Экзотикалық тағамдар
Бүгін аздап экзотикалық тағамдарға шолу жасап қайтқам, соның аз бөлігін сіздермен бөліссем дегем. Қарап отырсақ біреулер үшін экзотика, біреулер үшін ұлттық тағам екен.
1. Балют(балут)- қайнатып пісірген үйрек эмбрионы (эмбрион-жұмыртқада енді дамып келе жатқан балапан). Филиппиндік ер адамдар балютті күнделікті аста жеуге тырысады, өйткені еркектік әлеуетті күшейтеді екен.
2. Қуырылған шаяндар(скрпион). Қытай және Вьетнам елдерінде сұранысқа ие экзотикалық тағам түрі, емдік қасиетке ие екен.
3.Экзотикалық тағамдардың бірі-Фугу деп аталады. Фугу өте улы балық, оның денесі қауіпті «У» тетродотоксиннен тұрады. Фугуді арнайы білімі және сертификаты бар аспаздар ғана дәстүрлі жапон рецептісі бойынша әзірлейді.
4. Қайнатып пісірілген тіл. Қазақтар үшін мал сойылып, ет асылған сайын жейтін тағам болса, еуропа елдері, америка үшін экзотикалық тағам екен.
5. Қуырылған теңіз шошқасы Оңтүстік Америка елдерінде дәстүрлі тағам. Дәмі қоян етіне ұқсас теңіз шошқасының еті өте дәмді дейді.
6. Хаггис деп аталатын тағам шотландықтардық ұлттық тағамы екен. Қой малының жүрегі, бауыры, пияз, сұлы қауызы және дәмдеуіштер қосып, қарынға салып пісіреді екен.
7. Қуырылған тарантул комбоджалық балалардың сүйікті тағамы екен және ата-аналары үнемі әзірлеп береді.
8. Қан шұжығы. аты айтып тұрғандай бұл тағам қой, сиыр, және шошқа малдарының қандарынан дайындалады. Қан шұжығына ет, қарақұмық және дәмдеуіштер араластырып, қайнатып пісіреді. Ыстық және салқындатылған күйде жеуге болады.
Ас болсын!)
Не ғо, мына жерде біздің қымыз бен қойдың басын әлемдегі ең қорқынышты, жиіркенішті және қолдану мүмкін емес тағамдар қатарына қосып қойыпты...
айта береді, біз үшін күнделікті тағам ғой. мысалы жақсы тазартылған қой ішек-қарнынан дәмді қуырдақ шығады дегендей, қойдың қарнына сақталған сары май өте дәмді болады.
Тіл мен шотландтықтардың тағамы қазақтың асқазанына жат емес сияқты :) Қалғандары жиіркенішті. Уәәәәқ!
мммаааааммммааа анааауу жаман гооо жүрегім айннып кеттті қазір құсып жібереміііінн
Тіл, хаггис пен шұжықты ғана жер едім, қалғанынан қорқам даже ))
Анау хаггис беген біздің әсіп емес пе?
аяқтары дәмді болады)
Бірде соны жеп көрмеген басым неден жасалатынын білмей, сыртынан әдемі болып көрінгесін асап кеп жібердім, дастархан басында отырғасын түкіріп тастауға шама жоқ, әрең жұттым