Жаңа жылды даттау дәстүрі
«Ата салтың – халықтық қалпың» дегендей, өз жұртының қадір – қасиетінен мәлімет беретін ғұрып қасиетпен, оған мейлінше құрметпен қарау – ұлтымызға, елдігімізге сын.
Қазақ халқында тым ертеден келе жатқан және кейіннен шыққан көптеген әдет – ғұрыптар бар. Солардың бірі «Жаңа жылды даттау» дәстүріне жеке тоқтала кетсек.
«Жаңа жылды даттау» дәстүрі — желтоқсан айының орта шамасында республиканың барлық аймағында басталатын сарабдал салттарымыздың бірі. Әлеуметтік желілерде «Мен Жаңа жылды тойламаймын» деп жазылатын статустар кейін газет және сайт беттерінде мақала ретінде жайылады. Мақала жазу мүмкіндігі жоқ адамдар 7 сайтқа 7 пікір жазады. Әдетте өзін сыйлайтын әр сайт және газет желтоқсан айының ортасынан аяғына дейін осы дәстүрді берік ұстанып, Жаңа жылды Иса пайғамбар және Рождествомен тығыз байланыстыра отырып, көлемді мақала қылып ұсынады. Фантазия және мүмкіндігі шектеулілер өткен жылғы шығарғандарын қайтадан да шығара алады. Мереке желтоқсан айының аяғында айлықпен бірге берілетін Жаңа жыл сыйақысымен жалғасып, 31 желтоқсан күні ағайын-тума, достарды Жаңа жылмен құттықтап, отбасы мүшелерімен бірге теледидардан концерт көрумен аяқталады.

Ваще қатырас даЧы)))
күнтізбеге сонда 2013 дегенді енгізбейді ма сонда… құжаттарына наурызга дейін 2012 деп жүреді гой я… түсінбедім… әлде… ощым Rafaello Жарадың!!!
Шешессссс дегеннен басқа амал жоқ…
www.facebook.com/gastarbiater/posts/511944952171606