125 пікір

zhas_kazakh
ащы шыңдық қой мынауыңыз
madikon
Меніңше қазақты қасқа кылып табалай бергенше, сол мәселені шешу үшін шара қолданайықта!!! Қазақ ішінде де дұрыс, саналы, білімді,өз елін, халқын жақсы көретін, қызмет қылуға дайын, жүрегінде қазақи намыс бар ұл-қыздарымыз өте көп. Жамандай бергенше халқымызды, өз мерекемізді, салт-дәстүрімізді дәріптеуі үшін, әсіресе жастар арасында,іс жасайық, жаңа идея қосайық соған! Кім қалай ойлайды? Өз халқымызды жамандағаннан жақсы ештеңе шықпайды!
Peliko
Біріншіден, жамандау мен сынаудың арасы алшақ сияқты. Біреуге жамандау болып көрінсе, мен үшін ащы сын. Сіз айтқан сөздерді Абайға да айтқан, бірақ жаны ащитын адам ащы сынайды. Әлде «Дос жылатып айтады» деп әдемілік үшін айта салған ба? Екіншіден "қазақи намыс" деген сөз тіркесін қолданбауыңызды сұраймын. Қазақи намыс, қытайша намыс, орысша намыс, немісше намыс деген тіркестер жоқ. Намыс қазаққа ғана тән.
madikon
Бұл менің жеке пікірім болған! Қалай десеңізде сынаудың да керемет пайдасы жоқ сияқты. Солай сынап жазғанда қазақ хэллоуинді ұмытып, түзеліп кететін сияқты! Меніңше, Абайдың жөні бөлек, мынау өлең-шумағы тіптен бөлек. Кім не деп, қалай ойласа да Мен ойлаймын, іс жасау керек осы мәселені шешу үшін, кішкене де болса да осы жағдайдың түзелуі үшін! Сөйлеуден келіп-кетер пайда аз. Мен тек осы ойды қосымша айтқым келген!
Peliko
«Меніңше, Абайдың жөні бөлек, мынау өлең-шумағы тіптен бөлек».
«Штамп» деген ұғыммен таныс боларсыз. Бұл шумақтар штамп.
Абай: "Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Бет бергенде шырайың сондай жақсы,
Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?
Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,
Аузымен орақ орған өңкей қыртың.
Өзімдікі дей алмай өз малыңды,
Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың"
Сын — біреу, форма — бір, тек қозғалған мәселе заманына сай. Жалған намыс — көкіректі соқыр етеді.
madikon
Мен Абайдың жөні бөлек дегенде басқаша бір ойды айтпақ болғам. Бірақ түсіндіруге ерініп отырмын. Мен өз ойымда қаламын.
Peliko
Қазақша «дебаттардың» басты белгісі — әркімнің өз ойында қалуы! Рахмет.
ruben
Намыс қазаққа ғана тән.
Пейішке пырақсыз шыққандаймын
Abilakim
Намыс қазаққа ғана тән.

Асыра сілтеп жібердің-ау деймін. Намыс сөзі қазақтікі болғанымен оның өзіндік баламасы басқа да ұлттарда болуы керек қой.
Жапондардың самурайларының намысы ше? Киноларда (ол кино ғой демеңіз, демек өмірде бар) түрлі елдің түрлі кейіпкерлері түрлі әрекеттерге осы намыс үшін бармаушы ма еді?
Peliko
Нақты «намыс», «намыс үшін», «намысқа тырысу» ұғымдарының баламасын кездестірмедім. «Кодекс чести» деген бар, бірақ ол намыс ұғымына жамағайын.
Aldeken
Перизат, өлең жолдарының авторы өзің бе?
Peliko
Иә. Бірақ бір жаманы қатты ашуланғанда ғана шығады.
Marco
Жаңа жылды тойлаймын, тойлай да берем. Дәл осы мереке қазақтығыма нұқсан келтіріп отырғаны шамалы. ИМХО!
asaubota
Хеллоуин тойлап жүрген қазақтарды көрмедім
VKM
Біздің мектепте тойлайды, ағлышын мектебі болғасын.Содан қазақ болмай қалғанымыз жоқ.Ал Жаңа жылды тойлаймын,ұнайды. Одан мұсылман болмай қалғаным жоқ.Жоқ жерден проблема табады екенсіздер.
Abilakim
Хеллоуин деген пәленің қашан болатынын да білмейді екенмін. Жаны қазақтардың ешқайсысына ол маңызды дата емес. Қазақ болуға қорқатын қазақтарға мереке болар бәлкім.
Marco
Көбіне иняздың студенттері тойлайды)))
Peliko
Мен де білмейтінмін. Бір «туысым» «Хэллоуинге костюм таппай жүрмін» дегенде ғана назар аудардым. Бұрын ТВ-дан ғана көруші едік.
a63a1
хеллоуин құтты болсын ізгі христиан қауым ©
Marco
Лібә, осы буддистер неге игнорда?! Неге мысалға оларды да жаңа жылмен құттықтамайсыңдар?!!!
a63a1
мысалға олардың жаңа жылы қашан?
a63a1
Әлгі Қарағандының Бөкетібін бітірген қыз сен бе едің?
Peliko
))). Иә, бірақ ондай қыз көп қой.
a63a1
Журфагын талай жағалап едік, сен со жылы маған қарамай кеткен едіңғой
Peliko
Мәссаған, қатырдыңыз. Шын атыңызды білсек бола ма?
a63a1
АБзал)))
Peliko
Есіме түсті))). Әлемдегі жалғыз Абзал.
a63a1
Иә дәл өзі, есіңдеме сол бір кез, қол ұстасып мамбетстритта қыдыратынымыз?
Peliko
))). Көп қыздың бірімен шатастырдыңыз-ау осы.
a63a1
Жоқ, сенсің, мені квн-ға ауыстырып кете бардың
Peliko
Дүйсенбіге жақсы болды ғой мына хабар. Қарағандыда «Перизаттың жігітімін» деген бір-ақ жігіт болған. Аты Абзал емес еді.
Marco
Бұл шамасы дәреде болды ғо? )))
Peliko
«Кеңес Одағының Батырымен» бірдей дәреже десем, иә))). Төл сөз қылып айтып жатқаным ғой.
Abilakim
ол кісі қазір жергілікті телеарнада емес пе?
Peliko
Құрсын, менің жеке өмірім жеке өмір болмай қалды ғой. Иә, телеарнада
Daniar-Alan
Құрсын, менің жеке өмірім жеке өмір болмай қалды ғой. Иә, телеарнада

бәріміздікі солай
Adiletshu
Сіз "Ұлдар емес" деген КВН командасында ойнадыңыз ба
Peliko
иә, баяяяғыыыдааа…
Adiletshu
Бәсе, Михаилұлы…
a63a1
Ай аспандама десем жерде жүр екенғой. О мыңқұбылған дүния!
zholantai
осы мереке жайлы білерім жоқ, еш
omarbirat
Өстіп-өстіп Хэллоуин қазаққа жат деп жүріп, сіңіріп алмасақ болды, әйтеуір. Әзірге айналамдағылар тойлап жүрген жоқ
Tyulpan
бұл жай ғана ғаламдану. осылай ма еді глобализция қазақша? шетелдіктермен аралас жүрген ересек қазақтар да, мектептегілер де тойлайды. біз ше, қазақтың мейрамдарын тойласақ, бізге біреу қой деді ма? тәуелсіздік күні немесе наурыз сияқты қазақ мейрамдарын бізге біреу жасап бермейді ғой. ал, басқалар өз мейрамдарын тойлай кетсе, қарсы боламыз. өз мейрамдарымызды күштеудің арқасында ғана ресми тойлаймыз.
жақында маған бір Ұлыбритания елінің үндісі: «сендер православтық рождествоны 16-17 желтоқсан тойлайсыңдар ғой.» дегенде, "қайдағы? ол біздің тәуелсіздік күніміз" дееееп, тарих айтып кеттім де, өзіне дүрсе қоя бердім «неге Қазақстан тарихын білмейсіз? ұят қой мынауыңыз» деп қоямын ғой. Қазақстан тарихын өзіміздің қазқтар да білмейді ғой деп ойлап қоям арасында ))
сонымен айтайын дегенім, кристмастың кесірінен, біздің тәуелсіздік күні шетелдіктер аралас компанияларда тойланбай, көрінбей қалып жатады ((
Adiletshu
ғаламдану. осылай ма еді глобализция қазақша?
жаһандану деп айтып жатады ғой
aikarakoz
Жаңа жылды асыға күтем. Бар өмірім төңкеріліп, толықтай өзгеріс енетіндей… Әрине қаңтардың ортасына жетпей, ешқандай өзгерістің болмайтынына сенеміз. Ақ тілектер ағылып, жұрт қуанып жүретін мейрамның артықтығы жоқ. Ішетін адам мейрамсыз-ақ іше береді.
Хеллоуинді еліміздегі орыстар тойлап жатады, ал қазақтарды көрмеппін.
Сондықтан дабыра ғып, "қазақ — наданға" басудың қажеті жоқ-ау.

Кеше ғана құрбандық шалып, мешітке сыймай қалған халықты неге көрмейміз осы?
Peliko
Қазақ — надан деген ешкім жоқ. Қазақ бойкүйез. Өзінікі дегенде жамбасы тесілгенше жатады. Өзгенікіне жалғыз атын сойып, жалпақ шешей.
Өзім сол салада болған соң ТВ жайлы айтайын. Ұлттық мерекелерде үлкен саясаттың қолшоқпар арналары (барлық арна) аузына су құйылғандай үндемейді. Тәуелсіздік күніне 20 жылда әзер дегенде дені дұрыс бір концерт қойылды. Оған дейін «Тәуелсіздік күні құтты болсын» деген «шапкадан» ары аспайтын. Наурызда бір студияға тығылып, ұлттық костюм кигендеріне мәз. «Неге бұлай?» десең «бюджет жоқ» дейді. «Неге бюджет жоқ?» десең «Бұл күндері рейтинг жоқ» дейді. Ал Жаңа жылдық бағдарламалар ең жоғары бюджетке, ең жоғары рейтингке ие. Неге? Халық сұранысы шынымен сондай. Оның дәделі «мен жаңа жылды тойлай берем» деген сіздердің мақтанып айтқан сөздеріңіз. Ұсыныстың сұранысқа құрылатынын мен айтпай-ақ білесіздер. Орыс тілі анық басымдылық көрсетіп тұрған шақта ПАПАЛАР «Наурыз, Тәуелсіздік күнін тойламай-ақ қояйық, халықты біріктіретін Жаңа жылды тойлай берейік» десе, қарсы айтар уәжің де қалмайды. Ары қарай Хэллоуин, Рождество, Пасха және т.б. енеді. Сосын мен қазақ едім деп қалай айта аласың. «Ерден ердің несі артық, ептестірген сөзі артық». Ұлттан ұлтты ажыратудың басты белгісі — салт пен тіл болса, біз одан жұрдай болып барамыз. Бар айтайын дегенім сол еді.
aikarakoz
ТВ саласында жүрсеңіз, Тәуелсіздік пен Наурызда елдің аузын аңқитып, рейтингті аспанға бір-ақ апаратын дүниені СІЗ жасаңыз. Дені түзу бағдарламаның жоспарын ұсынсаңыз, жүзеге асыратын шығар…

Қайта салтымыз жаңғырып жатыр, байқасаңыз. Қыздарды күйеуге ұзатып жібереді, ұлдың сүндет тойын жасайды. Тіпті дүниеге келген сәбиге қазақша, мағынасы зор есімдер қойылуда.

Дінді жоқ деп өскен Кеңес кезіндегі жастар қазір ата-әже болатын жасқа келді. Оларға ешкім салтты шұқып көрсеткен жоқ. Оларға не дей аласыз?

Көш жүре түзеледі…
Peliko
«Дені түзу бағдарламаның жоспарын ұсынсаңыз, жүзеге асыратын шығар…» — Қарапайым адам идея әкеліп, соны үлкен арналар іске асырады деген кинода ғана. Біздің ТВ мүлде басқаша жасалады. Мемлекеттік тапсырыс деген бар.
Қызды ұзатып, ұлды сүндетке отырғызса — бәсекелестік. Сән қуу. Қыз ұзатудан құр сүлдер қалған. Қазіргі ұзатуда әкесі қызымен билейді, үйлену тойда гүл лақтырады, беташарда күйеу мен келін бір жерде тұрады.
Мағынасы зор есімдер қойылса — ол да сән. Кезінде еліктегіш қазақ қызын Томирис, ұлын Дамир деп атаған. Оның қазақшасы Тұмар екенін айта-айта, жаза-жаза бір-ақ қабылдады. Оның бәрі ПРОПАГАНДАНЫҢ әсері. Ал қазір Наурыз бен Тәуелсіздік күнін СӘНДІ МЕРЕКЕ етпесең ұмытылып кетеді. Алайда Наурыз бен Тәуелсіздік күні ат төбеліндей адамдардың бас қайғысына айналған.
Aldeken
Не ғо, Перизат, ұлтты былай қойғанда туған бауыры үшін балтыры сыздамайтын адамдар қатары көбейген заманда салт пен тілдің тазалығы үшін атой салғаның жақсы, дегенмен, бар қазақтың мұңын бір өзің арқалағандай болудың қажеті шамалы секілді.
1. Сын дедің. Хош, оған да көнейік. Бірақ, қарап отырсаң, қазақты сынайтын кім? тек қана қазақ. Қарап отырсаң, жалпы қазақ екіге бөлінген секілді әсер қалады: бірі сыншы, екіншісі сыналушы. Бір-бірімізді сынап-мінеумен өмір өтіп жатыр.
2. Сенің сыныңа арқау болған Наурыз бен Тәуелсіздік күнін тойлаудың қалыптасқан үрдісі сын көтермейтін болса, онда неге дәл осы жерде тап осы өлең жолдарыңда сол мерекелерді тойлауды қалай ұйымдастыру керектігі жөнінде ұсыныс айтпасқа?!
3. Сенің жеке басыңа айтқаным емес, дегенмен, жалпы қазіргі қоғамда қазақтың азғынданып бара жатқаны туралы сын айту — белгілі бір дәрежеде сыншының көкірегі ояу, көзі ашықтығын көрсететіні секілді тренд қалыптасқандай әсер береді. Бірақ, сын айтқан жақсы, дегенмен сын конструктивті болса, яғни кемшіліктерді айта отырып, оларды түзеудің ұсыныстары қатар берілсе, көңілге қонымды, ақылға сиымды болар еді. Бұл әрине жеке пікірім.
4. Хэллоуин мен Жаңа жыл турасында. Жаңа жылды өз басым қарапайым ешқандай ұлттық, діндік, нәсілдік сипатқа ие емес мереке есебінде қабылдаймын. Себеп, бұл мерекенің басты ерекшелігі күнтізбелік жылдың ауысуына байланыстылығында. Европалықтардың өзі, бұл мерекені қатардағы мереке есебінде қабылдап, негізгі жаңа жылдарын рождество мен сочельниктерінде тойлайды. Бірақ, бұл мерекеден де бас тартып отырған жоқ. Жаңа жылды мерекелеуден бас тарту Грегориан күнтізбесін қолданудан бас тартқан кезде ғана мүмкін болады деп есептеймін, өз басым. Ал, шырша, маскарад дегендерің Наурыздағы ұлттық киім мен наурыз көже секілді атрибуттар ғана. Хэллоуинді тойлау негізі ұлттық санасыздықтан гөрі, саналы түрдегі мәжбүрліктен туындайтын секілді. Неге? себеп оны тойлайтын осы жердегі бір пікіршінің айтқанындай немесе, ағылшын тілін үйренуге бет бұрған жастар немесе, кейбір типі трансконтиненттік компаниялардың әлем бойынша сансыз клерктерінің бірі болу «бақыты» бұйырған отандастарымыз. болды. Біржаманы тап осылар ең болмаса, Перизат, сенің ашынып айтқан мына сөздеріңді түсінуге де қауқары жоқ. ендеше Хэллоуин туралы сыныңды жарға айттым деп есептеуіңе толық мүмкіндігің бар.
Уооот, солай… менің ойым.
VKM
Алдекен, сіз сондай әйбәт адамсыз, аналитиксіз жазғаныңызға толық қосыламын
aza
Тұлғаның өзін мақтау үшін жазғаныңызға толық қосыламын деу шарт па?!
aza
Шешеееккк шыққ… Алдеке, неге керек осылай?! Жас баланы жәбірлеп?! Айт, Перизат, айта түс, сенің де өз пікіріңді пункттерге бөліп, қарсы дәлелдер келтіре отырып жазуға толық құқың бар! Сыналар тұсың осы, Перизат!
Aldeken
Не ғо, Аза, қызғаныш деген жаман қасиет, негізі… )))))))))))))
Перизатты жеңем деп емес, пікір алмасамын деп жазып отырмын. Жәбірлеу үшін емес, өз ойымды айту үшін жаздым…
Әрі ойна, опшым… )))))))))))))
Peliko
1. Орысты орыс, қытайды қытай сынамайды деп кім айтты? Жаны ашығасын сынайды. Алайда қазақ үшін қашаннан қалыптасқан тенденция қазаққа орыс, ағылшын, өзбек келіп сын айтса ғана тыңдалады. Қазақ айтса — көре алмаушылық болады.
2. Қалай ұйымдастыруды білмейсің деп жатқан ешкім жоқ. Халықтың бойкүйездігі айтылды. Жаңа жылға осынша шашылып, төл мерекелерге Кеңестен қалған концерттер ұйымдастыра салатыны жанды ауыртады.
3. Конфуцийдің «не екенін айтпа, қалай екенін айт» дейтін сөздері менің де ұстанымым және қалай екенін көрсетіп те жүрмін.
4. «Европалықтардың өзі, бұл мерекені қатардағы мереке есебінде қабылдап, негізгі жаңа жылдарын рождество мен сочельниктерінде тойлайды. Бірақ, бұл мерекеден де бас тартып отырған жоқ» Уоооот, мәселе қайда! Олар Тәуелсіздік күнінен бұрын жаңа жылдық әрлеу жасамайтын шығар. Тек Қазақстанда ғана қарашаның аяғынан бастап әрлей бастайды. Мәжбүрлеу емес, мәңгүрттік.
Жарға айтып отырғаным онсыз да белгілі. Алайда тым құрыса бір қазақ ойланып қалса деген үміт бар.
А, пысы бар екен ғой: Жалпы қазақ үшке бөлінген. Сынаушы, сыналушы және сынаушыны сынаушы.
Aldeken
Перизат, не ғо, сені көре алмай отыр деген ойдан аулақпын. Реалдағы жүзі таныс, қайсарлығы көзге ұратын қарындасым ретінде білетіндіктен, қисық кеттің, қате айттың демеймін. Бірақ, қай әрекетті де атойлап жасағаннан гөрі, арық айтып семіз шыққан дұрыс деп есептеймін.
Ендеше, салт пен дәстүр күнделікті өмірге дендеп енбейінше, қазіргі заманауи өмірмен бейімделіп, үйлесім таппайынша, Наурыздағы дәстүрлі көріністер, тап сол показуха есебінде бола береді. Қанша жерден әрлеп, әспеттеп берсең де, халықтың күнделікті өмірімен үйлеспейтін нәрсе, өз деңгейінде қабылдануы екіталай…
Тәуелсіздік күнгі концерттер мен жаңажылдық думандарды әзірге салыстыруға келе қоймас, себеп концепцияның әртүрлілігі. Рас, 31 желтоқсандағы Жаңа жылға дайындықты қарашадан бастап, 16 желтоқсандағы Тәуелсіздік күніне жоғарыдан тоқпақтап тұрып міндеттелген 1-2 плакатты 14 желтоқсан күні кешке іліп, 17 желтоқсан күні таңертең алып тастауға асығатын үрдіс бар. Бірақ, мұның сырын мен қазақтардың бұл Тәуелсіздіктің қадірін әлі түсіне білмегенінде деп білемін. Былайша, айтқанда, тәуелсіздік бізге «алма піс, аузыма түс» дегендей ойда жоқта берілген тосынсыйдай келді. Рас, оны ғұмыр бойы армандап, көре алмағаны, көргені бар, ат төбеліндей аз топ болды. бірақ, жалпыхалықтық, ұлттық деңгейде көксеу, оның азабын тарту үрдісі бізде болған жоқ. Оңай келген олжаның қадірі болмайтыны секілді, тәуелсіздікке де үстіртін қарайтынымыз сондықтан шығар. Не десек те ол саналық деңгейдегі мәселе.
А, пысы бар екен ғой: Жалпы қазақ үшке бөлінген. Сынаушы, сыналушы және сынаушыны сынаушы.
келіспеймін. себебі, сынаушыны сынаушы жоқ бізде, сынаушы мен сыналушы белгілі бір уақыт межесінде немесе тап сол мезетте орын ауыстырып отырады. Опшым, екі жақ та бір-бірін сынаудан шаршамайды, екеуміз сияқты… ))))))))))))))
Peliko
Мен не деймін, домбырам не дейді? «Ендеше, салт пен дәстүр күнделікті өмірге дендеп енбейінше, қазіргі заманауи өмірмен бейімделіп, үйлесім таппайынша, Наурыздағы дәстүрлі көріністер, тап сол показуха есебінде бола береді» Уоооот! Мәселе ЖАРНАМАДА! Сәнге айналдыруда!
Abilakim
керосин, бензин, арзан…
Aldeken
Мен не деймін, домбырам не дейді?
Енді айтып отырмыз ғо, жарнамала, ұтымды ұсыныстарыңды айт деп…

Пы.сы.
Не ғо, Тәуелсіздік күнін де, Наурызды да тойламайтын әсіредіншіл, ұлты жоқ діні барлар туралы не айтар едің?…
Abilakim
«квеншиктар бір бірін жеп жатыр» деп қарап отырсаң ә
Aldeken
Міне, бір қарасаң Астана мен Алматы секілді қырылп жатқан, ал, түптеп келгенде Ақтөбе мен Қарағандының пікірталасы екенін байқамайсың, ия?
aza
Меніңше, Перизат аздаған басымдықпен ұтқан секілді… Қазір оның бір жауап қайтаруы кем. Соның өзінде ол ұтымды жауаптасты… Алдеке, қарттық кейде жалғыз келеді деуші еді ғой…
Aldeken
Не ғо, кішкентай баланы ыстық шәугімге жүгіре бермеуі үшін, ысқылтым қақпағын жалаңаш көтеніне басып алатын үрдіс бар ед, бізідң жақтың тәрбиесінде… Тілімді қышытпай отыршиш, қасқа бала… Тектен-текке қыршыныңнан кетіп қаларсың…
Тағы қайталап көрсетейін, шел басқан көзіңе
Не ғо, Аза, қызғаныш деген жаман қасиет, негізі… )))))))))))))
Перизатты жеңем деп емес, пікір алмасамын деп жазып отырмын. Жәбірлеу үшін емес, өз ойымды айту үшін жаздым…
Әрі ойна, опшым… )))))))))))))
Abilakim
үйге кіріп кете беретін күшіктердің құйрығын табалдырыққа қойып ұш жағын балтамен шауып түсіретін әдісті қолдануыңызға да болады.
Aldeken
кетей, құрысын, керейлер мен кещелерге өтеу төлейтін жағдай жоқ… ең болмаса, үйленіп, ұрпақты болсын, одан кейін қоймай жатса, көрерміз, балта да бар, табалдырық та боп қалар…
salta
Аза, бауырым, жоғарыда жазылған көөөөөп әріптің басын ғана оқып, ненің не екенін бірден білуге болады. Керекке «жеңу» мен «жеңілу» ұғымын неге енгізесіздер? түсінбеймін… өз ойын айтты екен, келісесің яки келіспейсің оны әркімнің өз еншісіне берелік.
Abilakim
сіз айтқанша байқамаппын)))
Armanjan
негізінде Алдекең мырзамен көп пікір таластырмаған дұрыс. Әйтпесе оның қолақпандай пікірлерін көз майыңды тауысып оқып отыруға тура келеді(кішкене әңгімеге араласа отырайын да)
aza
Арманжан, пікіріңді бізге таңба! Алдекеңнің маған ғана әлі келеді осы отырғанда)))))))))))))))))))))))))))))))))))))) Перизатқа айтам, Алдеке, маған көп қожаңдай бермеңіз!)))
aza
Айнааалайын, Алдеке!!!
Ел жақта қалған Кещелерім есіме түскенде арсалаңдап өзіңе еркелеп алам… Дархансыз ғой, кеңсіз ғой Маңғыстаудың өзіндей… Ана төбесі тесік Керей қызының мына айтқаны жөн-ақ: Алдекен, сіз сондай әйбәт адамсыз және сол пікірге мен де толық қосыламын
Abilakim
Ана төбесі тесік 
ол қыздың тесіктерін неге түгендеп жүрсің?
aza
Еее, Әбеке, бұл жерде Сіз білмеуге де тиісті нәрселер бар…
Abilakim
міне, бұл баяғы керек қой)))
VKM
Ана төбесі тесік Керей қызының мына айтқаны жөн-ақ: Алдекен, сіз сондай әйбәт адамсыз және сол пікірге мен де толық қосыламын
өзің сондайсың
Aldeken
Менің бір апам (әпшем, тәтем, сестрам), Алматыға алғаш келіп, базарда жүргенде бір Шымның жігіті "Қарындас, жүдә әдемі екенсіз" дегенде орысша оқыған апам, «Ты кого жидом назвал?» деп шатақ шығара жаздаған…
Не ғо, ВКМ, төбесі тесік дегенге ренжудің қажеті жоқ. Біздің жақта төбесі тесік деп, жалпы ақылы, түйсігі бар адамды айтады.
Уооот… а так, 26-ы күні келмегенің дұрыс болмады, негізі…
Abilakim
қазақша түсінетін басқа ұлт өкілдеріне көп қолданылады біздің жақта.
VKM
мені апармай қойды
Aldeken
Тәәәәк…
Ал, бізге, «келе алмаймын, басқа жерге барам, бос емеспін» деп айтты деді ғо, біреу…
Abilakim
бұл бала қызғаншақтау болды -ау…
Aldeken
иә, иә, қойдым. Қалай десең де Перизаттар чемпион, біз вице-чемпион болдық қо, 2007-де… еее, дәурен-ай…
Adiletshu
Жаңа жылды да, Наурызды да тойламаймын. Құрбан айт мубарак болсын, мұсылмандар!
VKM
Хеллоуинді тойлап жіберейік)))
aza
Елді бұзбай отырсаңызшы… Сіз айтсаңыз, «ее, осыныкі жөн екен» дейтіндер бар осында…
VKM
қуғым келіп еді.Керек бұрынғыдай болса ғой
aza
"… ол бұрынғыдай… Біз ғана есейген!" ©
Abilakim
бұрынғыдай неге қылмасқа? күн шығыстан шығып батысқа батып жүр, бұрынғыдай
Tyulpan
тойласақ тойлап жерик йахууууууууууу )))
aza
Әні, кетті?!
Tyulpan
кетті. қуғанды мен де жақсы көрееееееееееееееем. бұрын джынды қуатын едік…
Abilakim
қуған жетпид, қашқан кетпид деген рас па екен?
Tyulpan
Әбіләкім мырза, хәппи хәллоуин
19852407
Жүйкесі мықтылар тойлайтын мереке ғой, бетін әрі қылғыр
aikarakoz
Туған күннен қалған кәстөмдер бар, тойлайтын сияқтымын ғо
aza
Гримсіз де хәллоуинәлпеттілер кездеседі ғой…
aikarakoz
Біле тұра, мойындамай күйдіреді ғой құрғырлар…
edige
}{елуйнді Қазақ тойламайды және де тойлағанын көрмеппін, өзім де дайындалған емеспін…
Қазақ деген кезді басты ойлаған ойды алдын ала шешіп алуымыз керек… Діни тұрғыда болса онда бұл жалған пәниде тойлаудың өзіне қарама-қарсы…
Наурызда қазақша киініп көшеге шығамыз, ат мінеміз, көже ішеміз, бір-бірімізді құттықтаймыз… Ал жаңа жылда шыршаға мінәжәт етіп жатқан да қазақты көрмедім де… Сондықтан мына шумақтардың қазақ атаулыға жалған намыс сыйлайтын жолдар екені өздігінен дәлелденді…
Onlasyn
}{елуйнді Қазақ тойламайды және де тойлағанын көрмеппін,
Ал жаңа жылда шыршаға мінәжәт етіп жатқан да қазақты көрмедім де
Автор көргеннен кейін жазған шығар,
Abilakim
сіздің мына сөзіңізден кейін «автордың көргені көп екен» деген тұжырымға кеп отырмын
Peliko
Шынымды айтайын, көрген жоқпын. Таңертең жаман көңіл-күймен ояндым да алақанымды ысқылап, «ой, қазаққа тиіспегелі көп болып еді, бір қырғын салайын» дегем. Сосын ойыма бірінші келгені осы болды )))
Abilakim
мүмкін сізге күйеуге тию керек шығар?
Peliko
Ойбу, тапқан ақылының түрі. Мен күйеуге тигелі қай заман.
Abilakim
онда бұл ем сізге жарамайды екен))))Онда күйеуіңізбен ұрсысыңыз
Peliko
Қарапайым қатын-ұрыс деп қабылдасаңыз Сіздің еркіңіз!
aikarakoz
Жеке өмірге үңілудің жаңа түрі?
Marco
Діни, ұлттық сипаты жоқ мереке ғой жаңа жыл деген. Мына кісі бір шығармаларында, ол тіпті түркілердің мерекесі дейді. Сайтынан іздеп табу керек оны, өзім ерініп отырмын. Еріккендер қарап шығыңдар )))
salta
мынаған қараңыздар))))))) Перизат сіңілім, мен былтыр балаларыммен үйде хэллоуин ойнадық. артынан жолдасым қосылды. күлдік, ойнадық, біраз қызыққа баттық. биыл ол мереке туралы мүлдем ұмытып та кеттік. Хэллоуин қаныма сіңіп, сүйегімді мүжісе келіп мұрнымды кесіп ал))) Қырт әңгіме! осыны жазып, өзің жарнамалап та жібердің. Мұндай жалаң патриотизміңмен әрі ойнасаң да болады, мында отырғандардың бәрі «сен тұр, мен атайындар», боқ мұрын, тоң мойындар емес. мына суретті тағы қоям))) минуста ал!
Peliko
1. «Үмбетімнің кейбір мәселелерде әр түрлі көзқараста болуы – рахымдылық» деген екен сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.).
2. «Мұрнымды кесіп ал» деп кімді мұқаттым деп отырсыз? Тоңмойындардан күнде естіп жүрген сөзіміз.
aza
Пәлі, Перизат!, айтыңқыра! Лайктадым!
Abilakim
Перизат переді екен дейсіз ғой))
Aldeken
перуде басың қалсын, Әбіл! ))))))))))))))))))
AKY
кереді екен демегеніне шүкір )
Aldeken
не ғо, Аза, жалпы кішкентай кезіңде, түнде тұрып, әжетханаға барып келгесін, мамаңды оятып, «мама, кіштеп келдім» деп есеп берген шығарсың, ия?
Armanjan
жалпы осы көбінесе Перизат есімді қыздар пысық боп келед.
Marco
1. «Үмбетімнің кейбір мәселелерде әр түрлі көзқараста болуы – рахымдылық» деген екен сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.).
Даудың бәрі бекер ғо…
salta
уахахаха!)))) «Тоңмойындардан күнде естіп жүрген сөзіміз.» — мына сөзіңізге қарасам, түзейтін емес, күзейтін, өзінен басқаның сөз жөн көрмейтін, өр көкірек «редактор» туылып келе жатыр ма деп ойлап қалдым. ха-ха-ха! ұрыспайық, жолың болсын!
bazuka
балаларыңыз тәтті болып тұр, жүздерінде қуаныш!
Tyulpan
жанұяларымен жабылып жатыр ма? хихи
VKM
Салтаааа,қайда жүрсіз? Сағындырып)Бос уақытыңызда келіп біраз шу шығарып кетіп жүрсеңізші,әйтпесе біртүрлі тыныш болып кетті
salta
жаным-ау, рахмет! сен іздемесең осы  жүрмін, күйбең тіршіліктің құлы болып…