ОЛ үшін темір тұлпардың рөлін тартып міну күні кеше арман еді. Бес жыл мемлекеттік қызметте жүріп орындалмаған арман бір жарым жылда орындалды. Бүгін ОЛ досына алғыс айтады. Өйткені, соның шақыртуымен «КЮНЕТке» кіріп, желілік маркетингпен айналысады. Бұрыңғы алатын жалақысы – 37 мың теңге болған. Әрі тартып, бері тартып, әйтеуір күнделікті нанына жеткізетін. Ал бүгін, ОЛ айына 32 мың АҚШ долларын қалтаға басады. Кеше жаман жидемен жүрген ОЛ бүгін қымбат киім киеді. Тіпті, жетім балалар мен мүгедектерге де көмек қолын созып жүр. Бұл желілік маркетингтің бір жарым жылда жеткізген – жетістігі. «Бүгін жиырма жетіге келген ОЛ отызында ойраңдап жүреді-ау», деп біз де іштен ойлап, сырттан қызыға қарап қалдық. Бұл не қылған батпан құйрық?
Білмеймін, жақындарым осымен айналысады. Уайымдаймын, жүргендеріне 1 жыл боп қалды, әзірге байығандарын көрмедім. Бірақ сөздеріне қарасаң ертең байып шығатындай болады…
Негізгі принцип былай: Өзің 2000 доллар саласың және жаныңдағы екі досыңды артыңнан 2000+2000 доллар салуға үгіттеп, оның жанұясынан қарғыс есітіп, араласпай тынасың… Сол мезетте саған 200 доллар түседі… Артыңнан ерген екі адам өзінен кейін тағы 3 адамнан тапқанын күтіп жылдап жүресің… обсурд мен үшін бұл…
жетім балалар мен мүгедектерге де көмек қолын созып жүр.
Бұл күнеттің салықтан жалтару үшін және өз бастарын қорғау үшін ойлап табылған ертегі…
Бұл күнеттің салықтан жалтару үшін және өз бастарын қорғау үшін ойлап табылған ертегі…