Мен көрген Түрік елі


Таулары – менің Қаратауыма ұқсайды екен;
Талдары – ерекше таңқалдыратындай емес;
Гүлідері – базар жоқ, әдемі;
Суы – ресейлік бір апайдың айтуы бойынша Жерорта теңізінің суы «ласкает», жеке өзім кесіп ештеңе айта алмаймын, өйткені қатырып жүзе де алмаймын, салыстыру үшін басқа теңіздерге өмірімде барып көрмеппін;

Анталия мен Кемер қалаларының сәулеті жайлы айтар болсам, барлығы дерлік типтік жобадағы үйлер. Ал қонақүйлер мен демалыс орындары орташа, уау деп айтқызарлықтай ғимарат көрмедім.

Гидтер
Анталия әуежайынан Кемерге қарай тас жолда 3 тоннель бар екен, гидтердің айтуы бойынша сол тоннельден өтерде армандарыңызды іштей тілесеңіз орындалады мыс. Ал қайтар жолда тап сол тоннельдерден өткенде демалыс уақытысында жасаған күнәлі істеріңіз кешіріледі міс.

Қайда саяхаттасаң да, міндетті түрде былғары мен тері, шарап, рахат лукум, жартылай бағалы тас шеберханасы, текстиль дүкендеріне ертіп апарады. Қымбат тауарларын жақсылап жарналамалап, олай да, бұлай да сынап көрсетіп, 3-4 түрлі шарап ішкізіп, анардың шырынын, зәйтүн майының пайдасын айтып, тәттілерін жегізіп, бамбук сүлгілерге су төгіп көрсетіп, тері және былғары киімдеріне дефиле жасап, арасында алма шайын әкеліп, тастан қашалған шыныаяқтарға су құйып ішсе денсаулыққа қандай пайдалы екенін айтып, ойда қырда саяхатшылардан максималды түрде ақша сындыру процесін іске қосады.

Барған күні асығыстық жасап күтіп алған гидтер ұсынған турларына бас салып жазыла беріптік, қонақ үйден жаяулатып шығып, айналаны бір аралап келу керек екен. Мысалы «Демре. Мира, Кекова» деген қалаларға саяхатты гидіміз 65 долларға «арзандатып» жасап берді, ал қонақ үйіміздің қарсы бетінде қаз қатар орналасқан турагенттіктерде тап сол турдың билеттері 25 доллардан толып тұр. «Памуккале» 70-80 болса, 35 долларға табуға болады екен.

Ұнағаны
Анталиядан Аланияға қарай барар жолдағы Серік деген қаладағы ашық аспан астындағы «Аспендос» театрында өткен «Fire of Anatolia» Троя атты қойылымы. Әлемнің көптеген елдерін аралаған 80 адамнан тұратын бұл шығармашылық топтың биін алғаш тамашалауым. Қойылым алдында, сурет-видео түсіруге тиым салынса да, мұндай ғажап дүниені эгоисттеніп жалғыз көргенім болмас деп, аздап қарақшы видеоны сүйіп тамашалайтын қауымға да базарлық ала келдім.
Fire of Anatolia 2012 — Troy1
Fire of Anatolia 2012 — Troy2
Fire of Anatolia 2012 — Troy3
Бөлісу:

5 пікір

ken
қайда базарлық?
Zilola
Youtube-ке жүктеп отырмын
VKM
күшті, сеструха. Осы керекшілердің биыл жартысы Түркияда болды ғой деймін, тек әдемілеп жазған сен ғана. Респект!
Zilola
негізі дұрыстап жазу керек еді, дер кезінде жазбаған соң, бастапқыдағы идеяларымның барлығын ұмытып қалдым ((
Видеолар мен суреттер ғана сақталды
MickThatsMyNick
Тура, тура Туркі елі, турааааа Туркі елі…