"Come ooon, Chelsea!"
Футболға ұйқының қисапсызын құрбандыққа шалуға барлардың кейде қиялдары, армандары болады. Корифейлердің допты ұршықша иіріп, дриблингтерімен орныңнан ұшырып тұрғызатын, ертесіне «кәрістеріңмен» (корештеріңмен) жарыса тәпсірлететін сәттеріне куә болу сағат белдеуі Еуропадан анағұрлым алдағы біз үшін көп ретте қолайсыздықтармен ұштасып жатады. Ал дәл сол элит-топтағы «топтардыкін» тебіскенін өз көзіңмен көру ше?
Челси-Манчестер сити арасындағы дерби Лондонда өткізбек уақытыммен тұспа-тұс келгесін барудың реті түсті. Билет алудың өзі біршама машақат туғызды: стадионның өзіне барып алудың жолын таппадық, онлайн тапсырыс бердім. Билет қолыма түскенде онда жазулы бағадан екі жарым есе көп төлегенімді аңғардым. Бірақ алаңдай қоятын түк жоқ екен: матчқа екі жүз фунттан төмен бағада билет кезікпейтінін бәрі растады, ал менің алғаным ол сомадан жиырма бес фунтқа кем. Демек, мен кезіккен сайт шынымен арзандау опцияларды ұсынатын платформа реномесін дәлелдеді деген сөз.
Ойыннан үш сағаттай бұрын оралдым.
Қызығы, «Челсидің» алаңына жету үшін метромен «Фулхэм» (Fulham Broadway) станциясынан түсесің. Төртте басталатын ойынға бір жарымда бардым. Және оным дұрыс бопты. Халық үшін «матчдей» қашанда мейрам, сол уақыттың өзінде құжынаған халық. Көп ішінде орыстар да көп. Біразы ойынға дейін сылқия тойған, дербиден не эстетикалық ләззәт алады екен дедім де қойдым. Бір байқағаным, матчтарға жылдық абонемент сатып алады үзбей барушылар: әрі арзан, әрі орныңды «шегелеп» қоясың.
Дабл чизбургерді ұрып жатып, үстелдестердің орысша шүйіркелесіп жатқанын естідім. Әңгімелесе келе олардың «Газпромның» демеушілігімен Лондонға тәжірибе жинақтауға келгенін білдім. Өздері бір қауым ел, мен көргенім он-он екі шамасындағы маман. «Зениттіктер». Халк халық үмітін, трансляциялардың үмітін ақтамады деген уәжін бүкпесіз білдірді. Айтпақшы, сұхбаттасым Тихомиров 1996 жылы Қазақстан чемпионатында Семей қаласына қарасты команда сапында ойнапты, «Елімай» ғой. Алексей ол кездері туралы аса ашылып айтқысы келмеді, бірақ командалас әріптестеріне қосылып кетіп бара жатып қолымды қысып, бір-бірімізге жақсы тілектерімізді білдіріп тарастық:
«Челсидің» өз мұражайы, стадионға іргелес ғимаратта ресми «шопы» бар. Футбол аттрибутикасының бәрі алақанға сап қойғандай. Жейдесі 47 паунд, шарфтары 10-15 паунд шамасында. Стадион маңында «ресми сатылым» (Official merchandise) дүңгіршектері, жеке кәсіпкерлердің жайма ларектері орын тепкен, ондағы бағалар да құбылмалы. Дүкендегімен салыстырғанда олармен саудаласуға болады. Матч дерекнамасы (Programme) — 3 фунт стерлинг. «Челси» брендімен сатылатын 0,5 л. газсыз су — 1 ф.с. (біздікіне шаққанда 245-250 т. жобасы). Ассортименті ұнады. Шопта команданың тарихи сәттері туралы деректі фильм көрсетіліп тұрады үлкен экрандардан. Сөреде команданың ай сайын шығатын төл журналынан бастап, челсиленген қаламсап, шағын доп пен 5-6-7 XXL жейделерді кездестіруге болады. Қаз-қатар орналасқан 20 шақты кассаға жұрт ұзын-сонар кезекке тұрады.
Ойын басталарға дейін сыртта энтузиасттардың оркестрі жүріп өтті. Қабылдаушы тараптың сойылын соғушылар, әлбетте. Жалпы, пре-матч аурасы мықты, көзбояушылық жоқ, жан-тәнімен беріледі, сенен де соны талап етеді. Ойын шарты солай.
Ішке қырық минут қала беттедім. Орным стадионның қақ ортасында, жоғарғы қанатта екен. Барлық жерде стюардтар бар, кез-келген мәселеңе көмекші. Менменсінулерін, мұрнын шүйіре қарағандарын көрмедім, кейбір сұрақтарды қоймай жатып не екенін сен айтпай тұрып болжап үлгеріп, жауап беріп жатты. Маған сервистің мұндай дәрежесі ұнамай қоймады әрине.
Ағылшындардың классикасы, дәстүрлеріне берік емес пе еді. Алаңды суғарып жатыр:
Матч қалай өткені белгілі. Байқағандарыңыздай, Бенитездің келуін тебірене жақтаушылар шоғыры анау айтқандай емес. Дәлірегі, Ди Маттеоның кеткеніне наразы челсиліктер.
"Қалалықтардың" үш мыңға тарта жақтаушысы ұйымдасқан түрде бақырып-шақырысқасын ба, олардың сесі саны жағынан әлдеқайда көп челсилік фандардыкінен кем алапат дүлей болмады. Фанаттардың мәдениеті бөлек сөз ғой, болса да. Дәстүрді көз қарашығындай сақтағыш «экскьюзмилердің» матч барысындағы ахілеуі, ухілеуі, Джеконы симуляциясы үшін «жерден алып, жерге ұруы», Рамирестің «отбордағы» ұрымтал әрекетіне қол соғып, екі секунд өтер-өтпес Яя Туре мен Сильваларға беріп қойғандағы протесті… Тізе берсең көп.
Ең бай қос дружина бірінші кезекте жеңілмеуді көздеді. Сұқтана емес, сақтана қимылдады. Есебі түгел. Есебі белгілі.
Қырықбесминуттықтар арасындағы үзілісте холлға шықтым. Әр кіреберістің (Gate) толықтай өз «жиынтығы» бар: дәм-тұз сататын снәкханасы, сыраханасы және ресми аттрибутика сататын лавкасы. Адам қанша көп болса да бәрі керемет ұйымдастырылған: ешкім ешкімнің алдына жанталаса түсіп жатқан жоқ, өз кезегін күткен ұстамды халықты көрдім.
Стэмфорд Бридж матч біте орнынан тұрысты, Фулхем станциясына беттеді. Қарақұрым халық. Арасында салт атты жандарм апайлары бар жергілікті полиция ыңғайсыздық тудырмау үшін бір шетте бақылап қана тұрды. Радикал фанаттардың өзара қайым айтыстары болатын да шығар, өзім ондай құбылыстарды көрмедім. Қайтарда станцияға қосымша составтар тартылады екен, елу мыңның үстіндегі халық жиырма минут ішінде діттеген метроларына міністі, аракідік сығылыс та болды:
Тьюб стейшнде көпшілік боп метроны күтіп тұрған бетіміз еді, аздап ұрттаған челсилік бір қиқар жігіт әнге басты. Мәнері мен мазмұнында лоялды фанаттың айна-қатесіз ішкі мені мен менмендікке деген жиіркеніш бар еді. Абрамовичтің менмендігіне. «There is only one Di Matteoooo» деп ырғаққа бір төселіп алды алдымен. Метроға міністік, іші лық тола, әлгілер тағы басты әншілікке: «Come ooooon, Chelsea, come oooon Chelsea»… Екі аялдама соңыра әлдебір техникалық ақауға байланысты метро кідіріп қап еді, біздің батырлар ішті пыстырмады: «Come ooooon transport of London, fuck oooffffff transport of London» деп іліп әкетті… «There is only one Boris Johnsooooon» деп басқарушы элитаға да бір сәлем салды. Бізге не, бізге қызық керек… Жер-жерден әрбіріміз тырқ-тырқ етіп қоямыз. Анауыңа осы керек екен, делебесі қозсын кеп. Сөздерін Рафаға көпшілікке мәлімдеу жерге путевка алып берумен тәмам қылды.
Сайып келгенде, Лондонда футбол матчына бару ләззәт алумен қатар тәжірибе жинақтау да. Мүйіз тірестірушілердің мәртебесіне қарай ойын айналасындағы дүрбелең де үдей түседі. Арзан емес, бірақ күніге кеп жатқан жоқсыз ғой. Берілген өміріңіз де екеу емес. Футболға біртабан жақын болмаған күннің өзінде, Лондонға келіп тұрып, футбол спектакліне бармасаңыз — Лондонның шынайы келбетін, мінезін танымадым дей беріңіз. Ариведерчи, футболсүйер дос!
P.S. Суреттерді түсірудегі өлшеусіз үлесі, матчты бірге қарау барысындағы серігім болғаны үшін Абзал досыма ризашылығымды білдіремін. Ал жаңбыр… Жаңбыр жауып жатқанын тысқа шығып, бір-ақ білдік.

Челсилық футболшылар да Бенитесті жақтырмады ма сылбыр ойнады ғой.
осы ойынға 0-0 деген есепке ой болды. бірақ ойды тыңдамай жеңісіне бәс тіккем, сол шықпай қалды:
Ақтөбе футболы Шымкент футболындай емес Ақтөбе футболы Қарағанды футболы емес.Ақтөбе футболы Манчестер Ю, Барселона футболындай ) бәрі Шетелше)
Ақтөбеге салу керек ед.
Білесің ба Генктің билетін мен бір апта бұрын шаққа алғанмын.Стадионға кіре алмаған адам қаншама 10000 нан көп.Тіпті маған билетімді сатуын сұрады.9 мың тг ға.Біреулер айлакерлер 15-20 ға сатып жібергендер бар.) солай Ақтөбеде.
Ақтөбе фанатизмінен аз-маз хабарым бар деп есептеймін. Соңғы жылдар көлемінде Шымкенттегі фан-қозғалысын да елеп өту орынды, меніңше.
Ақтөбеге чемпион болған жылдары, еурододаларда бақ сынасқанда соның қызуымен салдыртып алуы керек пе еді… Елдегі спортқа бағытталажақ бүкіл ақша енді Экспо-2017 науқанына бұрылатынын сезу керек. Тиісінше, ең қолайлы сценарий шынтуайтқа айнала қалса, жиырмасыншы жылдары кеңейту идеясы материалданатын шығар…
Үлкен үміт күттіретіні — жалпы біздікілердің Ресейге еліктейтіні. Хабардар боларсыңдар, Ресейде ұлттық құраманың ойындарын әр қалада өткізуді қолға алып жатыр. Сол ізбен тезірек бізге де құрамамыз келсе үлкен мейрам болары анық.
Офтоп: Кеше теледидардан Суонзи-Ливерпуль ойынын көргем. Сондағы жанкүйерлердің әндері мықты болды. Децибелдері тіптен комментаторды басып жіберіп жатты.
Карттен утып келем бе, кажет нарселерге жаратып тастаймын, сосын акша жок болгасын, тыныш жонине журесин акша жок деп, ато карымта кайтаргысы келеди, киін утылып калуын гажап )
казир шотым пустой