Ойнайықшы!..
Адал досым, аспанға бір қарашы,
Асыр салған бала өзіңді санашы.
Ойнайықшы аппақ қармен атысып,
Жазылады, бәлкім жанның жарасы.
Қардай таза көңіліңді таптама,
Жазылғанын көреміз тағдыр – тақтаға.
Ал әзірге ойнайықшы алаңсыз,
Ұлпа қардан жасап алып аққала.
Ұмытайық біз ренжіген жандарды,
Ұлықтайық біз аңсаған арманды.
Үлгерейік тамашалап әр сәтті,
Үйренейік алыстарға самғауды!
Қанша адам бір—біріне өкпелі?!
Бұл – өмір ғой… Өмір ғой бұл өтпелі!
Ызғары мол қыс соңынан күлімдеп,
Құшақ жайып келіп қалар көктемі!
Ал екеуміз күтпей-ақ сол көктемді,
Ұшырайық көңілдегі кептерді.
Тарауы мол тағдыр өзі жазалар,
Өз кезінде өзегіңнен тепкенді…
Ал әзірге ойнайықшы балаша,
Мән бермейік өзгелер кеп қараса!
Көңілі таза сендей достың қасында,
Өмір мәнді, өмір сондай тамаша!
Асыр салған бала өзіңді санашы.
Ойнайықшы аппақ қармен атысып,
Жазылады, бәлкім жанның жарасы.
Қардай таза көңіліңді таптама,
Жазылғанын көреміз тағдыр – тақтаға.
Ал әзірге ойнайықшы алаңсыз,
Ұлпа қардан жасап алып аққала.
Ұмытайық біз ренжіген жандарды,
Ұлықтайық біз аңсаған арманды.
Үлгерейік тамашалап әр сәтті,
Үйренейік алыстарға самғауды!
Қанша адам бір—біріне өкпелі?!
Бұл – өмір ғой… Өмір ғой бұл өтпелі!
Ызғары мол қыс соңынан күлімдеп,
Құшақ жайып келіп қалар көктемі!
Ал екеуміз күтпей-ақ сол көктемді,
Ұшырайық көңілдегі кептерді.
Тарауы мол тағдыр өзі жазалар,
Өз кезінде өзегіңнен тепкенді…
Ал әзірге ойнайықшы балаша,
Мән бермейік өзгелер кеп қараса!
Көңілі таза сендей достың қасында,
Өмір мәнді, өмір сондай тамаша!
Ал әзірге ойнайықшы балаша,
Мән бермейік өзгелер кеп қараса!
Көңілі таза сендей достың қасында,
Өмір мәнді, өмір сондай тамаша!-деген жері сондай әсерлі екен.
леди<))