"Өрең биік болсын!"
… Кабинетім бірінші қабатта. Кейде терезеге қарап, ұзақ ойланып отырғанды ұнатам.
Әдетіме басып, иегімді қолыма тіреп, үнсіз отырмын. Алыстағы бір нүктеге көз тастадым да, қимылсыз қалдым. Шым-шытырық ойлар басымның түкпір-түкпірін аралап жатқан сияқты, бірақ тиянақты не ойлап отырғанымды білмеймін.
Кенеттен көзім терезенің әйнегіне түсті. Жауынның іздеріне қонған шаң лай боп қатыпты. Өрмекшінің өрмегі көзге көрінер-көрінбес боп тұрар ма еді, шаң-топырақ оған да жабысып үлгеріпті. Қалай мән бермегенмін, әйнек өте-өте лас екен. Ластығы сонша, тіпті дала да ластанып көрінеді. Қаланың қанық бояуына көз сүйсіндіріп қарай алмайсың.
«Еден тазалаушы апай да байқаса болады ғой. Бірінші қабат, келім-кетім адамдардан ұят емес пе» деген ой келді бірден.
«Бірінші қабат демекші, төртінші қабаттағы әйнек те осылай кірлене ме екен? Қанша дегенмен шаң жоғары көтеріле бермейді ғой», ойдан ой туды. Қызығушылықтың артқаны сонша төртінші қабатқа көтерілдім. Ерінбей. Әйнектері төмендегідей емес, біздікінен таза. Аздап қана кір шалған. Сыртқа көз тастаған да әлдеқайда жақсы, бәрі анық көрінеді. Тіпті кімнің не істеп жатқанын байқауға болады биіктен.
Адамдарға ұқсаттым… Адамның адамдығы төмен болған сайын көкірек көзі де ластана береді, шел баса береді. Айналасы да лас көрініп, тырнақ астынан кір іздеп тұрады.
"Өрең биік болсын!" деген сөзді түсінген сияқтымын…
Сурет
Төрт қабырға, қағаз қалам қолымда,
Ой бөлісер тірі жан жоқ қасымда.
Тұңғиыққа батырып жібергенде,
Басқа әлемге кетіп қалам, расында…
Адам қай уақытта да адамдығын сақтап қалуы керек…
кетна…