спорт жұлдыздары ғой адамды патриоттандыратын, рухтандыратын. мен Мұстафа Өзтүріктен кейін осы Қанатты көремін сондай символ ретінде. айтып тұрғандары рас, қазақ ұсақталып кетті. қонақжайлық, батырлықтан түк қалған жоқ. құлдық сана әбден өтіп кетті қанға.
Біләә, ертең бұл Қанатты да жерден алып, жерге салатындар шығатын шығар.
Қытайда жүре бермеді ме, қайда жүрсе де, қай елдің атынан шықса да қазақтың баласы жеңіске жеткеніне қуанып жүре берер едік, біздегілер Қанаттың бағын босқа байлаған сияқты деп ойлаушы едім. Сөйтсем, Қазақстан туының астында өнер көрсетуді спортшы атаулының бәрі армандайтын Олимпиадаға қатысудан да артық санайтын жігіт екен. Кәсіпқой боксқа ауысып, АҚШ-қа кетті деп жатыр еді. Сәттіліктер тілеймін
Шиншалло кетті деп шулап жатыр бүкіл ел 2-күн бойы. Ал ол болса "ұлтым қытай" деп куәлігінің көшірмесін салады…
Фараның сілтемесінен кейін ғана көрдім. Сенсация қуып жүрген журналисттерге қарайды ел… Қайдан білсін ел ішінде арыстарымыздың жылап жүргенін…
Маған ең ұнағаны, 2008 жылы Олимпиадада біздің бапкерлер Бақыт Сәрсекбаевақа орысша ақыл айтып жатқан кезде, Қанаттың бапкері қазақша кеңес берді. сол кезде шын жылағанмын. Қайда жүрсе де қазақ болып қалған азамат!
Біздің буыннан да қайыр жоқ, себебі, біз де көрдік теперішті, біз де көрдік төмпешті.
… біздің міндет балаларымызды жанының қазақ болатынындай, жүрегінің қазақ деп соғатындай етіп тәрбиелеу…
Аршаттың, Марконың өткенде айтқан ұлдарына қатысты мысалы үлгі болуы тиіс…
Қанаттың нағыз ұлтжанды тұлға екенін сол 2008 жылғы Олимпиадада байқап едім. Серіктің жеңісіне балаша қуанып, қайта-қайта құшақтап алтынды өзі алғандай әсер қалдырған еді. Батырымыздың сөзінің жаны бар. Анау өксіктің астарында біздің шенеуніктерден де көрген қорлығы бардай сезіндім…
Қазіргі билікті жағалап жүргендер кезіндегі жалшы-жақыбайдың ұрпақтары ғой. Құлдан құл туады. Олардың санасы құлдық санадан ешқашан арыла алмайды. Ығай мен сығайды атты, құртты, сөйтіп марқасқалардан ұрпақ аз қалды. «Шаш ал десе бас алатындар» құртты (құртып та жатыр)біздің халықты
«бас-басыңа қыз қайда, кейбіреуің қатын ал» деген сөз жүретін біз жақта…
Әлі марқасқалар онша атыла қоймаған, шартты түрде қой үстіне бозторғай жұмыртқаламағанмен соның ишарасын жасап жүрген 1920 жылдары Қазақ АКСР-і құрылған кезде республиканың басшылығына Әліби Жангельдин ұсынылған екен. Бірақ, осы бір ұсыныс Кеңестік дәуірдің күн көсемі Лениннің аузынан шығар-шықпастан қазақ жерінен Лениннің атына үшбу хат келіпті. Хаттың қысқаша мазмұны «Біз қазақ деген жалпы үш жүзге одан қалды руларға бөлінетін елміз. Әліби Жангелдин пәленше рудың өкілі, ертең басқа ру өкілдері оған бағынудан бас тартуы мүмкін. Сол себепті, қазіргі большевиктердің мемлекеті жаңа құрылған уақытта Қазақ жері бөлініп, бөлшектенбес үшін, біздің басшылыққа мүмкіндігінше басқа ұлт өкілін қойған дұрыс деп санаймыз» дегенге саяды екен. Осылайша, қызыл империя Кеңес үкіметінің өзі қазаққа қазақ басшы қоймақшы болғанда өзіміз бас тартып, елді басқаруға Паустовский деген поляк жіберілген. Осыдан кейін-ақ, ойбай репрессия болмағанда еліміз тек асылдың сынығы мен алтынның жұрнақтарынан тұратын еді, жағамыз жайлауда, көйлегіміз көк, ауызбіршілігіміз көп, ел басқарушылар тек елдің болашағын ойлайтын басшы болар еді, бәріне Кеңес үкіметі кінәлі деген сылтауларды естігенде қажып кетем, шыны керек…
Қыртымай, іс тындырыңдар. Бұрынғыдай текті ұрпақты өлсең де таппайсың, ендеше текті ұрпақты өзің тәрбиеле. Осыны тындырсаң, тірлігіңді ақтағаның!
менікі "Қасқа айғырдан қасқа құлын тумаса да, төбел туадыға" саятын сөз ғой. Мына жерде отырып сіз де мен де бөсе берсек болады, саусаққа ерік беріп. Дегенмен "қанша жақсы болсада тартпай қоймас негізге" дегенді де біздің аталарымыз айтқан екен. Негізінің, өзегінің жақсы болғаны дұрыс қой.
Бұрын андай едік,қазір мұндаймыз деген мүжілу емес менікі. Қазақтың әргі бергі тарихында бір-бірін балақтан тарту қашанда болған екен. Ол үшбу хаттың түпнұсқасында кімдердің аты жазылғанын біздер білмейміз. алашордашылар секілділер мен қызыл комунисттер арасындағы алауыздықтың нәтижесіндегі хаттар ма, әлде шынымен подстава хат па кім білсін.Саясаттың құйтырқылығына біздің құрық бойлай қоймас.
Алдекең Абыз ғо, Абыз. Ә десең болды, небір түрлі сөздерімен қол-аяғыңды матап тастайды. Бөлтірік шешеннің тұқымы дерсің. Осындай азаматқа бірнеше қызды жанастырып, көбірек тұқым алып қалуға әрекет жасау керек. Болашақта нағыз Әлихандар мен Әлібилерді өмірге әкелетін адам.
Не ғо, Арманжан, жалпы мақтауыңа рахмет, әрине… Дегенмен, көңіліңе келмесін, кіндігімнен тарған ұрпақтың жауапкершілігін қатты сезінетіндердің қатарынан едім…
Бір жағынан, «бала жатырына тартады» деген де сөз бар, оған сенсек, текті ұрпақты дүниеге әкелу үшін ұрпағыңның анасының текті болуы шарт екенін де ескеру қажет.
дееееееееей келе, өзімнің келіншегімнің төре тұқымы, Әбілқайыр ханның ұрпағынан екенін де жасырын жарнамалап кетейін…
Тіпті Алдекеңе бір пост арнап жіберсем шыбын шаққан құрлы болмай аздық етіп қала ма деп ұялып отырмын. ТВ-ны қосып КВН тамашаласаң, 50 пайыз сахнаны көрсетсе, 50 пайыз Алдекеңді крупный планда көрсетіп жатады, мұның өзі тегіннен-тегін емес деп ойлаймын, бүгінге осымен мақтауымды доғарайын, Алла амандық берсе ертең жалғасы болар!!!
негізі елсақшыдағы да копипаст. қысқарған. бір бағдарламадан көрсеткен баа сондай. кеше бір пікір тұрған. типі толық нұсқасын салмағандарыңыз өкінішті деген сияқты. бүгін жоқ…
Қанат жақында Майямиға ұшып кетті, өз еліне келіп, қандастарынан жылулық таба алмаған қандасымыз осылай америка асып кетті. Қанаттың Лондон олимпиадасында қазақтың намысын қорғасам деген арманы орындалмай қалды. ОҒАН КІНӘЛІ БІЗДІҢ ОРЫСШЫЛ БИЛІК.
Қанат елімізге келгенде шенеуніктер оған Қазақстанның азаматтығын бермей зар қақсатқан, тек Қанат Қазақстанның азаматтығын Лондонға жақындағанда алып, олимпиадаға қатыса алмаған. (бір елдің атынан шығу үшін АИБАның заңы бойынша ең аз дегенде 2 жыл сол елдің азамат болуы керек).
ал ана дүнген орыстарды арнайы шақырып алып, бірден Қазақстанның азаматтығын беріп оларды еліміздің атынан Лондонға апарды.
Біреу айтыпты ғой, қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына күйінемін деп, сол сияқты мен де Қанаттай қандасымның ана дүнген, орыс құрлы қадірі болмағанына күйінемін....
Құлдық сананың үлесі де бар шығар, қазақтың іштарлығы, құлқын құлдылығы, көреалмаушылығы себепкер деп ойлаймын. Себебі қазір әркім өзінікін пихат етіп әуре болып жүр, кейін менің арқамда деп айту үшін.
Қытайда жүре бермеді ме, қайда жүрсе де, қай елдің атынан шықса да қазақтың баласы жеңіске жеткеніне қуанып жүре берер едік, біздегілер Қанаттың бағын босқа байлаған сияқты деп ойлаушы едім. Сөйтсем, Қазақстан туының астында өнер көрсетуді спортшы атаулының бәрі армандайтын Олимпиадаға қатысудан да артық санайтын жігіт екен. Кәсіпқой боксқа ауысып, АҚШ-қа кетті деп жатыр еді. Сәттіліктер тілеймін
Фараның сілтемесінен кейін ғана көрдім. Сенсация қуып жүрген журналисттерге қарайды ел… Қайдан білсін ел ішінде арыстарымыздың жылап жүргенін…
"… Алуан тағдыр берілген бұл адамға
Тұлпарынан Ер жігіт құлағанда,
Жұбатпаңдар!!!
Ер Жігіт Өр намысын,
Қайратына жаниды жылағанда" ©
Аршаттың, Марконың өткенде айтқан ұлдарына қатысты мысалы үлгі болуы тиіс…
Әлі марқасқалар онша атыла қоймаған, шартты түрде қой үстіне бозторғай жұмыртқаламағанмен соның ишарасын жасап жүрген 1920 жылдары Қазақ АКСР-і құрылған кезде республиканың басшылығына Әліби Жангельдин ұсынылған екен. Бірақ, осы бір ұсыныс Кеңестік дәуірдің күн көсемі Лениннің аузынан шығар-шықпастан қазақ жерінен Лениннің атына үшбу хат келіпті. Хаттың қысқаша мазмұны «Біз қазақ деген жалпы үш жүзге одан қалды руларға бөлінетін елміз. Әліби Жангелдин пәленше рудың өкілі, ертең басқа ру өкілдері оған бағынудан бас тартуы мүмкін. Сол себепті, қазіргі большевиктердің мемлекеті жаңа құрылған уақытта Қазақ жері бөлініп, бөлшектенбес үшін, біздің басшылыққа мүмкіндігінше басқа ұлт өкілін қойған дұрыс деп санаймыз» дегенге саяды екен. Осылайша, қызыл империя Кеңес үкіметінің өзі қазаққа қазақ басшы қоймақшы болғанда өзіміз бас тартып, елді басқаруға Паустовский деген поляк жіберілген. Осыдан кейін-ақ, ойбай репрессия болмағанда еліміз тек асылдың сынығы мен алтынның жұрнақтарынан тұратын еді, жағамыз жайлауда, көйлегіміз көк, ауызбіршілігіміз көп, ел басқарушылар тек елдің болашағын ойлайтын басшы болар еді, бәріне Кеңес үкіметі кінәлі деген сылтауларды естігенде қажып кетем, шыны керек…
Қыртымай, іс тындырыңдар. Бұрынғыдай текті ұрпақты өлсең де таппайсың, ендеше текті ұрпақты өзің тәрбиеле. Осыны тындырсаң, тірлігіңді ақтағаның!
Бұрын андай едік,қазір мұндаймыз деген мүжілу емес менікі. Қазақтың әргі бергі тарихында бір-бірін балақтан тарту қашанда болған екен. Ол үшбу хаттың түпнұсқасында кімдердің аты жазылғанын біздер білмейміз. алашордашылар секілділер мен қызыл комунисттер арасындағы алауыздықтың нәтижесіндегі хаттар ма, әлде шынымен подстава хат па кім білсін.Саясаттың құйтырқылығына біздің құрық бойлай қоймас.
Бір жағынан, «бала жатырына тартады» деген де сөз бар, оған сенсек, текті ұрпақты дүниеге әкелу үшін ұрпағыңның анасының текті болуы шарт екенін де ескеру қажет.
дееееееееей келе, өзімнің келіншегімнің төре тұқымы, Әбілқайыр ханның ұрпағынан екенін де жасырын жарнамалап кетейін…
не ғо, онсыз да жеке басқа табынушылық бар бізде. екі басқа табынушылық артық болар… ескерткішті де өлген соң қояды ғо…
`Шалда болса тиіп ал, бас-басыңа бай қайда` дегенді естіген едім.
мыс.
Бас-басыңа қыз қайда, кейбіреуің қатын ал, бас-басыңа бай қайда, шал да болса тиіп ал десең келетін секілді, ия?
таңдаулыларға қосып қойдым…
депті мында