Өлең — бір сәттік көңіл күйдің жемесі. Қуанышты күйде отырып жазған өлеңді оқыған адам мені өмір бойы қуанып жүреді деп ойласа -қате. Көңілсіз күйде жазылған өлеңді оқып үнемі мұңайып жүреді деп ойласа да — қате. Сосын әр адам қандай өлең оқыса да өлеңнен авторды емес өзін іздеуі керек деп ойлаймын. Бірақ әр өлеңнен өзімізді таба алмайтынымыз да ақиқат… Пікірің үшін үлкен рахмет, Венера!!!
Иә, өзім де сөзі мен ісі сәйкес келетін адамдарды ұялып кетем. Өткенде өнер адамы туралы пьеса жазып көрдім. Сондағы бір кейіпкердің сөзі:
«Біреу бізді қол жетпейтін шың дейді,
Ал біреулер нұрын шашқан күн дейді!
Қателессек, «адасты!» деп күндейді,
Бірақ… олар ішкі мұңды білмейді…
«Қол жетпейтін олар үшін арман жоқ!»
Деп ойлайды басын шайқап, қайран боп.
Сырт айнала сырыңды ұрлап әкетер,
Ақ көңілмен саған құшақ жайған боп…
Біз көргенді, сіздер, әсте, көрмеңіз!
Кейде көкте, кей кездері жердеміз…
Біреулерге көрінгенмен жұлдыз боп,
Алла алдында әлсіз ғана пендеміз…
Шын мәнінде… әлсіз ғана пендеміз...» Пенде болғандықтан да әр адамның қателесуге құқы бар, сөзі мен ісі сәйкес болмауына да таң қалуға болмайды деп ойлаймын… Күнде көріп жүрген қарапайым адам адамдыққа жат нәрсе жасаса таң қалмаймыз, мән бермейміз, ал көптің алдында жүрген, өзіміз танымал етіп алған адамдар сәл шалыс басса бас шайқаймыз… Сол үшін көптен біреу болмай, көптің бірі болып жүре бергенге не жетсін ))))))
сонда ол адамның жазған жұмысы ғана әдемі болса...
Дұрыс айтасыз, жалпы кім болсақ та сөз бен ісіміздің сәйкес келуін үнемі қадағалай білуіміз керек қой. адам қызық құбылыс негізі… ))
сіз юмор жанрында жазып көрдіңіз ба? жазып көріңізші, а?
жазған жоқ сияқтымы. Актер әлдебір кейіпкерді сомдаған кезде оны жеткізе білуі үшін оның бойында сол кейіпкердің бойындағы қасиеттер болуы керек. ал болмаса оның ойнаған рөлі ешкімнің көңілінен шықпайды. Сондықтан да кейбір актерлер тек трагедиялы, кейбірі тек күлкілі, ойнақы рөлде ойнауға бейім болып келеді ғой. Менің де табиғатыма қазір жазып жүргендерім жақын сияқты. Бірақ алдағы уақытта жазып көргім келеді.
Актер әлдебір кейіпкерді сомдаған кезде оны жеткізе білуі үшін оның бойында сол кейіпкердің бойындағы қасиеттер болуы керек. ал болмаса оның ойнаған рөлі ешкімнің көңілінен шықпайды. Сондықтан да кейбір актерлер тек трагедиялы, кейбірі тек күлкілі, ойнақы рөлде ойнауға бейім болып келеді ғой.
мен ойлайм, актер сол үшін актер — ол күлдірте де, жылата да білуі тиіс. мысалы, уилл смит. ))
«Жамандар жақсымын деп айқайлай, жақсылар жақсымын деп айта алмайды.» — деген қазақта сөз бар.Сондықтан сіз өте жақсы, керемет адамсыз. Бетперде кимейтін адам жоқ шығар. Кей кезде сол бетперденің көмегі тиеді.Сіздің өлеңдеріңізге ғашық болып жүрмін. Өте керемет, тек бұл өлеңдеріңізді жинақтап кітап қылсаңыыз дұрыс болар еді.
«Біреу бізді қол жетпейтін шың дейді,
Ал біреулер нұрын шашқан күн дейді!
Қателессек, «адасты!» деп күндейді,
Бірақ… олар ішкі мұңды білмейді…
«Қол жетпейтін олар үшін арман жоқ!»
Деп ойлайды басын шайқап, қайран боп.
Сырт айнала сырыңды ұрлап әкетер,
Ақ көңілмен саған құшақ жайған боп…
Біз көргенді, сіздер, әсте, көрмеңіз!
Кейде көкте, кей кездері жердеміз…
Біреулерге көрінгенмен жұлдыз боп,
Алла алдында әлсіз ғана пендеміз…
Шын мәнінде… әлсіз ғана пендеміз...» Пенде болғандықтан да әр адамның қателесуге құқы бар, сөзі мен ісі сәйкес болмауына да таң қалуға болмайды деп ойлаймын… Күнде көріп жүрген қарапайым адам адамдыққа жат нәрсе жасаса таң қалмаймыз, мән бермейміз, ал көптің алдында жүрген, өзіміз танымал етіп алған адамдар сәл шалыс басса бас шайқаймыз… Сол үшін көптен біреу болмай, көптің бірі болып жүре бергенге не жетсін ))))))
енді алдыңғыға қатысы жоқ сұрақ: әдемі-әлем, сіз юмор жанрында жазып көрдіңіз ба? жазып көріңізші, а? оқығым келет ))
жазған жоқ сияқтымы. Актер әлдебір кейіпкерді сомдаған кезде оны жеткізе білуі үшін оның бойында сол кейіпкердің бойындағы қасиеттер болуы керек. ал болмаса оның ойнаған рөлі ешкімнің көңілінен шықпайды. Сондықтан да кейбір актерлер тек трагедиялы, кейбірі тек күлкілі, ойнақы рөлде ойнауға бейім болып келеді ғой. Менің де табиғатыма қазір жазып жүргендерім жақын сияқты. Бірақ алдағы уақытта жазып көргім келеді.
мен ойлайм, актер сол үшін актер — ол күлдірте де, жылата да білуі тиіс. мысалы, уилл смит. ))
жазып көрсеңіз, маған көрсетес қой, ә?
Сөкпей, сені үнсіз тыңдай алатын?.. Осы жері әдемі айтылған екен.