Ережесіз жекпе жекпен айналысатын Қытайлық қазақ Жұмабек Тұрсын

Жұмабек Тұрсын, 1986 жылы Іле қазақ автономиялы облысы, Күнес ауданында туылған. Бойы: 1,72 м. Салмағы: 60 кг.
Төмендегі видеода Жұмабек 43 жастағы аса тәжірибелі қытай спортшысын жеңеді, неде болса Қазақты Қытай мойындап келеді, оны сайысты жүргізіп отырған жүргізушінің де сөзінен байқауға болады.
Қытай елі «Айбарлы жолбарыс» атаған Жұмабек 25 жекпе жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.



Бөлісу:

28 пікір

asaubota
мынау керемет жаңалық екен. Қытайдан басқа жерлерде шығып көріпті ме?
Nurgisa
Ардақтан басқаны білмеуші едім, мынау тың жаңалық болды. Қытайдың ішіндегі сайыстарды сыйақы аса көп те болмаса керек… Олимпиададағы спорт түріне кірмейді, әйтпегенде біздегі құзыреттілер әлдеқашан құда түсер ме еді…
Abilakim
Осындай қазақтарды бізбен сырттай болса да таныстырып жатқаныңа мың алғыс Секе!
Abilakim
"Қара жорға" билеп жіберді ә))).
omarbirat
Әңгіме жоқ! Дос Сантос сияқты жігіттер қазақта да бар екен ғой. Соққысы соққы екен енді
omarbirat
UFC-ге дейін жетуіне тілектеспін. Осындай өнерлерін Шыңжаңда дамытса…
Елге шақырамыз деп, Қанат сияқты обалына қалып жүрерміз тағы. Бастысы — қайда жүрсе де мықты қазақтар бар екеніне ризамын
omarbirat
Лақап аты «Тағы Қасқыр» (The Wild Wolf) екен (Жабайы деген бір түрлі шығар)
Nurshat
Күнес-ұлы хан Шыңғыстың батысқа жорығындағы жазғы астанасы болған мекен… Іле Қазақ автономиялы облысындағы қазақтар ең көп орналасқан қала. Сондықтан болар бұл мекеннен кіл мықтылар шығады… Анау қытай журналисты: "Қазақ ұлты жауынгер халық, олардың біреуінің өзі дайын тұрған сарбаздар секілді " деп айтып жатыр. Жарайсың Жұмабек Қанаттың соққысынан кейін керемет соққы ұрған қазақты көрмей жүр едім… сүйіндірдің… Алға қазақ!!! Қытайларды мойындат осылай… Күрзі жұдырығыңмен.....
Janasil
Қазақстанға шақырсақ қадіріне жете алмай қаламыз ау…
omarbirat
Қазақстанға шақырудың тіпті қажеті жоқ. Біздегілер өздерін жарылқап алсын

Бұл жігіттің клубында Ta Yier, HasiTieer TeerJiang, Ayideng Jumayi деген үш жігіт бар екен. Үшеуі де Жұмабек сияқты Шыңжаңнан. Тайыр, Қасиет (ең жақын келетіні осы шығар дедім) Ержан, Айдын Жұмай дегенге келетін сияқты аттарының жобасы.
Қарап көріңдерші:
www.ruffchina.com/us/fightersprofiles/item/ta-yier-3.html

www.ruffchina.com/us/fightersprofiles/item/hasitieer-teerjiang.html

www.ruffchina.com/us/fightersprofiles/item/ayideng-jumayi.html

Қазақтарға ұқсай ма?
asaubota
Омар, мынаны бөлек пост қылып шығаршы.
omarbirat
ОК, кешке тағы бір мәліметтермен толықтырып шығарамын.
omarbirat
Тым ұзақ боп кеткен сияқты: kerekinfo.kz/blog/mma/9608.html
omarbirat
Айдын Жұмайдың қазақ екені расталды!
aza
HasiTieer TeerJiang — Қастер шығар…
omarbirat
Ол да мүмкін.
asaubota
Тіржан шығар тегі?
omarbirat
Конвиктке айтып, скайп арқылы сөйлестіреміз ғой деймін
omarbirat
Қастер Тіржан. Келеді
omarbirat
Дәл солай екен. Ол да қазақ
omarbirat
RUFF ұйымдастырып жатқан Super Fight 2013 жарысына қатысатын болыпты. Аралас жекпе-жектен ел чемпионын анықтайтын көрінеді. Әр салмақ бойынша жеңімпаз болып шыққанға 1 000 000 юань беріледі екен.
serjan
Жігіттер маладец шетін шығарсаң қопарып тастайды.
omarbirat
Секе, саған рақмет!
joldas
men kitay kazkahgi bolam, bundagi jumabek, kaster, aydin, tayerjan bari kitaydagi kazkahtar boladi… kaster jumabekting jerles inisi boladi… bul torteuide kazakh ari aldinggi saptagilari kitay boyinsha…