Өнертапқыштар

Адамзат жерде жүретін, аспанда ұшатын көліктерді де, қарапайым өмірде қажетті тұрмыстық техникаларды да ойлап тауып бітуге таянды-ау деймін. Дегенмен, біздің жұмыстың жұмысшылары (бізде әкімшілік, артистер және қара жұмыс иелері деп үшке бөлінеді) бұған бола жасымапты.Шатырдағы қарды күреудің заманауи әдісін тапқан секілді. Бұның алдындағы қыста шатырдың профлистісін, қара қағазын жырта-жырта бастықтардан сөз естіген сабаздардың біреуінің басына тың идея келе қалыпты. Олары сәтті түрде жүзеге аса бастаған. Неге аса бастаған? Тоқтала кетсек, соңғы кезде Қарағанды аймағында қар нормасынан көп жауып жатыр. Біздің үлкен ғимаратың шатырын тазартып шығудың өзі қиямет.Тұңғыш президентіміздің күніне байланысты демалыстан соң шатырдағы қарды аршудың арты біраз адамның артының ашуымен аяқталды.
Сейсенбі күні жұмысқа келсем кабинетімде су тобықтан. 5-ші "ұрпақтық" компым жылап тұр. Монитор мониторға емес аквариумға айналып кетіпті. Тағы басқа 3 кабинет осы күйді кешіпті. Бас инженер себептің бәрін күннің жылып кетуінен көріп отыр. Бірақ, біз де ақымақ емеспіз. Пәленің ұшының қайда екенін білеміз. Қар аршуға ерінген жұмысшылар ұзын әрі жуан шлангылар арқылы шатырдан жоғарыдан төмен қарай ыстық су ағызады екен. Ыстық судың күшімен ерігені бар ерімегені бар барлық қар төмен қарай аға береді, құлай береді. Жаңбыр жаумай су болдық, обшым…

сурет сілтемесі
Бөлісу:

4 пікір

a63a1
 Жақсы болған екен, қуанбайыңба қайта?)))
Abilakim
комп істеп кетті)))) бір күн кептірдім)))
007
мынау бір тың идея екен қар қалың жауатын біздің шығыстың халқы іске асырып жатса жақсы болар еді шатырыңның тесік шұрығын бітеде суды ағыза бер.
b-asan
насос пен сонша ыстық су қайда оған