Бағдарламашылардан (Программис) ақыл сұраймын...

Жақында жаңа Windows 8 операциялық жүйесі қолданымға шықты… Дизайны, интерфейс жағынан маған ұнады. Қай ОЖ жақсы деп ойлайсыздар?! Жаңа Windows 8 ОЖ орнатсам қалай болады?
Бөлісу:

9 пікір

Serzha
сегіздің виста сияқты болашағы жоқ
StrangeR
жеті туралы да осылай деген)
Serzha
жоқ, жеті вистадан тезірек болды, оперативканы аз жеді. сондықтан пайдаланушыларға ұнады
сегіз виста сияқты тупиктік ож
StrangeR
 сегіз де жетіге қарағанда тезірек, оперативканы аз жейді, сонымен қатар жадыны аз алады). Өзім ноуттан жетіні алып сегізді орнаттым. Содан кейін айтып отырмын).
StrangeR
Windows 8 арнайы сенсорлық экрандарға оңтайландырып жасалған. Егер компьютерің әлсіздеу болса Windows 8 жақсы, мысалы нетбуктарға не әлсіздеу ноутбуктарға. Ал дербес компьютерлерге сегізді орнатып қажеті жоқ деп ойлаймын.
askerbek
Түсімде 9 — ды шұқылап отырмын екен…
beka95
хехе) өте қызық айттың… бәріне рахмет!
zholantai
ноутыма қонбады, қайта жүктеме бергенде ұшып кете береді. Ескі ibm еді, әлсіздің әлсізі. Мүлдем жаңа интерфейсте жасалған Media Player-і үшін орнатқанмын о баста. Болмады. Қайтадан көне де құрметті XP-ге көшіп алдым. Start-тың жоқ екендігіне тез бейімделе аламын десең, өтуіңе болады.