Хэтроу қаласындағы шағын оқиға

«Иногда даже простая ракушка может вдохновить меня на создание новой концепции...» © Белгісіз атақты дизайнер

Темекі түтінінен буалдыр тартып, әбден ысталып қалған Хэтроу қаласының бір белгісіздеу келген шағын кафесінде саясат, Қызықстан мемлекетінің тағдыры мен болашағы және Қызықстанды басқарып отырған Елкәлласы деген атаққа ие еркектің ұстанып отырған бағыты мен бағдарының дұрыс-бұрыстығы жөнінде кесек-кесек ойлар айтылып, түйдек-түйдек дәлелдер келтіріліп жатқан шағы еді. Шаштараздың берекетін алып, басын олай –бұлай қисайтып қиылғанымен онысы былай халыққа көп байқала бермейтин прическасы бар төрт бас, сегіз қол және қызара жанған төрт шылым шоғы олай бұлай қозғалып, күңгірт кафенің ішіне жан бітіріп тұрғандай. Шылым шоқтарының траекториясына қарап жігіттердің әжептәуір қызып қалғаны байқалады. Бірақ осында әп-әсем отырыстың аяқ астынан кинодағыдай шытырман оқиғаға айналып кетерін кім білген…
Төрттік отырған столдың жанында аяқ астынан бір бейтаныс жігіт пайда болды да әй-шай жоқ бос тұрған орындаққа жайғасты. Төрт бас жаймендеп бейтаныс жанға сосын бір біріне бұрылды, әрқайсысының жүзінде «сен танитын ба едің» деген сұрақ жазылып тұрды.
-Танымайсыңдар нақ, хуйнақ болып келдім араларыңа – деді бейтаныс жігіт. Қараңғы болғандықтан бет-жүзі дұрыс көрінбеді, бірақ сақал-мұрты өсіңкіреп кеткені байқалып тұрды.
Төрттіктің арасындағы Нұрлан өзін әжептәуір көзі ашық көкірегі ояу азамат ретінде санайтын, қоғам проблемаларына құлақ тігіп, өзі сынды замандастары ойларына түскендерін жазып қоятын Терекинфо сияқты сайттарды тіміскілеп жүретін жігіт еді. Бейтаныстың сөзін естігенде осындай сөздерді бір жерден естіген сияқты әсерде қалды. Бірақ көп оқыған жан ғой, «кезекті дежа-вю болар» деп шешті ішінен. Қалған үшеу бөтен адамды аса жақтырмаса да қонақжайлық танытуға мәжбүр болды. «Кел-кел бырат отыр, танысып қояйық» деп қолын ұсынған Талғатқа (өзара Тәлян) бейтаныс жан бақырайып бір қарады да атын айтпастан қолын ұстата салды. Қасына жетіп келген даяшыға «Екі Хербес!» деп тапсырыс жасады. Түк түсінбей қалған даяшыға «екі Дербес» деп түсіндірді Нұрлан, неге екені белгісіз бір ішкі түйсігі осы бейтаныс жанды баяғыдан танитындай сөздерін түсіне бастады. Даяшы екі бөтелке сыра мен кружаны әкеліп столға тоқ еткізіп қойып жөнеле бергені сол еді, «Хуйып бермейсің бе не нақ?» деп бақ етті бейтаныс. Хэтроу қаласының осы кафесінде сервис және клиенттің көңілін табу деген ұғым мүлде жоқ болатын, кәдуілгі Техастағы салундардай дөрекі-жабайылау дәстүр қалыптасқан еді.Соны білмейтініне қарап қонақ Алмұртты немесе Басқала қаласынан келіп отыр-ау деп жорамал жасады жергілікті жігіттер. Бірақ Хэтроу тұрғындары соған қарамастан ерекше қонақжайлылығымен ерекшеленетін, сондықтан қонақтын сырасын қасында отырған Жасик құйып берді.
-Өлуін өліп болып жерлене алмау деген сұмдық екен әнасс, осындай сұмдықты Шива Шива болғалы да көрмеген шығар, енді жүріс мынау – деп бейтаныс жанның мұрнының астынан міңгірлеп бастаған сөзінің аяғы музыка мен у –шудан естілмей қалды. Сыраны сылқытып іше бастады.
-Шегіп алған – деп сыбыр етті Тәлян Жасикке.
-Отвечаю, с приветом — деді Жасик.
-Зомби сияқты ма бірдеңе – деп күңк етті компьютер ойындарын көп ойнайтын айтишник Ержан.
-Тастарыңды қатырмаңдар шешесс, туғалы бері шегіп келе жатырм, жынды болсам бүкіл Д.мемлекеті ғылым академиясының академигі қылып сайламас еді рухани тірі кезімде, оның бәрі сендер үшін хертегі… – деген бейтаныстың көтеріңкі дауыспен басталған сөзі тағы да міңгірге ұласып кетті.
Нұрлан тап осы кезде кинодағыдай жайды бастан кешірді: көз алдынан Терекинфодағы жазбалар шұбалып өте бастады.
Өз-өзіне келгенде өзінің «Рухани қайтыс болдым. Тәнімді кездестіргендерден оны күштеп көмуді сұраймын» деп шіркеудегі әулие әкейдей бірқалыпты-қатты дауыспен айтып отырғанын аңғарды.
-Танып қойдың ғо нақ, тасың жасайды екен әнасс, ия өлдім ал, енді Шива нәсіп еткен жолмен шала-шарпы өртеніп ағып кетейін десем мына құрыған Қызықстандарыңда Ганг өзені де ақпайды екен – сыра әсер етті ме, рухани қайтыс болған тән қорс-қорс етіп жылай бастады. –Тірісінде бас түйістіріп шай іше алмаған Раджамен өлгенімде бір өзенде қалқып жүруді де жазбады ғой бұл піьяншік құдай…
-Ганг болмағанмен Қайық өзені бар бізде, жыл сайын ондаған адамдар кетіп өліп жатыр, шүкір, ешкім қайтып келген жоқ – деп шамданып қалды Жасик.
-Онда көмейік әнасс, оның не айқайы бар – деп бастама көтерді Тәлян. Сыраның буымен балқып отырған саналарында қысқа ғұмырда жақсылық жасап тұру керектігі жөнінде ой жылт еткен болуы керек, бәрі Тәлянды бірауыздан қолдады.
-Күрек жоқ қой – деді Ержан. –Далада уже қыс, жер қатып қалған болар еще.
-Біздің үйден аламыз как раз төрт күрек бар – деді Жасик.
-Жерлеп болғасын моламның төрт құлағының бір жағына алтыбұрышты жұлдыз, бір жағына крест, бір жағына ай мен жұлдыз енді бір жағына алты қолы мен екі бұтағы бар Құдай мүсінін қойыңдар — деп өсиет жасады Тән.
Жер бетінің барлық дінін бір бойына сидырған Тән рухани тірі кезінде қандай жан болды екен деп тамсанып қалды жігіттер.
Сәлден соң қаздай тізілген бес сұлба қараң-құраң етіп тұманға сіңіп бара жатты…
Бөлісу:

27 пікір

Aldeken
оппппааааа… бұ қайсың ей?
asaubota
білесің бе, қазір жылап отырмын.
Blogshy
Рахмет, Сатыбалдының жазбаларын, стилін қатты ұнатып оқимын, соған еліктеп қарағаным ғой
asaubota
2013-те жиі көрейік жазбаларыңды
Nurgisa
Тәлімдік маңызы нөлге тең болса да, автордың керекинфои стильге қанық, сөз саптауы Мағауиннен кем түспейтіні қуантты. Өз изюминкасы бар адамдарды қашанда іздейсің, жазғанын іздей жүріп оқисың.
Aldeken
сөз саптауы Мағауиннен кем түспейтіні қуантты
«на то пошло, Мағауинің маған ешкім емес» деп тұрса, ия?
Nurgisa
Мағауинді ешкімен теңестіруің орынсыз сияқты
Aldeken
алыста ғо… қам жеме, бро, сыйлаймын ол кісіні…
Пы.сы. басқасын да жемеуің рекоменделеді… ))))))))))))))
a63a1
Zheksenbi kuni zhazylyp, korinbei kalgan tarizdi
Tyulpan
жазып қояды кенс, геофизик )))))))
VKM
 Нұрберген ,Қисықтардың стилінде.Күүүүшті!
-Жерлеп болғасын моламның төрт құлағының бір жағына алтыбұрышты жұлдыз, бір жағына крест, бір жағына ай мен жұлдыз енді бір жағына алты қолы мен екі бұтағы бар Құдай мүсінін қойыңдар — деп өсиет жасады Тән.
 
Сонда ол кісі жерленіп те қойған ба?

«Иногда даже простая ракушка может вдохновить меня на создание новую концепцию...» ©
новой концепции.Өзгерте салшы
Blogshy
жерленбей қалуы да мүмкін, себебі оқиғаның ар жағы белгісіз…
Blogshy
осындай жерлерде «на казахской школе скончалась» деген жаттанды жауабым болушы еді
bizbike
осы «Батыстың қыздары тегін, үйі, көлігі бар» деп қызыққандарға көзқарасың қандай? Қызылордада жұмыс бабымен жүр екенсің, сол жаққа келін болып қал деген ұсыныстар түссе сенің әрекетің қандай болмақ?
bizbike
 кешіріңіздер, мен сұхбатпен шатастырып сұрақ қойып кетіппін ғой
Adiletshu
Ондай-ондай болады
007
«Тегін» дегеніңіз біртүрлі көрінет екен
bizbike
қалың мал сұрамайды ғой енді, сосын тегін дейді да
meirzhan
Бұндай ерекше адамның рухани, физикалық (?) өлгеніне қынжылып отырмын.
omarbirat
Автормен сұхбат жарияланғанға дейін мұндай жазбаларды түсінбей келгенім үшін кешірім сұрамаққа оқталып отыр едім. Мынаны бірінші рет оқып отыр екенмін, сөйтсем
Аптыр, тағдажаз!