Қыз жүрегі...

Қыз жүрегі.

Өмірдің жолы,
Сан қилы неге келесің?
Соншалық алдан,
Күтуде әрбір белесің…
Жетейін деген
Талпынған жүрек сөзіне
Аяқтан шалып, несіне қинай бересің

Бірақ та мейлі…
Тіршілік-жалған. Өтер күн!
Сүйгенім аман.
Оған да шүкір етермін…
Сездіре алмай,
Жалындап жазған сезімді
Фәниден мынау,
Сүйсініп қана өтермін…

Кеудеме сыймай,
Жүрегім неге тулайсың?
Тағдырдың жолын,
Арнаға өзге бұрғайсың!
Кей кезде көріп алыстан нұрлы бейнесін,
Бақытын тілеп,
Тілекші болып тұрғайсың!
Бөлісу:

9 пікір

west_laura
Пікірлеріңізді білгім келед…
aza
Сайттағы көп «ақыннан» артықшылығың "ұйқастарың" орнында тұр екен… Бірақ, өлеңнен тәтті бір нәрсе таба аламай кетіп барам… Мен білетін қыздардың жүрегі лүпілдееп тұратын еді ғой…
a63a1
Ет асып жатқан шығар деп жетіп келсем өлең екен)))
Tyulpan
"қыз жүрегі" мен «ет асудың» қандай байланысы бар?
a63a1
Қызды қалай жақсы көрсем етті солай жақсы көрем ұааххы))
aza
Соғымның сүрі, сырбаздың төлдәмі, құнажынның қазысы, түйенің төстігі, құнан қойдың құйқалы жамбасы… қыздың жүрегі… Ассортиден асай отырыңыз)