұнда „Керекте“ мен сияқты адасып келіп қалған керекшілер аз уақыттан соң адасып, „Жабық тақырыптарға“ кірген кезде жабулы қазанның қақпағын ашқандай күй кешеді екен. „Өлі әңгімелер“ деген тіркеске разы болдым. Сол әңгімелердің өзі не тұрады? Мықты тақырыптар.
3. Студент кезімде „Керектен“ бір жақсы идея тауып алым жеке мүддеме (ұрлап....) пайдаланған едім. Қазір де жақсы идеялар, тақырыптар тұнып тұр. Енді ұрламаймын, рұқсатпен ғана аламын... 
Енді „Керекке“ мен не берем?
Кейін айтам…
19852407
Zhanara2012 шынын айтам деп сырын айтып қойды...
19852407
Nurgisaның өзі де рас, сөзі де рас…
Nurgisa
Қызық, 2005 жылдары Алматы және сол сағат белдеуіндегі басқа кенттер мен Атыраудың арасындағы сағат айырмашылығы кейде 1, кейде 2 сағат болатын. Атыраудағы біз жұмысқа келгенше бізден бір не екі сағат бұрынғылар имейлдерді бұрқыратып тастайды, жұмысқа кіріспей тұрып, жүз, кейде жүз елу хатты бір-біреулеп оқисың. Романтика еді кәнігі. Бір хатқа дереу артынша бес-алты жауап келеді, оқып үлгермей қаласың. Иә, ол кезде де виртуалдан реалға ұласқан өзара ілтипат та болды, семьялар да құрылды. Пикниктер өткізілді. «Керекинфо» болмаса солардың бірі болмас еді, әйтпесе.
asaubota
сол жылдары КерекИнфо тек форум еді ғой. ол кезде қазіргідей әл.желілер және мессенджерлер жоқ еді, жұрт форумда жиналатын.
Nurgisa
Кейде «керекинфоның» сол кездегі движухасын сағынам. Қазіргілер жаңа әліпбимен жазылғандары шығар, дегенмен. Есіңде ме, бірде «хакталып» еді, кейін «оларға» жауап та жаздың…
НьюЙоркер, Тентекқара, Травелер, Асылбектердің жазбалары оттай еді. Керекте «лібә», «нақ» айтылмайтын замандар да бар еді, эх…
Gastarbaiter
Жастық, алып ұшқан бойдақ шағымды сағынамын десейші одан да
Nurgisa
Жок, Гаста, ол болек кой. Мен баска нарсенi айтып едiм. Кешiр.
Gastarbaiter
Кешірмеймін  Сен алпысқа келгенде қандай болар екенсің))
ken
лібә, нақтарды айту Солайдеден басталды-ау деймін
Zhanara2012
Жақсы идеяны алу (ұрлап) айып емес шығар?
Zhanara2012
студент кезімже жандос.нурсат.кз болушы еді, бүткіл жазғыштар жиналатын
ErNur
Керек керек қой қашанда, ерек қой Нұреке, эхх…
Nurgisa
Маған «керегіміз» туралы тек өзіміздің ғана емес, кейде сынап-мінеушілердің айтатыны да маңызды. Кейде орынсыз күйе жағады, онымен келіспеуге болмас.
Gastarbaiter
Кейде орынсыз күйе жағады, онымен келіспеуге болмас.

Мынаны түсінбедім) Орынсыз күйемен келіспеуге болмай ма, әлде орынсыз күйенің жағылатын кездері болатынымен бе?
Nurgisa
Кейде сын орынды болады дегім кеп еді, Асқар.
Ал керегімізге жарап, отымен кіріп, күлімен шығып жүрген, біздің виртуалды үйіміздің бар шаруашылығын қанттай қып жүрген Аршаттың тірлігі кейде елене бермейді. Бірақ мен білем, кейде түнгі ұйқысын қиып, керекинфоға қосымша функциялар қосу үшін, қателерді түзеу үшін телміріп отырғаны… Жан-тәніңмен берілу деген сол шығар, кім білед.
Gastarbaiter
Әрине, ол жағынан разговор бар ма) Бұрын сайт жасағанда адамдар санының көбею сайт құрушыға айлығының өскенімен тең қуаныш еді, еш ақшалай көмекке қарамай, тіпті кейде өз қалтасынан сатып алып, әлденелер жасауға бар альтруист еді. Бәрін сол үшін істейтін еді. Сайт жасақшыларының сол ұрпағынан бүгінге аман-сау жеткен тұяқтардың бірі де бірегейі ғой Аршат
Nurgisa
«Ар-Ботан» деген партия ашық алсақ па екен…
Simona
Мен сол aлғaшқы Керектi сaғынaм. Форумның aты форум ғой. Қысқa тaқырып aш тa тaлқылa. Aл блогты жүргiзуге жaлқaулaумын