КерекИнфода күзгі өзгеріс

Қарашаның 1-інен бастап сайтымыздың келбеті және функционалы өзгеріп жатыр. Мазмұнында да жаңа өзгерістер болады деп сенгім келеді. Толықтыру және өзгерістер ашық режимде жүріп жатыр. жаңалықтарды осы пост ішінде жазып отыратын боламын. Бұл сайт барлығымыздың сайтымыз болғандықтан ұсыныс, сын, пікірлерімізді жаза отырайық. Қолдан келгенше көмек те көрсетейік. Кейбір функцияларды сатып алуымыз керек. Олар туралы пікірлерде жазып отырамын. Демеуші боламын дегендер жекеге хабарласса болады.
Upd: Іздеу жүйесі жаңартылды. Демеушілік жасаған: ruben (02/11/12 — 17:29)
Upd: Рейтинг жүйесі қарапайымдалды. Күш жоқ, тек рейтинг болады. Қолданушыларға пікірдегі плюс үшін 0.1, тақырыптағы плюс үшін 1 қосылады. Қауымдастықтар беті ішінде жазылған пост саны бойынша реттеледі. (02/11/12 — 23:59)
Бөлісу:

59 пікір

asaubota
Демеуші керек! 10$



Суреттегідей кеңейтілген, түсінікті редактор. Посттарымызды түрлендіріп салуға болады.
asaubota
ruben бауырымызға рахмет, іздеу жүйесіне демеуші болды.
asaubota
Демеуші керек! 2$

Сайт ішінен іздеу жүйесі. Сайттың қазіргісі істемейді, бұрынғы Яндекс арқылы іздеуді алып тастадым.
asaubota
бағалардың орындарын ауыстырып алыппын, іздеу жүйесі 10$, сол алынды.

басқа қандай ұсыныстар бар? мына жерден қарап көрулеріңе болады ақылы плагиндерді livestreetcms.com/addons/?type=2&category=1&order=new&compatibility=3
omarbirat
QIWI-әмиян істеп тұр ма? 100-200 теңгелермен шешуге болатын сияқты.
asaubota
аха qiwi әмиянға (номер 7026113726) лақтыруға болады. сондай үлкен сома емес, просто сайт болғасын қолданушылардың да үлесі болғаны дұрыс деп ойлаймын.
Aikona
Постқа пікір жазылғаны, пікіріңе жауап бергені туралы хаттар келуші еді кейінгі кезде келмейтін болған ба???
asaubota
адрес қай почта қызметінде? mail.ru?
Aikona
джемейл ғой, мейл руды көп қолданбаймын
Nurgisa
Джимейлге келіп тұр.
asaubota
mail.ru деген пошта қызметіне де әшейііііннн барып тұр ескертпелер
asaubota
Тікелей эфирдегі соңғы камент мәселесі шешілді, енді басқан кезде соңғы каментке апарады.
salamat
логинді өзгертуге бола ма?қалай?
asaubota
логин өзгерткің келсе жекеге хабарлас, өзің өзгерте алмайсың.
omarbirat
Ұқсас жазбаларды көрсететін функциясы да ұнап жатыр
asaubota
тек әдемілеу керек болып тұр ол жерді, оны асықпай істермін кейін
Aya
Осы қалпы әдемі екен.
edige
Әкімгерлер ориентация өзгерткеннен сау ма?
asaubota
Ұқсас жазбалар функциясының нәтижесі мықты екен. Эфир бұрынғы қызық тақырыптармен жаңарып қалыпты.
edige
Архивтен біраз жерлерді шарлап шықтым… Функция күшті кен Ареке, Рахмет…
edige
Осы жердегі «жұқалату ыдысы» бейнесін ауыстырса қалай боладкен? )))Пікір жазу
MickThatsMyNick
ювижннің түсін еске түсіреді екен, жалпы маған жаңа дизайн ұнады, тек фонға аздаған минимализм дей ме сондай керек…
Zilola
Жақсы өзгерістер екен, телефонмен шығып жүрген соң мұның біреуі де көрінбейтін )) үйге келіп көзім ашылып жатыр.
Супер, респект!
seyh
постқа кірмей-ақ үстіне келгенде жазған пікірі көрінетін еді. Қазір шығады бірақ көрінер көрінбес Осы жерін шұқылап жіберсеңіз
ushkin
VK-ға ұқсайды аздап
time379
озгерістер ұнады керемет
Tyulpan
түзету функиясын в студиююююююю
asaubota
Түзетуді қостым, тек ол плагиннің жаман демеушісі бар. сайттың оң жақ төменгі бөлігінде сілтемесі шығып тұр. оны алып тастау үшін 5 доллар төлеу керек. демеуші болып жіберіңдер, алып тастайық.
Daniar-Alan
шынымды айтайын ба?!.. дым намады… түс көп… тым көп. қазір басты назар жазуға емес, түстерге ауып отыр. меніңше баяғысы дұрыс еді. ақ не болмаса қараның 20 проценті (ақшылсұр). мында төртбұрыш-төртбұрыш. ой бөлінеді. көз ауыртады…
шапкада қызыл жапырақтың неге жатқаны түсініксіз…
екі лого…
ренжімеңдер. бірақ, көрдім да ойыма бірден мынау түсті.
мен шымда газетте істеп жүрген кезімде жаухатшы қанша түс беріп, фон беріп былықтырмайын десем де әдейі осындай қызылды-жасылды фон бергізіп тастайтын (цветной беттер қымбат, типіна ақшаны «шығарып» алып жатқан түрлері, мәмбеттікна)
очм… айтары бар сайтта ең бірінші көзге түсетін нәрсе — жазу болу керек секілді…
Daniar-Alan
бірақ жақсы идея болды… бұйырса келесі құрылтайдағы презентациям сайттардың һәм блоктардың безендірілуі, фон, логолар жайлы болады…
BIRKYZ
Косыламмм, Админ ага, руксат болса синий цветти алып тастанызшы, туншыгып калайын деп отырмын!
asaubota
мұндай дизайн кәсіби дизайнерлердің қолынан шыққан ақылы өнім. ненің қалай болуы керегін олар жақсы біледі. сондықтан көк түсті өзгерткім келмеді, мен тек кей жерлерін өзгерттім. жоғарыдағы суретті де ай сайын өзгертіп отыруға тырысамын. Фейсбук, Твиттер, Майл.ру, Вконтакте сияқты ірі әлеуметтік желілер де көк түсті қолданады. демек мұнда бір гәп бар, қолданушының көзін ауыртпайтын түстердің бірі.
Janasil
Көк түс көзге жақсы деуші еді. Өзім жұмыс бетіне көк түсті сурет қоюға тырысамын.
Daniar-Alan
… сосын… пост тақырыбын үлкейту қажет… көзге көрінетіндей етіп…
BIRKYZ
ия ия менде соны айтайын дегем) деп кабаттасып отыр дид))))
Daniar-Alan
ілмектер тым үлкен орын алып тұр…
и ваще… посттан басқаның барлығы үлкен. үштен бір бөлігіне қосымша ақпараттар (ілмек, ұқсас жазба, тікелей эфир, баннер) орналасып тұр. менің ойымша соны 4/1 бөлігіне қойып басты назарды постқа аудару керек секілді… пост тақырыбын үлкейтіп…
лого тұратын жер үлкендеу секілді… соны кішірейтіп, негізгі логоны сол жақ бетіне орналастыру қажет секілді…
сосын… былтыр: еркін блог жүйесі деген сөз тұратын лого астында… найтын ше сол…
Daniar-Alan
жариялаушы, жарияланып отырған жері һәм рейтингі т.б. ақпараттардың пост астында тұрғанына көз үйреніп қалған еД…
бітті ау дим осымен…
Пікір өшірілді
asaubota

Жаңа редактор қосылды, яғни жаңа пост жазған кездегі жаңа панель. Демеушіміз тағы да ruben


 


бүгін жазылған барлық посттарды алғашқы постқа шығарып қойдым, ал негізінде тек 8 плюс жинағандары ғана шығады. жазар көп болсын!

Tyulpan

сатыпалды, гастарбайтер, дарк-назгуль керек. оларды да студияға жіберіңіз, админ мырза )) өздері қайда жүр бізді тастап...

StrangeR

Жақсы өзгерістер екен. Бұрынғыдан жылдам сияқты. Ұнамағаны: шрифт, пікірлердің бір-біріне жабысып тұруы, фон, пост авторының аватарындағы жасыл үшбұрыш, посттың және пікірлердің айналасындағы ақшыл-көк фон (ақ болғаны жақсы сияқты). Жалпы түстері онша ұнамады. 

asaubota
жаңа Tinymce редактордан абс тартуға тура келді. біздің концептке келмейді екен және смайликтердің шығуына кедергі болып тұр. қайтадан бұрынғысын қойдым.
aikarakoz
Таң атқалы пікір жаза алмай отырмын…
aikarakoz
О, қосылыпты ғой))
a63a1
мынандай келеңсіздіктерге тап болып отырмын
пост жаза алмайм
madlen
Телефоннан косылып отырмын. Сондай адемi сайт болып кетiптi гой)
Tyulpan
керекинфо, маған керегің арта түссінші дегім келеді...әсіресе, сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан кезінде...
asaubota
Онлайн да қосылды, енді әңгіме қыза түседі
asaubota
соңғы күндерде КерекИнфо серверге жүк болып жатыр. уақытша кейбір функцияларды ажыратуға мәжбүрмін. хостер жаңа ВПС хостинг ұсынды. 1 жылға 50 мың теңге. әркім мүмкіндігінше көмектессе аса бір үлкен сома емес сияқты. не дейсіздер?
ruben
сайғы дурышындейым, ұу'ста!
asaubota
хостерге хат жазып едім, мүмкін сайттың бір жері дұрыс істемей содан нагрузка болып тұрған шығар деп. олар ешқандай қате жоқ екенін, тек қолданушы саны көбейгендіктен шаред хостингтан шығып, жеке серверге өту керегін айтты:

Скорее всего дело в том, что сайт популярный и много посетителей и он уже «перерос» виртуальный хостинг.
Aldeken
Скорее всего дело в том, что сайт популярный и много посетителей и он уже «перерос» виртуальный хостинг.
былай комплимент деп қабылдай бершиш ))))))))))))))
ken
кейбір беттер ашылмай, мынадай жазу шығып қалып жатыр кейде: Service Temporarily Unavailable