Жолдасыңыз таз бас болса...

Шаш тарап жатып ақ шаш көріп қалсам, кәдімгідей көңіл-күйім түсіп кететіні бар. Сауалдар селі астында қалмасам да, жаратқанға ойша шағым айтып үлгерем ондайда.
— Әлі жап-жаспын ғой, мүшел жасынан шыққан жоқпын / қыз таппадым / әлі үйленбедім / ғой.
десе ішімдегі көк ит. Ақ итім:
— Кетчівар, дабай! Шашың ағаратындай не істедің? Не уайым сонша алып баратқан, қыртық неме?
— дейді. Өйстіп іштей арпалысып тұрғанда, ваннаға қырынуға келгенімді еске түсірем де, ана екеуін няққа жіберем… Менің уайымым күзге салым сарғая бастаған жапырақтай ғана екен. Мұны біреулердің басына қараша орнап үлгергенін көргенімде түсіндім.
Жыл сайын еліне барғанда 2 келілік шелекпен гель әкелетін түрік досым жылап жүр, өткенде көрсем, түскен шаштарын санап. Істемеген бәлесі қалмапты байғұстың. Соңғы рет көргенімде сарымсақпен басын жуып жүргенде ұсталып қалды. Ақталған түрін-ай: «Профилактикаға жақсы. Күлмеңдер, амк! Жазда Ыстамбұлға барғанда шаш ектірем онсыз да. Сонда көреміз, ақылдылар!». Өздеріңіз түсініп тұрғандай Бәкірбайлар* жиналып алып мазақтадық байғұсты. Сол «пёрлдарды» жазып алдым. Түксіз қалған таз бастар, шашы енді-енді түсейін деп жатқандар, жалпы, Стетхэмнің жолын қуушы хард еркектерді келемеждеуге дайын тіркестер. Әйел болсаңыз, жолдасыңыз орта жасқа келгенде жұбатуға да жарап қалар. Нәтижеде адал өтірік қой. Күллі кішкентай тақырбастардың мұратына жеткен үлкен экземплярларына арналады

  • Менің бас формаммен дым жараспайды. Ал саған енді жынды жарасады, мә-ә-ә!.. Былай көбірек харизма көрінесің. Ана Бондарчуктарың жер иіскейді ғой біздің братанның жанында.
  • Мә, брат, өткенде аңғылшын ғалымдарының зерттеуін көрдім ше интернеттен. Былай дейді нә: «тестестерон дей ма, аты сондай, опшым, еркектік гормоны көп бөліне бастағанда, шаштар, ну, андай белсенділігіңе қарай түсе бастайды» екен. Яғни, і-і-і, шаш түскенде иықтағы ғана піспейді екен, ұзын сөздің қысқасы, айғырсың! Муаххаха!
  • Сосын, тарихты алып қарашы, мен деген тұлғалардың артынан тұрарлық дүние қалдырғандары көбі таз бас болған ғой, е! Өзің ойлашы, андай ұлы адамдардың шаштары бекерден-бекер түспеген шығар?!
  • Мә, саған рахат! Бізді айтсай, шаш күтімі деген — шығыны мол процесс қой. Сосын, дүниені саусағында ойнататын құпия ұйымдар шашқа арналған косметикалармен түрлі тәжрибелер жүргізеді екен. «Сынақтан өтті» дегені ертегі-міс. RenTV-ден көрдім. Осыны естіп, қазір енді қандай шампуньмен жуарымызды білмей, бас қатырып жүрк.
  • Қаласаң шаш ектіруге де болады енді. Бірақ бәрібір қазіргі табиғи халіне жетпейді ғой. Не істейсің? Былайда крассафчиксің ғой!
  • Біздікілер не білуші еді, уот шетелдегі қалталы қатындар, обшым, «сәбремменний» қыз-келіншектер таз бастарды төсекте ат деп біледі екен. Өткенде үйдегі бір журналдан оқып берді...
  • Уақыт эконом, Шампунь таңдап, одан қалды құрғатып әуре болмайсың. Кейде таңертең асығып мына киіз басымды жуарда қиналып кетем, сенікідей болмағанына ішім ашиды...
  • Экология ғой. Уран, ракета, тамақтың бәрі — гмо, енеңдіррайын. Әйтпесе жарықтық паханыңның шашы қайратты, сондай қатты еді ғой. Сенде де кірпілер қызғанатындай шаш бар еді...
  • Тарихта жапон самурайлары, якудзалары, ниндзялары айбатын арттыру үшін шаштарын тықырлатып алып тастайды екен. Шайқаста жауларына сұстырақ көріну үшін. Қытайларыңды тізерлеткен жапондарың бірдеңе білген, негізі...
  • Тағы да, антропологтардың айтуынша, басы жынды істейтін адамдардың бас сүйегі мен бас терісі аралығын зерттегенде — миға көп күш түсетіндігіне байланысты — онша шаш өспейтініне көз жеткізіпті. Эволюцияда да бар: жүн басқан маймылдан бері қарай алып қарасақ, денедегі қылдардың азайғанын көруге болады...

Обшым, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, не қыл көбірек болады, не ақыл…

________________
*бәкірбай — бойдақ жігіт. түріктің bekar bey-інің аборигеншесі.
Бөлісу:

48 пікір

asaubota
«тестестерон дей ма, аты сондай, опшым, еркектік гормоны көп бөліне бастағанда, шаштар, ну, андай белсенділігіңе қарай түсе бастайды»

түріктерге келеді екен.
ruben
онсыз да ана ғардаш жиі качамак жасап тұратындардан
asaubota
ылғалды ауаға да байланысты болуы мүмкін. сақалдарының ерте және қарайып шығуы да содан ғой. біздің дала қазағына олай шықпайды, көттің жүніндей ғана шығады жас жігіттерге. соның өзіне риза ғой кей жігіттер, қинап-қинап солай шығарып қояды.
ruben
Солай шығар. Ақ теңіз жағалауының халықтары аталғандай біртектес келеді.
біздің дала қазағына олай шықпайды, көттің жүніндей ғана шығады жас жігіттерге. соның өзіне риза ғой кей жігіттер, қинап-қинап солай шығарып қояды.
 әжем сақал қойған бір туысқан братаныма ұрсушы еді: «мынау не сақал?! көтен жүні көдедей болған албасты!» — деп.
konvict
Таз болу қаупі менің басыма да түспі тұр
Abilakim
онда тезірек үйленіп ал)))
Біздің тұқымның еркектерінің отыздан аса (жете бере) бере маңдайы қасқая бастайтын әдеті бар
VKM
қорықпасай, шаш түк те маңызды емес ер жігітке
Tyulpan
осындай кезде қазақтар шүн қуанып кетем ші. шаштары көп түсетін халық меспіз ғой тестостерон аз ба сонда ))))

таз бас біреуге ғашық боқалсам, басына ине шұқысам да шашын өсіруге әрекет жасайтын шығармын  касторовое майы да өсіруге себі бар дитн еді. қазіргі кезде өсіретін нелер көп қой гормондарға әсер етіп. шаштан құтылуға қарағанда шаш өсіру оңай сияқты.
edige
Ішкі жан-дүниесі маңызды болғаны да дұрыс… Оның түрі есікашарда жеңгелерге көрсету үшін гана… ))))
Tyulpan
ішкі жан дүниесі де сыртқы жан дүниесі де жақсысы болмай ма кен? неге тек жеңгелерге? оның түріне өзім де қарамайм ба?
edige
Мысалы, бұл жай мысал, тек кана мысал… Сіз турмыска шыккан кезде ол типа Бред Пит еді… Жазатайым оқиғадан соң квазимодтың қазақша нұсқасы боп қалды… Кудай сақтасын арине… оны лақтырып кетпейтін шыгарсыз…
«люби меня такой какая я есть» демейді ма ))))
Tyulpan
ол басқа ситуация ғой жазатайым оқиға деген. әдейі таз болып қалмағаны керек те. спортпен айналыспай семіргені, тісін дұрыс күтпей тіссіз қалуы т б — дегендер жазатайым оқиғаға жатпайды

таңдаған тазға жолығады демеңізші енді, Едіге мырза. қайтем енді бкус сондай болса ))))
edige
))))
Gastarbaiter
Квази болып кетсе де, ген қалады ғо, ген)) Аналықтарға бастысы сол, сұңғақ бойлы, қыр мұрынды Бред Питтен тұқым алып қалу))) Одан кейін өлсе де поқ)
Korkem
еее дұрыс айтасыз. Баяғыда әжелеріміз: «Күйеу бала кім болса да мейлі, бірақ маймылдан бір саты жоғары тұрса болды », — деп ақыл айтып отырушы еді.
ruben
Ойпырым-ау! Тұрып: «соған құлақ асып келем!» — демегін
Erke
Cен маган шаш осірудің жолдарын айтшы ендеше!
Tyulpan
ана потадағы сіз ба? шашыңыз қалың сияқты. не керек ол өсіріп өсіп тұрған шашты?
Erke
Ол шашты маңдайдағы шашым кашып бара жаткан соң өсіріп қойғам жауып койу үшін! Жоғары жактан қаптал жактан келип турган шаштарғо маңдайды жасырып тұрған!
Tyulpan
потаңызда анық көрінбейді. эндокринологқа барып, тексеріліңіз алдымен. басқа да анализдер қажет. себебін анықтап алу керек бірдеңе істемес бұрын...

өзім ондай қиын жағдайға тап болмағандықтан, оның жолын қарастырып көрмеген едім. сіз бастаңыз енді. нәтижесін көрейік
Erke
Cіз қай қалада тұратын едіңіз!
Tyulpan
оның шаш түсу мәселесіне қатысы бар ма не? әлде шаштың түсуі тұрған қалаға да байланысты ма кен?
Erke
Бірге барып қараламба деген арам ойларғо мазалар тұрған!
ken
қыздарға:
шаш кептіруде фенді тым көп пайдаланбаған жөн екен. ол шаштың түбіндегі бірдеңесін (атын ұмытып қалдым) күйдіріп тастайды. содан шаш түседі екен. қытайдан келген шығыс медецинасымын айналысатын бір емшіден естідім.
VKM
Кен, рахмет әрине, бірақ фенмен болмаса немен кептіреміз?))))
ken
фен жоқта мамаң қалай кептірген, сен де солай кептір)))
VKM
фенмен бірден шашқа укладка жасай саламыз ғой енді. Қойш, түсінбейсің сен))
west_laura
Шынында да фенді қолданып керегі жоқ негізі…
madikon
фенмен кептірмесе, шашың жуылмағандай, түрі нашар боп тұрады,, фенмен кептіріп, укладка жасасаң басқаша түріңді келтіріп, шаштаразға барғандай күйде болады.
konvict
Фенді көп қолданатындардың бірі менмін  Әбілдің шашы ең азы екі күнде бір жуып тұрмасаң, бір литр май сығып алуға болады
Aldeken
Әбілдің шашы
өз шашыңа ие болып алш, әуелі… )))))))))))))
Adiletshu
Шашыңды қысқа қылып алып тастасаң фенмен кептіріп әуре болмайсың. Содан кейін шашты ертеңмен жууға болмайды. Қанша фенмен кептірсең де суық ұстап қалады
FaraOn1
шаштың қарайғаны мидың зорайғаны, шаштың ағарғаны мидың тазарғаны, шаштың түскені мидың піскені, шаштың каштанкасы, мидың отставкасы дит біздің жақтың тамадалары)))
Gamk
Қарап отырсам қасқабасиктер біраз екен ә? Ұялмай-ақ бара береді екем 30-ға.
bizbike
Менің жұ байымның шашы екі жерден ойылып түсіп қалған былтырлары. Соған жуа, сарымсақты езіп жағып жүрді, содан соң түйеошаған майын жағып, сондай сусабынмен жуып жүрді. Орнына шаш өсті тым жақсы. Енді маңдайы да қасқайып келе жатыр, ол енді тұқымы сондай болғандықтан, кеше майсана майын алып келіпті дәріханадан. Негізі мен бұрын сатып алып қойғанмын кірпігіме жағамын деп, бірақ қалды жағылмай. Сонымен үйде екі шыны майсана майы бар, нәтижесін жазармын сосын.
MamaAya
Жұ байың жақсы екен, Анар..) Менікі касторовое, оливковое, льняное, виноградное деген менің майларым оған барып тиіспесе де қас. Нервіне кері әсер етеді. Лақтырып әлек, ал мен қайтып алып әлек… Май мәселесіне келгенде алауыздық бар десең ия?!)
Негізі, шаштың түсуіне 500 г араққа 1 бас чеснокты, 4-5 қызыл ашты бұрышты салып қараңғы жерде ұстап, 2 аптадан соң шашқа жағып жарты сағаттай жүрген жақсы көмектеседі.Түскенін азайтады, ой жалтыратып тұрады, әрі тез өсіреді… Өз практикамнан, шашты жақсылап жуса иісі кедергі келтірмейді. т.е иісі қалмайды. Ал еркектерге көмектесе ме, жоқ па білмедім.
Бірақ жұбайым таз болсаааа, маскаларды бірге пайдаланар едік, ол майларымды лақтырмас еді, өспей жатса, оны шашсыз да жақсы көретінімді айтар едім?! Бас аман болса шаш шығар, шықпаса, демек к лучшему)
Соңғы түзету:
bizbike
Менің шыдамым жетпейді оны екі апта ұстап, сосын күнделікті жағып жүруге. Шалыма айтып көрмесем.
MamaAya
оны күнде жақпайсың, аптасына 1 рет, кейде 10шақты күнде 1 рет қой, екі апта өзімен өзі тұра береді ол, жасап қойсаң болды, пока бір біріне сіңісіп, реакция аяқталып, настойка дайын болғанға дейін шыдамның түк те қажеті жоқ… Ал жағатын кезде саған рахат қой, бірге))) жағасыңдар,,, ощущение туралы бөлісесіңдер))) анау-мынау иіс қалды маааа деп қымсынбайсыңдар)))) онда бар, сенде де бар дегендей) Бірге істеңдер!
Anar70
)))))) мамаая, жұ байларыңның шашын өсіріп қайтесіңдер, бас аман болса болған жоқ па?))))) керсінше шаштың түскені, бастың піскені деуші ме еді))))))
MamaAya
)))Жалпы менің жұБайым шашының өскені, өспегені, қалың-жұқалығы мені қатты мазаламапты, мүмкін проблемасы болмағаннан шығар?!) Тек соңғы кездері кішкене ағарған көріп қалып жүрмін.))) Әрине менің де үлесім бар-ау соған.))) Бірақ оның өзі шашында ақтың пайда болғаны үшін ешқандай комплексовать етпейтінін айтты. Сондықтан ол да проблема болып тұрған жоқ.
Ал мында жазғанда өзінің шашына маска жасау үшін Анарға мықты мүмкіндік бар екенін айтқым келген. «Күріштің арқасында күрмек су ішеді» деген сияқты дә.)))
bizbike
Ондай болса жақсы екен, біздікі уайымдап жүр «ертең таз болып қалсам, сен мені қазіргідей жақсы көрмейсің» деп. Олай еместігін айтсам да, қоймайды.
ken
шашым соңғы екі-үш жылда кәдімгідей ағара бастады
Dzhonsaken
Бірақ сақалың тыныш па тамыр?
ken
шаштан басқасына ақ әлі түсе қойған жоқ
негізі шаш ағарса түгелдей аппақ болғанын қалар едім, қара-аладан көрі
MamaAya
негізі, аралас мен үшін әдемі көрінетін сияқты, по своему тартымды. Ер кісілерде дә.
Оны жасырып бояп, бояғаны білініп жүретін еркектерге қарағанда…
Соңғы түзету: